Құқық бұзушылық түсінігі және түрлері



бет2/3
Дата31.10.2022
өлшемі29,68 Kb.
#46388
1   2   3
Байланысты:
Дана

Заңды жауапкершіліктің түсінігі және қағидалары

Заңды жауапкершілік — жеке адам, қоғам, мемлекеттің мүддесін қорғайтын бірден-бір жол болып табылады. Ол құқықтық нормалардың бұзылуы нәтижесінде пайда болып, құқық бұзуға мемлекеттік күштеу шарасын қолдану нысанымен сипатталады. Құқық бұзушыға жауапкершіліктің белгілі бір шарасы көзделген құқықтық норманың санкциясын қолданудан тұрады. Заңды жауапкершіліктің заңды негізі — құқық бұзушылық болып табылады. Егерде субъектінің іс-әрекеті құқық бұзушылықтың белгілеріне сәйкес келмесе, онда ол заңды жауапкершілікке тартылмайды. Занды жауапкершілік күрделі әлеуметтік құбылыс. Мұнда кем дегенде екі жақ қатысады: мемлекет және құқық бұзушы. Олардың арасында құкық қорғаушы қатынас қалыптасады және екі жақта заң шеңберінде, қолданылып отырған жауапкершіліктің құқықтык, нормаларының нақты санкциясының негізінде жүзеге асады. Заңды жауапкершілік құқықтық жүйенің құрам бөлігі бола отырып, оған қатысты маңызды міндет атқарады. Кең мағынада жауапкершіліктің түсінігі — тұлғаның қоғам мен мемлекетке қатысты өз міндетін мойындап, оны орындауы болып табылады. Tap мағынада — мемлекеттің жасалған құқық бұзушылыққа қарсы жауабы болып саналады.


Занды жауапкершілік бір қатар қағидалардың негізінде жүзеге асырылады: Кінәлі әрекет үшін ғана жауаптылық қағидасы. Бұл қағида, негізінен, заң шығарушыға арналады. Оның тек қоғамға зиянды құқықтық табиғаты мен қоғам құндылығына қайшы келетін әрекеттерге ғана занды жауапкершілікті бекітуін талап етеді. Егер де субъект құқық бұзуға жол беру кезінде өз еркі болмаса, іс-әрекетінің нәтижесін болжай алмаса, болжауға тиісті болмаса, оның болуын тілемесе және өзін басқара алмаса, ол жауаптылыққа негіз бола алмайды. Заңдылық қағидасы. Бұл қағида бойынша жауапкершілік құқықтық нормамен тыйым салынған әрекет және де тиісті норманың санкция шегінде пайда болады. Сонымен қатар барлық процессуалдық ережелер сақталына отырып бекітілген құқық бұзушылық туралы факті нәтижесінде ғана пайда болған жауапкершілік занды болып табылады. Әділеттілік кэғидасы. Ол өз мазмұны бойынша келесі талаптарды қояды: - теріс қылық үшін қылмыстық жазалауға болмайды; - адамның намысын түсіретін жазаны енгізуге жол берілмейді; - жауапкершілікті бекітуші және оны күшейтуші заңның кері күші болмайды; - бір құқық бұзушылық үшін жауапкершілік тағайындалады; - жауапкершіліктің деңгейі жасалған құқық бұзушылықтың ауырлығына сәйкес келуі тиіс; - жауапкершілік бұзылған құқық пен келтірілген зиянның орнын толтыруы тиіс. Мақсатқа сәйкестілік қағидасы. Ол құқық бұзушыға қатысты алынған шараның заңды жауапкершіліктің мақсатына сәйкес келуін талап етеді: Құқық бұзушылыктың ауырлығына байланысты мемлекеттік күштеу шарасын іріктеу; - Егер жазалау мақсаты орындалған жағдайда, жауапкершілікті жеңілдету немесе шартты, шартсыз түрде босату; - Егер заңды жауапкершіліктің мақсаты онсыз да орындалуға жатса, завды жауапкершілікті өзге жауапкершілікпен ауыстыру. Жауаптылық қағидасы: - Бірде-бір құқық бұзушылық мемлекет үшін елеусіз қалмауға тиіс; - Құқық бұзушы міндетті түрде заң алдында жауапты; - Құқық қорғау органдардың қызметкерлерінің жоғары кәсіпқойлығы;
Заңды жауакершіліктің жасалу сипатына байланысты тәртіптік, әкімшілік, материалдық, азаматтық және қылмыстық деп бөледі. Жауапкершіліктің әрқайсысына өзіндік жазалау шарасы мен ерекше қолдану тәртібі тән болады.
1). Тәртіптік жауапкершілік. Тәртіптік жауапкершілікті бұзу салдарынан жауапкершілік пайда болады. Оның үш түрі кездеседі: - ішкі еңбек тәртібі ережелеріне сәйкес; - бағыну тәртібіне байланысты салалардағы ережелерге байланысты қорғаныс; - темір жол, су, әуе транспортының ережелеріне сәйкес.
2). Қылмыстық және өкімшілік құқықтық жауапкершілік заң нормаларында көрсетілген құқық бұзушылықтар үшін қолданылады. Қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартушы субъект болып табылады. Қылмыстық жауапкершілік әр кез жекелік сипатқа ие болады. Яғни, қылмыстық жауапкершілікке қылмыс жасаған адам ғана тартылады. Әкімшілік жауапкершіліктің түрлері: ескерту, айыппұл, қатаң сөгіс.
3). Азаматтық құқықтық жауапкершілік құқық бұзушының өзге тұлғаның мүддесіне байланысты келтірілген шығынды өтеу үшін занда немесе шартта көрсетілген төлемді төлеу немесе зиянның орнын толтыруға байланысты орындалады. Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің мақсаты — тиісті субъект бұзылған мүліктік құқықты қалпына келтіру болып табылады. Бұл жауапкершілікке келтірілген шығынды толығымен өтеу қағидасы тән.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет