Оқытудың ғылымилығы. Оқытудың басты мақсаты- білім беру .Оқушылар пәндер арқылы ғылымның негіздерін үйренеді;
Оқытудың тәрбиелілігі. Оқу үдерісінде оқушылардың білім алуымен қатар,олардың дүниеге көзқарасы, адамгершілігі қалыптасып, ақыл-ой дамиды;
Оқытудың көрнекілігі. Көрнекілік- білудің , танудың, ұғынудың басты құралы ;
Оқытудағы саналылық пен белсенділік – оқушылардың оқуға ықыласпен шығармашылықпен қарауы, оқу материалын өмірде қолдана білуі;
Оқытудағы жүйелік пен сабақтастық.Оқу материалы оқушылардың жас ерекшеліктеріне ,дүниетаным қабілеттеріне лайықты бір-бірімен сабақтас, бірте-бірте күрделендіру принципімен құрылады.Бұл принциптер оқу бағдарламасын жасау жүйесін ,оқушылардың тиісті іс-әрекеттерін айқындайды;
Оқытудың түсініктілігі. Оқу материалы оқушылардың қабілетіне,ұғынуына лайықты болуы тиіс ;
Оқушылардың білімді терең және тиянақты меңгеруі – оқу үдерісінде оқушылардың алған білімін одан әрі дамытып , жетілдіруі;
Жеке оқушылардың ерекшеліктеріне сәйкес қарым-қатынас. Жеке адамдардың өздеріне тән ерекшеліктері оқушылармен дербес қарым-қатынас жүргізуді талап етеді.
Дидактикалық принциптер оқу-тәрбие жұмыстарының заңды жүйесін көрсетеді, оқытуда табысқа жетудің қажетті шарты болып табылады.
17 тақырып. ҚАЗІРГІ МЕКТЕПТЕГІ БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ
«Білім мазмұны» ұғымы.
Білім мазмұнының теориялары. Білім мазмұны – педагогикалық бейімделген әлеуметтік тәжірибе.
Білім мазмұны – тұтас педагогикалық үдерістің компоненті.
Білім мазмұнын ізгілендіру, гуманитарландыру, этнопедагогикаландыру.
Білім мазмұнын анықтайтын нормативті құжаттарға сипаттама: білім беру стандарттары,базистік оқу жоспары,оқу жоспарлары, оқу бағдарламалыры, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер(ОӘК).