І бөлім. Педагогикалық мамандықҚа кіріспе 1 тақырып. ҚАзіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық РӨЛІ


Сабақтың типологиясы және құрылымы



бет77/94
Дата27.09.2023
өлшемі194,17 Kb.
#110970
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   94
Байланысты:
І б лім. Педагогикалы маманды а кіріспе 1 та ырып. Азіргі жа

2. Сабақтың типологиясы және құрылымы.
Сабақ типтері туралы көптеген ғылыми жұмыстар арнайы жазылған.Анықтаушы белгілеріне қарай сабақтардың жіктелуінің бірнеше тәсілдері де бар.Мысалы, сабақтар былайша жіктеледі: дидактикалық мақсатына қарай (И.Т.Огородников, И.Н.Казанцев), сабақты ұйымдастыру мақсатына, мазмұны мен өткізу тәсілдеріне қарай (М.И.Махмутов), оқу үдерісінің негізгі кезеңдеріне қарай (С.В.Иванов), сабақ үстінде шешілетін дидактикалық міндеттеріне қарай (Н.М.Яковлев, А.М. Сохор), оқыту әдістеріне қарай (И.Н.Борисов), оқушылардың оқу әрекеттерін ұйымдастыру тәсілдеріне қарай (Ф.М.Кирюшкин).
М.И.Махмутов ұсынған сабақ құрылымы сабақты ұйымдастыру , жалпы дидактикалық мақсатына және оқылатын материалдардың мазмұнының сипаты мен оқушылардың меңгерген деңгейлеріне қарай бөлінеді.Осы тәсілге сәйкес сабақ бес типке бөлінеді: 1-тип- жаңа оқу материалын оқып-үйрену сабағы, 2-тип-білімдерді, іскерліктерді, дағдыларды жетілдіру сабақтары, 3-тип-білімді қорыту және жүйелеу сабақтары; 4-тип- аралас сабақтар; 5-тип- білімді,іскерлікті, дағдыны бақылау және түзету сабақтары.Бұл жіктеудің түрін көптеген теоретиктер мойындамаған күннің өзінде де, оның болашағы бар деп айтуға болады.Сабақ құрылымы мен оқу жұмысының ұйымдастыру формасына қазіргі заманғы сабақтың теориясы мен практикасының негізгі түсініктері жатады. Себебі , ол белгілі дәрежеде оқытудың тиімділігі мен оның нәтижелілігін анықтайды. Сабақтың қандай элементтері және бөліктері құрылымдық деп есептелінеді, қайсысы есептелінбейді? Бірақ та бүгінгі таңда педагогика ғылымында бұған бірыңғай көзқарас жоқ. Кейбірі сабақ практикада жиі кездесетін элементтерді бөліп көрсетеді. 1) жаңа материалды меңгеру, 2) өткенді бекіту, 3) оқушылардың білімін тексеру мен бағалау, 4) үй тапсырмасы, 5) білімдерді қорыту мен жүйелеу. Басқалары – сабақтың мақсаты оқу материалының мазмұны, оқытудың әдістері мен тәсілдері, оқу әрекетін ұйымдастыру әдістері деп қарастырады.
3. Сабақта оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың топтық, дербес, фронтальді формалары. Оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастырудың таппай түрі деп – мұғалім мен оқушылардың сыныптағы әрекетін, яғни оқушылардың бірдей тапсырманы барлығы бірге талдап, бірдей орындауы және қорытындыларын салыстыруын айтамыз. Мұғалім жұмысын бір уақытта барлық сыныппен жүргізеді, ол яғни оқушылармен тікелей байланыста болып, түсіндіру, көрсету, айту кезінде, оқушыларды осы тақырыпты қызықты етіп талқылауға баулиды. Осындай әдіс нәтижесінде мұғалім мен оқушылар арасында, оқушылар мен оқушылар арасында сенімді қарым-қатынастар орнатуға мүмкіндік береді, балаларды ұжымшылдыққа тәрбиелейді, оқушылар талдау мен сөз таластыру барысында сыныптастарының және өз қателерін түзеп үйренеді, бұл олардың әрекеттерінің белсенді болуына көмек береді. Оқытуды ұйымдастырудың жаппай формасы әртүрлі сұрақтарды көтеру, ақпараттық және түсіндірмелі шығарма, репродуктивті, шығармашылық тапсырмалар арқылы да жүзеге асуы мүмкін. Шығармашылық тапсырмалар беру арқылы оқушының жұмысқа деген белсенділігін көтеруге болады. Мұғалім тапсырмаларды әр оқушының дара мүмкіншіліктеріне қарай бөліп, сыныпты біріктіре отырып табысқа жетуге баулу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет