І бөлім. Педагогикалық мамандықҚа кіріспе 1 тақырып. ҚАзіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық РӨЛІ


Мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеттері



бет6/94
Дата15.12.2023
өлшемі311,53 Kb.
#139606
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   94
Байланысты:
Лекция 23

2.4. Мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеттері. Педагогикалық іс-әрекет нәтижесінің табысты болуы мұғалімнің тұлғалық қасиеттерімен де тығыз байланысты болып табылады. Мұғалімдердің кәсіби маңызды қасиеттерін зерттеумен айналысқан педагогтар: А.К.Маркова, Л.М. Митина, Н.В. Кузьмина, В.П.Симонов, К.С.Успанов, А.А.Молдажананова т.б.
Мұғалімдердің кәсіби маңызды қасиеттеріне мынандай негізгі қасиеттер кіреді: оқушыларға деген сүйіспеншілігі, педагогикалық үрдісті жүйелі жүргізе алуы, бақылағыштығы, педагогикалық құбылыстарға талдау жасай алуы, педагогикалық ойлаудың қалыптасуы, қарым-қатынас жасай алуы, ұжымшылдығы, шығармашылығы және т.б.
Мұғалім – өскелең ұрпақтың интелектуалдық негізін және рухани әлемін қалыптастырушы, сонымен қатар ол халқымыздың болашағы болып саналатын балалар тәрбиесіне жауапты қоғамның сенімді өкілі. Осындай аса ізгі де аса қиын кәсіп мұғалімдердің тұрақты шығармашылықты, ойдың тынымсыз жұмысын, балаларға деген сүйіспеншілікті, іске шексіз адалдықты талап етеді.
Мұғалім тұлғасын сипаттайтын негізгі кәсіби маңызды қасиеттері оның педагогикалық әдебинің көрсеткіші де болып табылыды. Тәжірибелі педагог И.Е.Синицаның пікірінше педагогикалық әдеп әр мұғалімнің жас мөлшеріне, темпераментіне, мінез-құлқына байланысты келеді. Педагогикалық әдеп – мұғалімнің ізденісінің нәтижесі.
Сонымен қатар қазіргі зерттеушілердің пікірінше эмпатия ұғымы да мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеттерінің бірі болып саналады. Эмпатия – мұғалімнің оқушылардың психикалық жағдайын, көңіл – күйлерін түсінуі, өзін басқа адамның орнына қоя алуы.
Мұғалім – өз пәнін оқытудың әдістерін жете игерген, шығармашылық еңбек ететін, педагогикалық шеберлігін үнемі жетілдіріп отыратын адам. Мұғалім еңбегінің нәтижелілігі оның табиғи дарындылығында дейтін пікірлер де бар. Сөз жоқ, дарындылық, аса қабілеттілік қай мамандықта болмасын кездеседі. Бірақ адам мамандық ерекшелігімен дүниеге келмейтіні ақиқат. Педагогикалық шеберлік – кейбіреулерге ғана берілген табиғат сыйы емес, ол үздіксіз ізденудің, өзін-қзі үнемі кәсіби жетілдірудің және озінің қалаған мамандығына деген құштарлығынан туындайтын іс-әрекеттер жиынтығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет