І деңгей Қазақ тілі мен қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі туралы жазыңыз


Оқытудың компютерлік технологиясы туралы жазыңыз-



бет29/58
Дата29.10.2022
өлшемі211,2 Kb.
#46168
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   58
Байланысты:
І де гей аза тілі мен аза дебиетін о ыту дістемесі туралы

16 Оқытудың компютерлік технологиясы туралы жазыңыз-

Компьютерлік оқыту технологиясы – жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға, өздігiнен шығармашылықпен жұмыс iстей бiлу қабілетін және қызмет барысындағы іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған, қазақ тілін үйретуде алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін, нәтижелілігін қамтамасыз етуді көздейтін, берілген тілдік материалды жедел әрі сапалы меңгертуге бағытталады.


Компьютердің білім беру үдерісінде кеңінен қолданыла бастауына байланысты «Оқытудың жаңа ақпараттық технологиясы», «ақпараттық технология» деген терминдер пайда болды.
Жалпы сабақ барысында компьютерлік технологияны қолданудың ерекшеліктерін қарастыру үшін, алдымен оның негізгі міндеттерін анықтап алған жөн. Ол үшін:

  1. Жаңа ақпараттық оқыту технологиялары ұғымын айқындау қажет;

  2. Ақпараттық технологияларды білім беруде қолдану және оны енгізу ұстанымдарын

  3. Сабақта ақпараттық технологияларды қолданудың тиімді әдіс-тәсілдерін анықтау қажет

Ақпараттық технология мәселесін зерттеп жүрген В.М.Монахов, А.А.Кузнецов, В.В.Папов, В.Гузеев сияқты көптеген ғалымдардың тұжырымдарын талдай келе, Н.В.Апатов ақпараттық технологияның төмендегі түрлерін көрсетеді:


  1. Компьютерлік оқыту жүйелері (оқыту машиналары, бағдарламалы оқыту)



  1. Оқыту құралдары (ЛОГО, гипермәтін, мультимедиа, микромир)




  1. Инструменталді жүйелер (мәліметтер базасы, бағдарламалау, авторлық жүйелер, топтық оқыту құралдары)

Көріп отырғанымыздай, жаңа ақпараттық технологиялар – техникалық және бағдарламалық қамтамасыз етілген компьютерлер.



17. ҚР білім беру заңының 8 бабында көрсетілген білім беру жүйесінің басты міндеттері туралы

Білім беру жүйесінің міндеттері 1. Білім беру жүйесінің міндеттері: 1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау. 2) жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту; 2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 3) азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу; 4) белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру; 5) отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне баулу; қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу; мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгерту; 6) педагогтердің әлеуметтік мәртебесін арттыруды қамтамасыз ету; 7) білім беру ұйымдарының еріктілігін, дербестігін кеңейту, білім беру ісін басқаруды демократияландыру; 8) қоғам мен экономиканың қажеттеріне жауап беретін білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесінің жұмыс істеуі; 9) оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану;





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет