І деңгей Қазақ тілі мен қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі туралы жазыңыз


Құзыреттілік, кәсіби құзыреттілік туралы түсінігіңізді жазыңыз



бет7/58
Дата29.10.2022
өлшемі211,2 Kb.
#46168
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   58
Байланысты:
І де гей аза тілі мен аза дебиетін о ыту дістемесі туралы

8. Құзыреттілік, кәсіби құзыреттілік туралы түсінігіңізді жазыңыз.
Методикалық терминдер сөздігінде» «Құзыреттілік – қандай да бір оқу пәнін оқыту үдерісінде қалыптасатын білім, білік, дағдылар жиынтығы, сонымен қатар, қандай да бір қызметті орындай алу қабілеттілігі», – делінген. Дұрыс ұйымдастырылған әдістемелік пен оның кәсіби дамуға бағытталған жұмыстары ғана жаңашылдық кепілі болады. Сол себепті, мұғалімдерді кәсіби біліктілігін арттыруда педагогтардың өздеріне бағытталған іс – әрекеттерін жаңаша ұйымдастыру өте маңызды.
Кәсіби құзыреттілік мәселесін зерттеген ғалымдардың ой тұжырымдарын терең талдай отырып, нәтижеге бағытталған білім беру жағдайындағы бастауыш сынып мұғалімінің құзыреттілігін үш аспектімен сипаттауға болады.
Мәндік аспект, яғни ахуалды жете түсіну, оны ұғыну және оған деген қарым – қатынас, бұл жағдайда нәтижеге бағытталған білім беру маңызы, теориялық негізі жатады;
Проблемалық – практикалық аспект, бұл – бастауыш сынып мұғалімінің алдына мақсат, міндет нормаларын қойып және оны орындау жолдарын сын сипаттайды;
Коммуникативтік аспект, бұл – педагогтің осы үрдіске, ахуал қатынасын және өзара ықпал жасауын қамтамасыз етеді.
Құзыреттілік – оқу нәтижесінде меңгерген білім, дағдыны тәжірибеде қолдана алу, проблеманы шеше білу, оқушылар дайындығы сапасының құрылымдық сипатын анықтайтын жаңа сапа.
9. «Арнайы құзыреттілік» мағынасын айтып беріңіз.
Құзыреттілік – оқу нәтижесінде меңгерген білім, дағдыны тәжірибеде қолдана алу, проблеманы шеше білу, оқушылар дайындығы сапасының құрылымдық сипатын анықтайтын жаңа сапа. Нәтижеге бағытталған сапалы білім беруде бастауыш сынып мұғалімінің құзыреттілігінің 4 түрі бар. Соның бірі:  
Арнайы құзыреттілік – өзінің кәсіби қызметпен жоғары деңгейде айналысатын және өзінің кәсіби дамуын одан әрі жобалай білетін қабілет. Мұғалім үнемі ізденісте бола отырып, жаңаша оқытуды іске асыруда түрлі инновациялық технологиялардың әдіс–тәсілдерін өз ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктеп қолданады. Сонымен қатар психологиялық–педагогикалық білімін жетілдіріп үйренумен қатар, сол білімін өз ісінде шебер сұрағына жауап беруге даяр болуға тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет