6-жаттығу
Өздерің ойлап табыңдар.
Берілген баяндауыш бойынша сұрақ орнына тиісті толықтауыш тауып, сөйлем құраңдар.
(кімге?) көмектесемін.
(нені?) орындадым.
(неде?) бар.
(неден?) түстік.
(немен?) таныстық.
7-жаттығу
Мәтінді түсініп оқыңыз. Анықтауыш қызметін атқарып тұрған сөз таптарын ажыратыңыз.
1. Сөйтіп менің студенттік дәуірімнің алғашқы күндері өте бастады. 2. Университетке, оның биік-биік аудиторияларына бойым үйреніп, оқушылардың аты-жөнін біліп, біртіндеп көшелі студент қатарына қосылып келе жаттым. 3. Өстіп отырғанымызда бірнеше минут өтті. 4. Осындай ойлар жалғаса береді. 5. Соғыста жеңіл нәрсе, жұмсақ зат ұстап көрмегендіктен аудиторияда қолыма ілінгеннің бәрі жеп-жеңіл көрініп, не құлатып, не қиратып алатын әдетімнен де айыға түстім. 6. Меңтай үйреткен осы әдіс өмірлік әдет болып кетті. 7. Туған елдің дәмін татқаныма қуандым. 8. Кеудемді лапылдаған бір қуаныш кернеді.
8-жаттығу
Қалай? Қайтіп? Сұрауларына жауап болатын пысықтауыш мүшесі бар 5 мысал ойлап айтыңыздар.
Ол пысықтауыштар:
а) көсемшеден, ә) есімшеден, б) септік жалғаулы есімдерден, в) –дай, дей жұрнағы жалғанған сөз тізбектерінен және еліктеуіш сөздерден болсын.
9-жаттығу
Достарыңызбен бөлісу: |