І бөлім. Педагогикалық мамандықҚа кіріспе 1 тақырып. ҚАзіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық РӨЛІ



бет35/94
Дата19.06.2023
өлшемі311,53 Kb.
#102333
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   94
Байланысты:
² á ë³ì. Ïåäàãîãèêàëû ìàìàíäû à ê³ð³ñïå 1 òà ûðûï. Àç³ðã³ æà

Дарындылықтың диагностикасы. Мектеп оқушыларының дарындылығы деп тұлғаның жеке бас ерекшелігі, туа біткен қасиеті, педагогикалық- психологиялық тұрғыда жан-жақты толық дамуы, ойлау қабілетінің даралығы, шығармашылық ізденістер т.б атауға болады.
Дарынды оқушының мәдени қарым-қатынас құндылықтары, тәрбиелік сапалық көрсеткіші салыстырмалы түрде жоғары болуы дау туғызбайды. Диагностика жүргізу үдерісінде оқушының білімі, рухани құндылықтары, ынтасы, еңбексүйгіштігі, тұлғалық адамгершілік қасиеттері, өзін-өзі дамыту, жетілдіру, тану дағдылары, талғампаздық, эрудиясы т.б негізге алынады.
Дарынды балалар оқитын мектептерде тереңдетілген бағдарлама бойынша, жүйелі түрде қосымша сабақтар өткізу, жаңа педагогикалық технологиялық элементтерін пайдалану, сыни тұрғыда, проблемалы оқыту әдістерін пайдалана отырып оқыту, әр деңгейдегі пәндік олимпиадаларға, конкурс-сайыстарға, республикалық және халықаралық деңгейде ғылыми – практикалық конференцияларға қатысу негізгі орын алады.
Дарындылықты анықтау критерийлеріне тұлғаның білімді толық игеруі, тапсырылған жұмысты сапалы орындауы, тақырып бойынша өз ойын еркін айта алуы, алынған білімдерді өз бетінше дамыта білу, өзіне-өзі талап қою, материалды білуге табандылық, өз ойларын баяндағанша ғылыми дәлелдеуі, ғылыми жобалармен шұғылданғанда өз бетінше іздене алуы, тапсырылған жұмысты сапалы орындауы, іс-әрекеттегі, қарым-қатынастағы мәдениеттілігі жатады.
Интеллект ұғымы адамның қабілеті ретінде түсіндірілсе де ол басқа қабілеттер арқылы жүзеге асырылады: таным, оқу, логикалық ойлау, талдау арқылы ақпаратты жүйелеу, олардың қолдану аясын анықтау, заңдылықтары мен ерекшеліктерін табу, ұқсас ақпараттармен салыстыру, т.с.с Адамның интеллектісінің маңызды сапаларына оның талаптылығы, ойының тереңдігі, жылдамдығы, логикалық ойлау, ойлаудың дәлдігі, сын тұрғысынан ойлауы, ойының кеңдігі, интуициясының дамығандығы жатады. Интеллект феноменін толық түсіну үшін оны көпдеңгейлі құрылым ретінде қарастыру керек. Себебі оны генетикалық, әлеуметтік, іс- әрекеттік, фенеменологиялық т.б тұрғыдан қарастыруға болады. Осы тұрғыларға сәйкес интеллектінің көпдеңгейлік құрылымын көрсететін мынадай анықтамаларын атап өтуге болады:

  • Әлеуметтік тұрғыдан қарастырған интеллект- әлеуметтену және тұтас мәдениеттің ықпалының нәтижесі;

  • Генетикалық тұрғыдан, интеллект- адамның қоршаған әлеммен және табиғи жағдайда әрекеттесу талаптарына бейімделу салдары;

  • Процессуалдық іс- әрекет тұрғыда- адам іс- әрекетінің ерекше формасы;

  • Дидактикалық тұрғыда- ақпаратты өңдеудің элементарлық үрдістер жиынтығы;

  • Феноменологиялық тұрғыдан- сана мазмұнының ерекше формасы;

  • Құрылымдық- деңгейлік тұрғыдан- өзін-өзі түзету факторы;

Ал қазіргі таңда кәсіби білім беру саласында интеллектің төрт негізгі түрі маңызды болып табылады. Интеллектінің түрлері: жалпы, әлеуметтік, эмоционалдық, тәжірибелік.
1. Жалпы интеллект - кез-келген өмірдегі өзекті мәселені танып- білу мен шешуге қатысты жалпы қабілет. Индивидтің танымдық үдерісінің жүйесі. Негізінде жатқан таным мен мәселелерді шешудің жалпы қабілеті.
2. Әлеуметтік интеллект- адамдардың білімі мен әлеуметтік жағдайларын және оларды әлеуметтік өзара әрекеттесуде шешу дағдысын анықтауға мүмкіндік беретін білім, білік немесе дағдыны меңгерген тұлғалық белгілерінің жоғарылығымен ажыратылатын таным түрі.
3. Эмоционалды интеллект- эмоциямен берілген ақпаратты қайта өңдеу және адамдардың өзара қарым-қатынасына байланысты ойлану және шешім қабылдау үшін эмоционалды ақпараттарды негіз ретінде пайдалану қабілеті.
4. Тәжірибелік интеллект- тұлғаның кәсіби қызмет барысында білімін тиімді пайдалануына мүмкіндік беретін кәсіптік қызметтің мазмұнды және процессуалды интегративті сипаттамасы негізінде тәжірибе жинақтауы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет