І деңгей Қазақ тілі мен қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі туралы жазыңыз


Қиын оқушы, оқудағы кедергілер,кедергілерді қалай жоюға болады-



бет41/58
Дата29.10.2022
өлшемі211,2 Kb.
#46168
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   58
Байланысты:
І де гей аза тілі мен аза дебиетін о ыту дістемесі туралы

3.Қиын оқушы, оқудағы кедергілер,кедергілерді қалай жоюға болады-

Қазіргі таңда мектептерде мұғалімдерді мазалайтын басты мәселе «қиын» балалар. Алдымен осы «қиын» оқушылар дегеніміз кімдер? Олар – мектеп тарапынан ерекше , қосымша бақылауды талап ететін , тәрбиелеуге қарсылық білдіретін оқушылар.

Сонымен қоса , білім деңгейі төмен , тәртібі нашар , сабақтан көп қалатын , ұстаздардың талабын орындамайтын , адамгершілік деңгейі төмен , сыныптастарымен үнемі тіл табыса алмайтын , ұжым мәселелері қызықтырмайтын оқушылар, ойлау қабілеті кейін қалған , ашуланшақ оқушыларды қиын балалар қатарына жатқызып жүрміз. Баланың қиын мінез – құлқының себебін іздесек, көбіне баланың өз отбасындағы ата-анамен қарым – қатысына байланысты екені анықталды.

Кей оқушылар ата – ана тарапынан ешқашан жүрек жылуын көрмей өсіп , осыған мектептегі өз тобындағы оқушылардың , мұғалімдердің кері көзқарасы қосылып , ұзаққа созылған қайғыру , ренжу жүйке ауруларына шалдықтырып , бала ашуланшақ , өмірге ызалы , тұйық қалыпқа түседі.

Ата – ана тарапынан , мектеп қабырғасынан жылылық сезінбеген жасөспірім өмірде өзін ешкімге қажетсіз деп есептеп , уайымға шалдығады , кей жасөспірімдердің ұйқысы бұзылып , түнде қорқынышты түстер көріп , иммунитеті төмендейді.

«Қиын» оқушыларды 2 топқа бөліп қарастыруға болады:




    • Тән кемтарлығы және жан жарақаты бар оқушылар.



    • Отбасында , мектеп тәрбиелеуден шет қалған, жеке басын қалыптастыруды сыртқы кері әсерлерден , әлеуметтік жағдайдың әсері болған және өтпелі кезеңнің күрделілігінен мінезі дұрыс қалыптаспай қалған оқушылар.

«Қиын» оқушылардың өскен ортасының , отбасының жай – күйін талдағанда , кейде отбасының өзі бала тәрбиесіне кері әсер бертіні анықталып отыр. Әдетте , ата – аналардың бала тәрбиесінен әр түрлі себептерге сай аулақатануы да теріс әсер етеді (ата –

Аналардың жұмыс басты болуы немесе жеке басының қамымен жүруі , балаларына теріс үлгі көрсетіп , келеңсіз өмір сүретін , ұзақ іс сапарда болатын ата-аналар).

Жеке тұлғаны қалыптастырудағы тағы да бір қолайсыз жағдай бала тәрбиесіне ата – аналардың әртүрлі көзқарасы немесе біреуінің бала тәрбиесінен шет қалуы , яғни , баланың толық емес отбасында тәрбиеленуі салдарынан болады. Отбасындағы орта қандай болса , бала сондай болып өседі. Отбасындағы жайсыз ахуал қандай болсын балаға ауыр әсер етеді. Әсердің күші мен тереңдігі балалардың жасында , осы кезге дейінгі тәжірибесіне , мінезіне , тәрбиесіне ,тәрбиелілігіне ,сезімталдығына тәуелді. Мұндай жағдайды болдырмау үшін ата –ана не істеу керек?

-Жазалау мен шектеуді шектен тыс қолданбау.

• Балаға жекелей ықпал жасау керектігін ұмытпау.

-Танымдық қызығын арттыру.

• Баланы ағартушылықтың көптеген түрлеріне қатыстыру , бірақ жағдайды үнемі бақылауды ұмытпау.

-Әңгімелесу , түсіндіру , бірақ бірден үлгілі мінез – құлықты талап етпеу.

• Өзгерістерді бала өміріне кешенді түрде енгізу.

• Мінез -құлқындағы кішкене болса да өзгерістерді бақылау.

• Бала жетістікке өзі жету арқылы бақыт пен қуанышты сезіну.

• Баламен әдепті сөйлесу.

• Балаға сену керек , әрине , бұл ең маңызды.

«Бала тәрбиесінің ең үлкен мектебі – әке мен шешенің қарым -қатынасы» - деп В.А.Сухомлинский айтқандай , « Ата – ана – өз баласының тәрбиесі үшін ел , халық алдында жауапкер».



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет