І бөлім. Педагогикалық мамандықҚа кіріспе 1 тақырып. ҚАзіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық РӨЛІ



бет46/94
Дата27.09.2023
өлшемі260,8 Kb.
#110982
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   94
Тәрбиенің мазмұны.

  • Тәрбиенің түрлері.

  • Тәрбиенің заңдылықтары.

  • Тәрбие үдерісінің жалпы ұстанымдары.

  • Тәрбиенің заманауи тұжырымдамалары мен бағдарламалары.



    1. Тәрбие-тұтас педагогикалық үдерістің құрамдас бөлігі. Тәрбие үдерісі - тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі болып табылады. Педагогиканың негізгі категориялары мен ұғымдарын тәрбие, білім беру, оқыту, білім беру, дамыту, қалыптастыру, әлеуметтендіру, табыстылық құзыреттілікті қамтиды.
    Адамның өз тұрмысына маңызды мән беріп, өмірлік мәні бар мәселелерді шешуге ұмтылуы - оның өз өмірін әртүрлі өмірлік жағдайлардың сабақтастығынан құралған үдеріс ретінде тануға ұмтылысы. А.Маслоудың пікірінше, адамның мінез-құлқының басты тенденциясы - оның тұрмыстық құндылықтарды іздеуі. Өмірдің мәні туралы осындай түсініктер адам өмірін нақты - тарихи жағдайлардағы обьективті міндетер мен мақсаттарға бағындырады. Демек, өмірдің мәнін ашу адамның әлеуметтік қатынастарға дұрыс ене алуын қамтамасыз ете алмайды. Адамның даралық бағыты оны өзінің субьективтілігі шегінен асырмайды, ал көпшілік немесе әлеуметшілдік бағыт адамның жеке тұрмысын кең әлеуметтік қатынастарға дұрыс ене алуын қамтамасыз ете алмайды. Адамның даралық бағыты оның өзінің қоғамдастықтардағы қиыншылықтармен, тіптен бүкіл адамзаттық мәселелерімен тығыз байланыстырады. Жеке адамның тұрмыс-тіршілігі басқа кеңірек үлкенірек адамзаттық тіршілікке кіретін болғандықтан, өмірдің құндылық негізінен әлеуметтік қоғамдастықтың, жалпы қоғамның мақсат-мүдделері мен қажеттеліктерінен іздеуді қажетсінеді. Өзінің ғана өмірімен айналысқан адам сирек жағдайда ғана өз бақытын таба алады. Өйткені адам әлеуметтік тұлға. Оның барлық тіршілік әрекеті басқа адамдармен байланысты. Көпшілдік, әлеуметшілдік тұжырымдардың түйісуі адамның өзін-өзі және басқаларды түсінуіне көмектеседі деп түйіндейміз.
    Қазіргі жалпы білім беретін мектеп тәрбие институты ретінде мыналарды қамтиды:
    -білім беретін және тәрбиелейтін мекеме, тәрбиені оқыту қызметі арқылы жүзеге асырады;
    -оқу үдерісінен тыс уақытта педагогтардың оқушылардың өмірін ұйымдастыруы;
    -әлеуметтік психологиялық топтардағы (жалпы мектеп және соның ішіндегі кішігірім топтар) педагог ұйымдастырмаған оқушылардың еркін қарым-қатынастары.
    Мектептегі тәрбиені осылай бөліп көрсету арқылы оқушылардың өзара әрекеттесу белсенділіктері жүзеге асырылып, жеке тұлғалық сапалары жетілдіріледі.
    Мектеп ашық әлеуметтік жүйе ретінде мынандай жұмыс түрлерін ұйымдастырады:
    -мектептің отбасымен қатынасын кеңейту;
    -мектептің қосымша білім беру ұйымдары, мәдени және басқа да әлеуметтік институттармен бірлескен іс-әрекеттерін ұйымдастыру;
    -педагогтардың ұйымдастыруымен оқушыларды қоғамдық ортамен байланыстыру, мысалы, мектеп түлектері, ардагерлер, мәдениет және спорт қызметкерлері;
    -педагогикалық ұжымның көмегімен өзге балалар шығармашылық ұйымдарымен біріккен іс-шаралар ұйымдастыру;
    - сабақ пен сабақтан тыс іс-шараларды мектептен тыс орындарда жүргізу: шеберханалар, зертқаналар, табиғат аясында


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   94




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет