«Синквейн жазу» әдісі. « Синквейн» француз тілінен аударғанда белгілі бір ережемен жазылатын бес жолдан тұратын өлең дегенді білдіреді. Синквейн жазылу тәртібі: Бірінші жолға бір сөзден тұратын- зат есім.Бұл синквейннің тақырыбы.Екінші жолға синквейннің тақырыбын ашатын –екі сын есім.Үшінші жолға синквейннің тақырыбына қатысты іс-әрекетті сипаттайтын үш етістік. Төртінші жолға білім алушы тақырыпқа қатысты білдіретін бірнеше сөздерден құралған сөйлем.Ол қанатты сөздер,дәйексөз немесе білім алушы тұрғысынан айтылатын мәнмәтіндегі сөйлем болуы мүмкін.Соңғы жол-бұл түйіндеме,сөз тақырыпқа жаңа интерпретация беріп және оған өзінің жеке қатынасын білдіруге мүмкіндік береді.Мүмкіндігінше синквейннің тақырыбы эмоционалды болуы тиіс.
«Ақыл картасы» әдісі.Ақыл картасымен жұмыс істеу технологиясын Тони Бьюзен қатысушылардың визуалды ойлау қабілетін дамыту үшін құрастырған. Ережелер орындалуы керек.Қағаз көлденең жатуы тиіс.Ең негізгі элементі ең ортасында орналасады.Осы карта туралы адамның аты, кітаптың атауы, жоспардың атауы.Орталық міндетті түрде түрлі-түсті болуы тиіс,кем дегенде үш түсті.Ал қалғандары осы орталықтың айналасында орналасады.Карта-бұл ағаш. Тұтастық –ол дөңгелек. Дөңгелек –тұтастықтың белгісі. Барлық тақырыпшалар міндетті түрде бір-бірімен байланысты болуы керек. Әйтпесе ол карта емес,тағы мәтін болып кетеді.Әсіресе центрдегі тақырыпты басқа тақырыпшалармен байланыстыратын сызықтар маңызды.Бұл сызықтар әрқайсысының өзіндік түсі, формасы болады және бұл сызықтарда сөздер ( тек сөйлем емес) жазылуы мүмкін.Мысалы, тақырыпшаларды гүл түрінде құрастыруға болады.Жасыл түсте –аса маңызды емес шаруалар, көк түсте- міндетті шаруалар ,қызыл түсте –шұғыл шаруалар. Суреттер ақыл картасындағы ең маңызды элементтер, осының арқасында картаны оқу және түсіну біршама жылдам болады. Әрбір маңызды желі немесе тораптан келесі топиктардың желі сызықтары тарайды ( бұл, мысалы, шеңбер немесе сопақша немесе ромб).
Өзгертілген дебаттар.Бұл дебат нысанының белгілі бір элементтерін пайдалану немесе ережелеріне бірз өзгерістер енгізілген дебат түрі. Сөйлеу регламентінің қысқаруы, командадағы ойыншылар санының көбеюі, аудиториядан сұрақ қою мүмкіндігі бар, тайм-аут кезінде аудиториямен сөйлесуге мүмкіндік болуы, ойынның соңында ымырашыл, дұрыс шешім қабылдайтын топтың құрылуы, оынның жүргізушісі мұғалім болады.
Эссе- шығарма жанрының бір түрі.Эссе дегеніміз ( фр.тіл essai-тәжірибе,лат.т.exgium- құрау) – философиялық, әдеби ,тарихи,публицистикалық , әлеуметтану,саяси және т.б.саладағы ғылыми емес, автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін. Эссе шығармашылық еркіндікті көздейді. Кез-келген тақырыптың еркін стильде жазылуы,оның ең негізгі көркемдігі болып табылды. Эссе- автордың жеке басының ойы,сезімі ,әлемге деген көзқарасы.Бұл шығарманың басты мақсаты.
Әдеби эссе- эссе түрлерінің ішіндегі ең күрделісі. Эссенің әдеби тақырыбы таңдалған жағдайда авторлық ұстанымға сүйенуге және өзіндік көзқарасты тұжырымдау ұсынылады.Тезистерін әдеби туындыларға сүйене отырып, дәйектеу қажет.Әдеби эссенің масаты, өзіндік жазылу ерекшеліктері бар.Мақсаты, жазылу ерекшеліктері эссе тақырыптары арқылы айқындалады.