І бөлім. Педагогикалық мамандықҚа кіріспе 1 тақырып. ҚАзіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық РӨЛІ



бет28/94
Дата27.09.2023
өлшемі260,8 Kb.
#110982
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   94
Байланысты:
І б лім. Педагогикалы маманды а кіріспе 1 та ырып. Азіргі жа

5.4. Педагогикалық ғылымдар жүйесі. Педагогика немесе педагогика ғылымы (екеуі де бір мағынада) туралы тұтас айтқанда өзара байланысты бөліктердің немесе салалардың қайсыбір жиынтығы ойластырылады. «Педагогика - ғылым» терминімен сипатталатын мазмұндық бірліктегі педагогикалық пәндер жүйесін немесе қосындысын қарастырады. Бұл пәндердің барлығына ортақ объектісі – білім беру болып табылады. Бұлардың әрқайсысы өз пәндерін бөліп алып, білім берудің түрлі жақтарын қарастырады. Бір жағынан, педагогика ғылымдарын, басқа жағынан білім беру үдерісінің үрдісінің осы немес басқа аспектілеріне қызығушылық танытатын пәндерден ажыраты керек. Мысалы, педагогикалық психология – бұл психологияның бір бөлігі, ол педагогика емес, өйткені психолог оқыту мен тәрбиелеу жағдайында адамның психикасын зерттегенде өз пәнінің аясында қалып отырады. Педагогикалық пәндерді әр түрлі негізде жіктегендіктен белгілі бір қиындықтар туындайды. Негізгі білім беру әрекеттеріне – тәрбие мен оқытуға сәйкес оларды оқып үйренетін тәрбие теориясы, оқытудың педагогикалық теориясы – мазмұнын, әдістерін және ұйымдастыру формаларын ғылыми негіздейтін –дидактика бөлініп шықты.
Педагогиканың философия, психология, әлеуметтану, физиология және басқа ғылымдармен байланысының түрлері.
Белгілі бір мағынада педагогика жеке пән бола тұра, ол зерттеу жұмысының логикасына байланысты басқа ғылымдарға да, сондай-ақ ғылыми танымның жалпы күйіне бағынышты. Педагогиканың басқа ғылыми пәндермен байланысының тетігін тек дайын педагогикалық білімдерді іргелес ғылымдардағы сол сияқты білімдермен жай салыстыру арқылы ғана ашуға болмайды. Бұны тәрбие теориясынан, дидактикадан, әдістемеден, мектептанудан және т.б. зерттеу үдерісінің түрлі типіндегі ғылымдар нәтижелерін алудың мақсаттары мен тәсілдерін талдау негізінде ғана жасауға болады. Бұндай байланыс төрт түрге бөлінеді. Ең маңыздысы басқа ғылымдардың тұжырымдарын жинақтайтын негізгі идеяларды, теориялық қағидаларды пайдалану болып табылады. Екінші түрі – ғылымдарда қолданылатын зерттеу әдістерін қолдану. Үшінші түрі – кейбір ғылымдардың мәліметтерін, олардың зерттеулерінің нақты нәтижелерін пайдалану. Төртінші түрі – кешенді зерттеулер.
Тегінде, педагогикаға кез-келген ғылыми білімдер жарайды, ол кез-клеген ғылыми пәнмен әрекеттесе алады. Бірақ солардың ішінде екі ғылым саласымен қарым-қатынасы ерекеше. Философия барлық ғылымның шығу тегі, ал психология дәстүрі бойынша және мәні бойынша педагогика ғылымының міндетті және тұрақты серігі. Бұл ғылымның екі саласының педагогикамен ара қатынасы арнайы қарастыруды талап етеді. Педагогиканың философиямен байланысы педагогикалық ойлардың дамуының біртұтас шарты. Философиялық білімдер педагогикалық зерттеуді әдіснамалық қамтамасыз етудің ұүрамына кіреді. Олар теориялық зерттеу тәжірибемен тікелей, педагогикалық болмыспен жанама, ал философиямен тікелейбайланыста болатындыұтан, педагогикалық теорияны құру үшін керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет