І ертегінің зияткерлік кемістігі бар оқушыларда санау дағдыларын қалыптастыруғА Әсері



Дата06.01.2022
өлшемі57,75 Kb.
#13765
Байланысты:
нег


І ЕРТЕГІНІҢ ЗИЯТКЕРЛІК КЕМІСТІГІ БАР ОҚУШЫЛАРДА САНАУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ӘСЕРІ

1.1 Жалпы білім беру ұйымдарында білім беруге ерекше қажеттілігі

бар оқушыларды оқытуды әдістемелік ұйымдастыру
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар баланың сапалы білім алу құқығын қамтамасыз ету үшін оның арнайы білім алуға ерекше қажеттіліктерін, медициналық және әлеуметтік қызметке мұқтаждығын нақты және жан-жақты зерттеу керек. Бұл оның оқу процесіне қосылуына барынша тиімді жағдай жасауға мүмкіндік береді. Баланың білім алуға ерекше қажеттілігін бағалау мамандардың кешенді тексеруінің нәтижесінде, диагнозы анықталғаннан кейін, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияда (ПМПК) жүзеге асырылады.

Бұл жұмыс келесі бағытта жүргізіледі:

1) медициналық, әлеуметтік қызмет көрсету мен білім алуға қажеттіліктерін анықтау және растау;

2) баланы оңалтудың кешенді бағдарламасын жасау және жеке даралап оқыту бағдарын (маршрут) белгілеу.

Оның құрамында:

- білім қызметі (оқу бағдарламасының типін және психологиялық-педагогикалық қолдау мазмұнын анықтау);

- әлеуметтік қызмет (жәрдем ақылар және жеңілдіктер, техникалық көмекші құралдар мен өмір сүру ортасын бейімдеу, үйде қызмет көрсету және т.б.);

- медициналық қызмет (әртүрлі мамандарға тексерілу және емделу қажеттілігі, стационарда және т.б.)

- отбасына қаржылай, құқықтық, әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету;

3) кеңес беру, үйрету және ата-аналарды педагогикалық түзету процесіне қатыстыру;

4) педагогтарға, психологтарға және мектеп ұйымының басқа да мамандарына ерекше қажеттілігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеуде кеңестік-әдістемелік көмек көрсету;

5) психикалық даму мониторингі және білім беруде ерекше қажеттілігі бар балаларды медициналық-әлеуметтік-психологиялық-педагогикалық тұрақты қолдау.

Арнайы қызмет түріне қажеттіліктерін анықтау барысында алдымен, оқыту және тәрбиелеу мәселелерін шешу барысында баланың қызығушылығына басымдылық беретін ізгілік қағидасы басшылыққа алынады. Сонымен қатар, бұл қағида, әр баланың өз қабілетін барынша дамытуына уақытында қажетті жағдай жасау керектігін білдіреді. Бұл жағдайлар инклюзивтілік принципінің негізінде дамып келе жатқан жалпы білім беру ұйымдарында жасалады. Ерекше жағдайлар қызметкерлермен, қаржылай, материалды-техникалық және басқалай мектептегі білім беру процесін қамтамасыз етуге қойылатын жалпы талаптар жүйесі дегенді білдіреді. Аталған талаптарды іске асырудағы кіріктіру нәтижесі болып табылатын орта: жалпы және ерекше білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыратын, арнайы қажеттілігі бар оқушыларды қосқанда барлық білім алушыларға бірдей физикалық және эмоционалдық тұрғыдан жайлы, ата-аналарға (олардың заңды өкілдеріне) ашық, балалардың физикалық және психологиялық денсаулықтарын сақтап және нығайтуға кепілдік беретін болуы қажет.

Оларға келесі шарттарды жатқызуға болады: Бірінші шарт – оқыту процесін дараландыру және саралау.

Арнайы білім беру қажеттіліктері бар оқушыларда біліктілікті, дағдыларды және денсаулықтың психо-совматикалық резервін меңгерудің түрлі мүмкіндіктері бар. Жалпы білім беретін мектептер осы айырмашылықтарды ескеру керек. Атап айтқанда, жалпы білім беретін ортаға балаларды енгізудің түрлі нысандарын қамтамасыз етуге қажетті:

а) қалыпты сыныпта оқыту - танымдық қабілеттері сақталған оқушыларға арналған. Олар үшін арнайы білім беру бағдарламаларының қажеттілігі жоқ, тек мұғалімнің жеке көмегі керек болуы мүмкін. Осы сыныпқа ерекше қажеттіліктері бар 1-2 оқушыны оқытуға болады. Мұндай сыныпта, ауытқуы жоқ оқушыларды оқытатын білім беру саласындағы педагог мамандар сабақ бере алады. Қажет болған жағдайда, мұғалім, психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің мамандарынан, ресурс орталықтарынан қосымша кәсіби ақпараттар ала алады.

б) арнайы сыныпта оқыту – арнайы жағдайлар талап етілетін (арнайы бағдарламалар, арнайы әдістер мен оқыту тәсілдері, арнайы жабдықтар мен дидактикалық құралдар, психологиялық-педагогикалық үздіксіз қамқорлық) оқушыларға арналған. Бұл сыныптарда арнайы педагогикалық білімі бар немесе курстық даярлаудан өткен мұғалімдер жұмыс істеуі тиіс. Оқытуды ұйымдастыру арнайы білім беру ұйымдарына қойылатын барлық талаптарға сәйкес арнайы оқу жоспары мен бағдарламалары бойынша жүргізіледі.

Арнайы сыныптар бұзылыс түрлері бойынша сараланады – есту, көру, ақыл-ой дамуы, сөйлеу тілінің ауыр бұзылыстары, психикалық дамуының тежелуі бар, тірек-қозғалыс аппаратының бұзылыстары. Олар контингент болған жағдайда, сонымен қатар ата-аналардың балаларын арнайы сыныптарда оқытуға ниеті болғанда ашылады. Бұл жағдайда барлық сабақтан тыс іс-шаралар (үйірмелер, факультативтер, спорттық, тәрбиелік), қалыпты сынып оқушыларымен бірлесе отырып жүзеге асырылады.

Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар оқушыларды жалпы білім беру ұйымына қосу мүмкіндіктері (түрлері) білім беру жүйесінің қолданыстағы нормативтік құжаттарымен бекітілген.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысымен бекітілген жалпы білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) қызметінiң үлгілік қағидаларының 18-тармағында белгіленген:

«Ата-аналардың немесе өзге де заңды өкiлдердiң мүдделерiн ескере отырып, жергiлiктi білім берудi басқару органдарымен келісім бойынша білім беру ұйымдарында даму мүмкіндігі шектеулі балалармен дені сау балалардың бірлесіп оқитын сыныптары (бір сыныпта даму мүмкіндігі шектеулі екі баладан артық оқытылмауы тиіс) немесе арнайы білім беру ұйымдарының үлгілік қағидаларында көрсетілген толымдылыққа сәйкес бұзушылық түрлері бойынша арнайы сыныптар ашылуы мүмкiн. Инклюзивтік және арнайы сыныптардағы даму мүмкіндігі шектеулі барлық білім алушыларға арналған түзету сабақтарын арнайы педагогтер (олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог, логопед) жүзеге асырады. Жалпы сыныптарға қосылған даму мүмкіндігі шектеулі балалар жалпы білім беретін бағдарламалар бойынша білім алады» [1, 6б].

Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға кіріктірілген (инклюзивті) білім беруді ұйымдастыру туралы әдістемелік ұсынымдарға сәйкес (2009 ж. 16 наурыздағы БҒМ №4-02-4/450 хаты) білім беруге ерекше қажеттіліктері бар балалардың жалпы білім беру процесіне ішінара интеграциялануын арнайы сыныптар жүзеге асырады.

Осы санаттағы оқушылар үшін арнайы сыныптардың негізгі функциясы, олардың танымдық қабілеттері мен ерекше қажеттіліктеріне сәйкес, тұрғылықты жерi бойынша өзінің білім алу құқығын іске асыру болып табылады. Бұл жерде ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды қоғамға әлеуметтік бейімдеу мен интеграциялауға, өз баласының тәрбиесі мен дамуындағы отбасының рөлін арттыруға мүмкіндік жасалады. Жалпы білім беру ұйымында арнайы сыныптар ерекше қажеттілігі бар оқушылар үшін дамуындағы бұзылыс түріне қарай және оқу үдерісін барынша дараландыруға мүмкіндік беретіндей толымдылықпен ашылады: естімейтін балаларға арналған - 8 адамнан артық емес; нашар еститін және кейіннен естімей қалған балаларға арналған - 10 адамнан артық емес; зағип балаларға арналған - 8 адамнан артық емес; көзі нашар көретін және кейін келе көрмей қалған балаларға арналған - 12 адамнан аспайтын; сөйлеу тілінің ауыр бұзылыстары бар балаларға арналған - 12 адамнан аспайтын; тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балаларға арналған - 12 адамнан аспайтын; психикалық дамуы тежелген балаларға арналған - 12 адамнан артық емес; жеңіл ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған - 12 адамнан артық емес; орташа ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған - 6 адамнан артық емес [1, 8б].

Орта мектептерде бұзылыс түрі бойынша білім беруге ерекше қажеттіліктері бар оқушыларға арналған арнайы сыныптар ашу туралы шешімді білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар қабылдайды.

Арнайы сыныпқа баланы қабылдау ата-анасының (заңды өкілінің) жазбаша өтінішімен және оқыту бағдарламасы көрсетілген психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (ПМПК) қорытындысы негізінде білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен жүзеге асырылады. Арнайы сыныптар қажетті жағдай жасалғанда (материалдық, кадрмен қамту, оқу-әдістемелік) ашылады.

Арнайы сыныптардағы оқу процесі, есту қабілеті, көру, сөйлеу, тірек-қозғалыс аппаратының бұзылыстары, психикалық дамуы тежелген білім алушылар үшін ҚР МЖБС талаптарына сәйкес үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларының мазмұны бойынша жалпы білім беру нәтижелеріне қол жеткізу үшін, ал жеңіл және орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушылар үшін қолжетімді білім, білік, дағдыларын қалыптастыру үшін, МЖМБС талаптарынсыз қоғамдағы жеке және тәуелсіз өмір салтын қалыптастыруға қажетті бастапқы кәсіби-еңбек дағдыларын меңгерту арқылы жүзеге асырылады.

Білім беру мерзімі арнайы сынып жағдайында бастауыш деңгейінде, нөлдік сыныпты енгізу арқылы 1 жылға ұзартылды және оқу-танымдық әрекеттердің баяу қарқынын ескере отырып, сонымен бірге түзете-дамыту және оңалту шараларын іске асыру мақсатында негізгі орта білім беру сатысына 10 сыныпты енгізу есебінен 1 жылға ұзартылды.

Екінші шарт - білім беру процесінің барлық қатысушыларын (балалар, ата-аналар, мұғалімдер, білім жүйесінің басшыларын) дамуында шектеуі бар оқушылармен өзара қарым-қатынаста қатар өмір сүруге дайындау. Қалыпты білім беру кеңістігіне арнайы оқу қажеттіліктері бар балалардың енгізілуі, ұжымдағы құрдастарымен тең жағдайда білім алуын көздейдi. Сондықтан да балалардың арасындағы өзара қарым-қатынас жағдайларының барлық көріністерін болжау қиын, әсіресе оның нәтижесін.

Инклюзивті білім беру саласындағы кедергі, ерекше қажеттіліктері бар балаларға қатысты қалыптасқан теріс көзқарас. Жалпы білім беретін мектеп оқушылары жанында даму ерекшеліктерінде ауытқуы бар, өздерін басқаша ұстайтын қатарластарын көрмеген, үйренбеген. Сондай-ақ ата-аналар да ерекше қажеттіліктері бар балаларды қалыпты сыныпқа енгізу, «стандарттың төмендеуіне» әкеледі деп ойлайды, осыдан қобалжу туындауы мүмкін.

Мұғалімдер ерекше қажеттіліктері бар балалар мен мектеп оқушыларының, олардың ата-аналарының, басқа да мұғалімдердің арасында оң көзқарас қалыптастыруда жетекші рөл атқаруы тиіс. Нормативті дамыған оқушыларда осы балалардың ерекшеліктері, олар пайдаланатын арнайы құрылғылар туралы сұрақтар туындауы мүмкін.

Дамуында ауытқулары бар баланы қалыпты дамыған құрдастарының оң қабылдауына қоршаған ортасындағы ересектердің әсері бар. Мұғалімдер осындай оқушыларды барлық жағдайларда қолдауға және көмек беруге дайын болуы тиіс. Салауатты оқушыларға құрдастарының дұрыс сөйлей алмауын, дұрыс қимылдай алмауын, өздерін басқаша ұстау себептерін түсіндіруі қажет және т.б.

Айырмашылықтар орын алады және басқалар оған құрметпен қарауы керек. Мұндай жұмыстар ата-аналар жиналыстарында да жүргізілуі тиіс. Мүмкіндіктері шектеулі адамдарға ықпалды (толерантты) көзқарас қалыптастыру мақсатында көзделуі тиіс:

- білім беру ұйымдарының жұмыс жоспарына мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың ерекшеліктері мен қажеттіліктері туралы мектеп қызметкерлеріне, ата-аналарға, балаларға қажетті ақпаратты беретін іс- шараларды қосу, оның ішінде өмірде табысты, құрметтеу және жоғары қоғамдық мәртебеге ие адамдармен кездесулер ұйымдастыру;

- мүмкіндігі ерекше қажеттіліктерді керек ететін оқушыларға олар пайдаланатын көмекші құралдар (мысалы, есту аппараттары) туралы айту және оларды қалай пайдалануға болатынын көрсету;

- ерекше қажеттіліктері бар оқушыларға қалыпты дамушы құрдастарымен бірдей тең табысты болуға мүмкіндік беретін ойынның және пәндік іс-әрекеттердің ұжымдық түрлерін ұйымдастыру;

- ерекше қажеттіліктері бар оқушыларға нормативтік дамушы құрдастарының тарапынан оқу процесінде, сондай-ақ үзіліс кезінде бір сыныптан екінші сыныпқа көшу барысында көмек көрсетуі;

- ерекше қажеттіліктері бар барлық оқушылардың сыныпта және мектепте мәртебесін арттыруға ықпал ету үшін олардың мектепте және мектептен тыс үйірмелерде, спорт секцияларына қатысуын қолдай отырып, дарындылығын ашуға жағдай жасау [1, 10б].

Үшінші шарт – ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша мұғалімдер және ата-аналарды арнайы дайындықтан өткізу және оларға уақытылы кеңес беру.

Жаппай білім беру жағдайында ерекше қажеттіліктері бар балаларды табысты оқыту, тәрбиелеу және әлеуметтік бейімдеу көбінесе барлық деңгейдегі басқару буынының біліктілігі және ынталылығына, сонымен қатар жалпы білім беретін мектептердің басшылары мен педагог кадрлардың кәсіби даярлығына байланысты.

Бірінші кезекте арнайы курстан жалпы білім беретін мектептердің басшылары өтуі тиіс, өйткені ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқытуға ең басты жауапкершілік директорға жүктеледі. Мектепте арнайы сыныптардың немесе ерекше қажеттіліктері бар балалардың жалпы сыныптарда болуы оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға маңызды өзгерістер енгізеді. Басқару құрылымы өзгереді – күн тәртібі, сабақ кестесі, мектептегі сабақтың ұзақтығы, жоспарлау, реттеу жұмысының тиімділігін және сапасын бақылау, түзету, мектепте міндетті түрде психологиялық-медициналық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің құрылу және т. б.

Әкімшіліктен арнайы жағдай жасау, ғана сондай-ақ мейірімді қабылдау, қатаң емес педагогикалық режимі, оқу-тәрбие үдерісінің ең жоғарғы түзету бағытына да байланысты. Сондықтан біліктілікті арттыру жүйесінде мектеп басшыларын, сондай-ақ, аудан, қала және облыстық білім департаменттерінің қызметкерлерін оқытуды жүзеге асыруы өте маңызды.

Жалпы білім беретін мектептерде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арнайы көмектің тұтас жүйесін жасауда маңызды қадам ол осы балалармен жұмыс жасайтын мұғалімдерді даярлау және қайта даярлау болып табылады [6].

Мұғалім ерекше қажеттіліктері бар оқушылардың даму ерекшеліктері туралы кешенді пәнаралық білімді, дамуындағы ауытқуларды тудыратын себептер туралы, сондай-ақ жалпы білім беретін әр түрлі пәндерді оқытудың арнайы әдістемесін меңгеру қажет.

Мұғалімдерді оқыту тұрақты болуы тиіс - курстық дайындау (модульдік) түрінде және біліктілікті арттыру институттар базасында ғана емес сонымен қатар мектептерде де жүргізілуі керек. Теориялық дайындықпен қатар оқыту орнында практикалық оқытуды қарастыру қажет, мұғалімдерге өз мәселелерін талқылауға үнемі кездесуге, тәжірибесімен бөлісуге мүмкіндік жасау қажет. Ұқсас жағдайларда мұғалімдердің қалай жұмыс жасап жатқаны туралы ақпарат басқа педагогтарға өзіндік іс-әрекеттерін талдауға, жаңа идеяларды жүзеге асыруда сенімділік пен алға ұмтылуға көмектеседі.

Тұрақты қолдау мен кеңес беруді мұғалімдер түзету-дамыту жұмысын жүргізетін арнайы педагогтардан алуға тиіс. Олар психологиялық- педагогикалық сүйемелдейтін мектептегі қызметтің немесе психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінің мамандары.

Білім беру үдерісінде ерекше орынды ата-аналар алады. Олар білім беру және түзете-дамыту үдерісінің белсенді қатысушылары болуы керек. Ата-аналарға арнайы педагогпен балаларының түзету және консультативтік сабақтарына қатысуға мүмкіндік жасалуы тиіс. Арнайы педагог баланы оқыту мен тәрбиелеу мәселелері бойынша ата-аналарға ұсыныстар жасайды. Бала үйде оқыған материалмен сабаққа келгенде бірін бірі қайталайтын оқытуды болдырмау өте маңызды. Егер табысты оқыту үшін бұл жалғыз мүмкіндік болса, баланы жалпы мектепте оқыту туралы мәселе туындайды. Бұл оқушыға дені сау балалармен сабақтан тыс жұмыстарды, мерекелер және спорттық іс-шараларды бірге өткізуді ұйымдастыру пайдалы.

Төртінші шарт – ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды арнайы психологиялық-медициналық-педагогикалық сүйемелдеу. Бала дамуындағы бұзылыс оның оқу материалын меңгеруіне және қоршаған адамдармен (құрдастарымен, үлкендермен) жеке дара қарым-қатынас жасауына әсер етеді. Сондықтан жалпы білім беретін ортада мұндай оқушыны табысты бейімдеу және оқытудың маңызды шарттарының бірі психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу болып табылады. Психологиялық- педагогикалық сүйемелдеу мамандардың біртұтас, жүйелі ұйымдасқан қызметін білдіретін білім беру-тәрбие процесінде балаға көмектің (немесе қолдаудың) ерекше түрі ретінде қарастырылады. Оның барысында баланың мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне сәйкес табысты оқыту мен дамуы үшін әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық шарттар жасалады.

Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің нысаны ретінде білім беру (оқу-тәрбиелік) үдерісі қарастырылады. Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің тақырыбы - баланың әлеммен, айналасындағылармен (ересектер, құрбылар), өз-өзімен қарым-қатынасының жүйесі ретінде оның даму жағдайы. Ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды сүйемелдеу командалық жұмыс стилін, әр түрлі мамандардың (психолог, логопед, арнайы педагог, әлеуметтік педагог), мұғалімдер мен ата-аналардың өзара тығыз байланысын көздейді.

Арнаулы сүйемелдеу ішкі және сыртқы (мектепте қажетті мамандар болмаған жағдайда штатында, мысалы, сурдопедагог, тифлопедагог, емдік дене шынықтыру жөніндегі маман) болуы мүмкін.

Іштей сүйемелдеу командалық жұмыс ретінде консилиумді пайдаланатын психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің мамандарымен жүзеге асырылады. Сыртқы сүйемелдеу аудандық психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінің мамандарымен жүзеге асырылады.

Бесінші шарт – ерекше қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерінің мониторингі және психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің жеке бағдарламасын толықтыру. Жалпы білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланың оқу үрдісі мен әлеуметтік бейімдеуінің табыстылығы таңдап алған оқу бағдарламаның оқушының танымдық және функционалдық мүмкіндіктеріне сәйкестігіне және нақты оқу жетістіктерін тұрақты бақылау арқылы қол жеткізіледі. Көрсетілген бақылау білім беру ұйымдарында жүзеге асырылуы үшін тиісті білім беру мониторингі жүзеге асырылуы керек. Білім беру мониторингінің мәліметтері мұғалімге оқыту барысында балаларда туындайтын қиындықтарға дер кезінде араласуға және оларды жоюға, білімін толықтыру бойынша қажетті іс-шаралар ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Оқу бағдарламаларын меңгерудегі туындайтын қиындықтарды талқылауға сүйемелдеу қызметінің мамандары (психолог, логопед, мұғалім-дефектолог) қатысады, олар қиындықтардың себептері мен жою жолдарын анықтауға көмектеседі. Егер қажет болса, жеке түзету сабақтарының мазмұнына өзгерістер енгізеді.

Осылайша, жалпы білім беру процесіне енгізілген ерекше қажеттіліктері бар оқушылардың жоғары білім сапасын қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасалады. Білім беру мониторингінің көмегімен педагог оқушыда қалыптастырылған дағдылар деңгейін анықтайды және оған сүйеніп, баланы табысты оқытуға жағдай жасайтын жеке білім беру бағдарын жасайды.

Әр оқу жылының соңында оқушылардың оқу жетістіктері оқушылардың психологиялық-педагогикалық карталарында сақталатын арнайы жетістіктер карталарында тіркеледі.

1.2 Ертегілер арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыру
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту – баланың жас шамасын және өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, оның жеке адам ретінде қалыптасуы мен дамуына жағдай жасайтын Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесінің бірінші деңгейі.

Тәрбиенің кілті халық педагогикасында деуге толық негізі бар. Өйткені халқымыздың тәлім тәрбиелік мұрасы адамгершілікті, қайрымдылықты, мейірбандылықты дәріптейді. Жас ұрпақты жастайынан тәрбиелеудің маңыздылығын қазақ халқы ерте түсінген, ешқандай жоғары білімсіз ақ дана халқымыз тәрбиенің небір оңтайлы әдістерін бесіктен бастаған. Әңгімелер, ертегілер баламен қатынасының ең нәтижелі құралы болып табылады. Атақты педагог Ы.Алтынсарин: «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады»,- деп атап айтқан. Ертегілер арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі құзыреттіліктерін білім салаларының өзара байланысы арқылы қалыптастыруды мақсат еткен бұл ғылыми жұмысымның негізгі міндеттері: ертегілерді іріктеу және айлық оқу іс-әрекеті тақырыптарына сай ертегі кейіпкерлерімен дамытушы ортаны жабдықтау; ертегі кейіпкерлерін білім салалары мазмұнына сай дидактикалық көрнекіліктер ретінде пайдалану; ертегіні 5 білім беру саласы мазмұнына сай бөлімдерге бөлу, балалармен бірлесе отырып тақырыптар қою; білім салаларының байланысы негізінде ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде СТО стратегияларын тиімді қолдану; ертегілер арқылы балалардың құзыреттілігін қалыптастырудың білім салалары бойынша нәтиже көрсеткіштерін шығару.

Алдымен «Ертегі дегеніміз не, оның құрылымы қандай?» - деп, ертегінің пайда болу тарихына талдау жасап көрейік.

Ертегі – фольклордың негізгі жанрларының бірі. Ертегі жанры - халық прозасының дамыған, көркемделген түрі, яғни фольклорлық көркем проза.

Ертегі жанрының пайда болып, қалыптасу тарихы өте ұзақ. Солардың бірі - миф жанры. Мифтің ертегіге айналу процесі бірнеше кезеңнен өткен.

Миф – алғашқы рулық қауымның қасиетті деп саналған құпия әңгімесі мен шежіресі. Оны ол кезде әркімге және әр жерде айта бермеген. Мифте қоршаған ортаның, дүниенің жаратылуы мен аспан әлемі жайында, рудың тотемдік бабасы, ілкі атасы мен жасампаз қаһармандар туралы, олардың іс-әрекеттері жөнінде фантастикалық түрде баяндалған. Алайда ол заманда осының бәрі ақиқат деп қабылданған, мифке жұрт кәміл сенген. Бірақ уақыт өтіп, адам санасы мен мүмкіндігі жетілген сайын миф өзгеріске ұшырап, бірте-бірте «қасиетті» сипатынан айрылған, құпия болудан қалған. Бірте-бірте мифтің бұрынғы масштабы тарылып, әңгіме жеке бір адамның тағдырын баяндайтын жағдайға келеді. Сөйтіп, миф – хикаяға, содан соң ертегіге айналады.

Т.Барласұлы ертегінің адам баласына тәлім-тәрбиелік, рухани маңызы жөнінде айта келіп: "Ертегі - рухани тәрбиенің мәні аса зор, көзіміз көріп, құлағымыз ести алмайтын, тек ақылмен ажыратып, жүрекпен ғана түйсіне алатын материалдық әлеммен бірге шегі жоқ рухани әлем болмысының біртұтас түсінікті баян етілген көрінісі" - деп анықтама береді [3].

Жаңа мазмұнда білім беруді ұйымдастыру 12 жылдық оқытуға көшумен тікелей байланысты. 12 жылдық мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында білім беру процесінен күтілетін нәтиже ретінде оқушының бойында қалыптасатын құзіреттер қатары анықталған.

Құзыреттілік - балалардың іс-әрекеттің әртүрлі тәсілдерін меңгеруінен көрінетін білімнің нәтижесі, оны өмірде қолдана алу қасиеті. Құзыреттілік адамдардың қарым-қатынас жүйесін игеріп, өзара іс-әрекетке қосылу барысында қалыптасады. Сонымен қатар, құзыреттіліктер арқылы жеке тұлғаның өмір байлығы, ақыл тереңдігі, күйіну-сүйіну қалпы, қиялдауы, ерік-жігері, икемділігі мен мінез-құлық сипаты ашылады.

Жалпы құзыреттіліктердің негізі мектепке дейінгі жаста қалыптасатын болғандықтан, тәрбиешілердің алдында тұрған басты міндеттерінің бірі - тұлғаның танымдылық құзыреттіліктерін қалыптастырудың теориялық, практикалық шарттарын негіздеу болып табылады.

Танымдық құзыреттілік – бұл жеке басына маңызы бар және әлеуметті қажетті танымдық мәселелерді шешудегі баланың өзі басқара алатын, сол мәселені шешу барысында бала белгілі бір білім, білік дағдыларға ие болу.

Танымдық құзыреттіліктерді қалыптастыруда ертегілердің алатын орны ерекше.

Тәрбиеші еңбегінің объектісі - бала, ол табиғаттың бір бөлігі, бір жүрегі. Баланың да өзіндік пікірі, көзқарасы, психологиялық ерекшеліктері бар, олар педагогикалық ықпалды өзінше қабылдайды. Сондықтан да, ертегілер арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыруда жаңа педагогикалық технологиялардың атқаратын орны бөлек.

Ғалым академик В.М.Монаховтың пікірінше «Технология – оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан-жақты ойластырылған үлгісі»[4].

Педагогикалық технология - педагогтің кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер жиынтығы. Педагогикалық технологиядағы басты міндет - баланың оқу-танымдық әрекетін жандандыра отырып, алға қойған мақсатқа толықтай жету.

Мен «Сорос-Қазақстан» қоры арқылы 1990 жылдан мектеп тәжірибелеріне ене бастаған «Сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту» халықаралық жобасы технологиясын қолданып келемін.

Тәжірибені жүйеге келтірген: Джинни Стилл, С.Мередит, Чарльз Темпл. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады.

«Сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту» технологиясының мақсаты: мектеп жасындағы балаларға кез-келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарымнан бір пікірдің біреуін таңдап, саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету.

Бол жобаның ерекшелігі сабақ барысында қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінде, көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйрететін стратегиялар бойынша ұйымдастырылады. Негізінен, стратегиялар мектеп оқушыларының жас кезеңдеріне арналған, ал оларды мектепке дайындық тобы балаларының жас ерекшеліктеріне бейімдеп қолдану тәрбиешіден терең теориялық, психологиялық, педагогикалық әдістемелік білімді, педагогикалық шеберлікті, балалардың жан дүниесіне терең үңіліп, оны ұғына білуді талап етеді.

Ертегілер арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі құзіреттіліктерін қалыптастыру бағытында СТО стратегияларын қолдана жүргізіп отырған жұмыстарға талдау жасасам:

1. Ертегілерді іріктеу және айлық оқу іс-әрекеті тақырыптарына сай ертегі кейіпкерлерімен дамытушы ортаны жабдықтау.

Пәндік дамытушы ортаны ұйымдастыру талаптарында орта көп функционалды, вариативті, қарқынды, жасына сай дамуының ерекшелігін және мектепке дейінгі балалардың іс-әрекеттерінің ауысып отыратындығын есепке алып құрылуға тиіс. Сондықтан да, дамытушы ортаны ертегілер кейіпкерлері арқылы жасақтау балаларға қуанышты көңіл-күй сыйлап, өздерін ертегі әлемінде жүргендей сезіндіреді.

Дамытушы ортаны ұйымдастыруда театр түрлері ерекше рөл атқарады. Театр әр балаға қуаныш, ұмтылмас әсер сыйлайды, оның көркемдік талғамын, еліктеуі мен қиялын дамытады.

2. Ертегі кейіпкерлерін білім салалары мазмұнына сай дидактикалық көрнекіліктер ретінде пайдалану.

Көрнекілік әдісі. Әл-Фараби "Оқытудың негізгі әдісі – көрнекілік" деп, оның мақсаттарын, тәсілдерін (түсіндіру, әсерлендіру, есте қалдыру) ұсынады. Көрнекілік әдісі оқытудың сөздік және тәжірибелік әдістерімен өзара байланыста қолданылады және құбылыстармен, ертегілермен балаларды таныстыру, олардың сезім мүшелеріне әсер етіп, алуан түрлі ертегі кейіпкерлерін табиғи күйінде қабылдайды.

Ертегі кейіпкерлерін білім салалары мазмұнына сай дидактикалық көрнекіліктер ретінде пайдалануда «Егер де мен…» стратегиясын қолдандым. Бұл стратегия бойынша көрнекілік ретінде алынған ертегі кейіпкерлерінің орнына өздерін қойып «Егер де мен «Алтын балық болсам …» деп, ертегінің соңын өз еркінше аяқтау баланы қиял әлеміне самғатып ойлануына мүмкіндік береді, шығармашылыққа жетелейді.

3. Ертегіні 5 білім беру саласы мазмұнына сай бөлімдерге бөлу, балалармен бірлесе отырып тақырыптар қою.

Ертегінің өзіндік құрылысы, көркемдік ерекшелігі бар. Қандай ертегіні алсақ та, ол белгілі бір сюжетке құрылады, оқиғаның желісінің басталуы, оқиғаның өрбуі, аяқталуы, өзіндік шешімі болады. Ертегі баяу басталып, оқиға желісі күрделене түседі. Әсіресе адам өміріне байланысты іс-әрекет өткір сықақ-мысқылмен беріліп, бала сезімін селт еткізіп, күлкіге мәз етеді. Бала кейіпкердің жағымсыз әрекетінен бой тартып, жақсылыққа құмартады. Ертегінің әр жақты сырын қызықты, тартымды, бала санасына лайықтай жеткізу тәрбиешінің шынайы шеберлігіне тікелей байланысты.

«Бауырсақ» ертегісі мазмұны бойынша бөлімдерге бөліп, тақырыптар қоюда «Ой шақыру» стратегиясында ертегі мазмұны суреттері бойынша сұрақ-жауап қолдану арқылы ертегінің баяу басталып, оқиға желісі күрделене түсетінін, яғни ертегіде оқиға желісінің басталуы, оқиғаның өрбуі, аяқталуы, өзіндік шешімі болатынын түсініп ажырата алады.

4. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде ертегілерді қолдану арқылы пәндік байланысты іске асыру. Барлық білім салаларында ертегілерді қолдану арқылы негізгі педагогикалық дәстүр пәнаралық байланысты жүзеге асыруға болады. Пәндердің өзара байланыс деңгейі балалардың білімін зерттеу, талдау, жүйелеу сияқты негізгі дидактикалық міндеттер арқылы шешіледі.

Мектепке дейінгі ұйымдарда пәнаралық байланыс мәселесі барынша терең зерттеуді ұсынған Н.Н.Светловская болып есептеледі. Ол өзінің мақалаларында «Интеграция – іс-әрекеттің кезектесуі, балалар меңгерген қарапайым білім немесе іс-әрекеттің бір пәннен екінші пәнге ауысуы. Балалардың білімдерін бекіту үшін оқыту процесін шапшаңдау» деп есептейді.

Балабақшада пәнаралық байланысты жүзеге асырудың бір жолы - білім салалары бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерін бір тәрбиеші арқылы жүргізіп, бірнеше пәндер бойынша білімнің жинақталуы яғни, әр түрлі пәндерден алған білімдерін синтездеу. Мысалы: «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісі бойынша білім салаларымен байланыста «ЖИГ СО - ұжымдық оқыту» стратегиясын қолдануда әртүрлі пәндер бойынша алынған білім, біліктерді қабылдауы, түсініп-білуі, олардың жалпы ақыл-ойына серпін тудырып, оқу-танымдық іс-әрекеттеріне шығармашылық сипат беріп, барлық алынған білімдерін жүйелеуде маңызды болды.

«ЖИГ СО - ұжымдық оқыту» стратегиясы. Мақсаты жалпы мәселені алдымен жұпта, сосын ұжымда талқылау. Бұл стратегияны қолдану төмендегіше ұйымдастырылды. Балалар 5 баладан тұратын 5 топқа бөлінді. Бұл «жанұя» топтар деп аталды. Содан кейін 1, 2, 3, 4, 5-ке санау арқылы 1-лер бөлек, 2, 3, 4, 5-өз алдына «жұмыс» тобы құралды. «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісі бойынша 5 топқа білім салалары бойынша төмендегідей тапсырмалар берілді. Жұмысты бастамас бұрын балаларға «жұмыс тобында» тапсырманы жақсы орындау қажеттілігі ескертіледі. Келесі кезекте ұжым мүшелері бастапқы топтармен қайта табысып, өздерінің үйреніп келген бөліктеріндегі мазмұнды ортаға салады. Осылайша «жанұя» мүшелерінің жұмысы арқылы білім салаларының өзара байланысы орнады. ЖИГ СО стратегиясында балалардың тапсырманы орындауға деген қызығушылығы артады, ұжымда жақсы қарым-қатынас қалыптасады, саналы тәртіп орнайды.

СТО стратегияларын қолдану балалардың білім салалары бойынша алынған білім, біліктерді қабылдауы, түсініп-білуі, олардың жалпы ақыл-ойына серпін тудырып, оқу-танымдық іс-әрекеттеріне шығармашылық сипат беріп, барлық алынған білімдерін жүйелейді:- қоршаған әлемге көзқарасы, дүниетанымы жеке-жеке бөліктерден емес, біртұтас жүйе негізінде қалыптасады;

- пәнаралық байланыс нығайып, уақытты үнемдеу арқылы практикалық білім алуға көп көңіл бөлінеді;

- балалардың шығармашылық қабілеті дамиды.

- өзінің жеке пікірі мен ойын білдіреді;

- кейіпкерлерге деген сезімдері мен елестету қабілеттері дамиды.

Пәнаралық байланыс арқылы оқытудың дамытушылық, білім және тәрбие берушілік қызметі объективті түрде кеңейіп, дамып отырады. Пәнаралық байланыстың мәні мен маңыздылығына, оның ең қажетті педагогикалық іс-әрекеттің бірі екендігін айта келе мынадай қорытынды жасауға болады: пәнаралық байланыс балабақшада жан-жақты тәрбие беруді комплексті түрде жүзеге асыра отырып, педагогикалық іс-әрекеттің, еңбектің ғылыми негізінде тиімді ұйымдастырылуына көмектеседі. Мектепке дейінгі ұйымда пәндер арасындағы өзара байланысты әрдайым ұйымдастырып, жүргізіп отыру – балаларға қарапайым ғылымдар негізін игерудің, сонымен бірге білім беруді дамытудың қажетті әрі келелі шарты.

Ертегілер арқылы балалардың құзыреттілігін қалыптастырудың білім салалары бойынша нәтижесі.

Денсаулық білім саласы бойынша:

• Сабақтың ұйымдастыру бөліміндегі аяқ-қол жаттығуларына ертегі кейіпкерлерінің жүрісін қолданады.

• Негізгі қимыл жаттығуларында берілген қимылға сәйкес аңдар тапсырмалары орындалады.

• Эстафеталық ойындар сайысын өткізуде аңдар керуені ұйымдастырылады.

Қатынас білім саласы бойынша:

• Ертегілердің мазмұнына қарай: тұрмыс-салт, хайуанаттар, қиял-ғажайып ертегілері болып бөлінетінін ажыратады.

• Сюжеттік суреттер арқылы ертегі кейіпкерлеріне мінездеме береді және ертегі мазмұнын құрастырады.

• Кейіпкерлендіретін ертегінің мазмұны мен мәтінін толық меңгереді.

Таным білім саласы бойынша:

• Ертегінің кейіпкерлері денелерінің көлемін салыстырып, «үлкен», «кіші», немесе «биік», «аласа» деген ұғымдарды қалыптастырады.

• Ертегі кейіпкерлерін түр-түстері бойынша сипаттайды.

• Әртүрлі геометриялық денелер бойынша ертегілер кейіпкерлерін құрастырады.

Шығармашылық білім саласы:

• Жағымды немесе жағымсыз кейіпкерлерді жылы және суық түстермен дөңгелектер арқылы бейнелеп көрсетеді.

• Мүсіндеу арқылы ермексаздан ертегі кейіпкерлерін жапсырмалау арқылы театрландырылған көрініс дайындайды.

• Музыка іс-әрекетінде ертегі кейіпкерлерінің көңіл-күйін, қимыл-қозғалысын ноталық дыбысталу арқылы қайталатады.

Әлеуметтік білім саласы:

• Ертегілер мазмұны арқылы адамгершілікке, имандылыққа тәрбиеленеді

• Ертегі кейіпкерлерінің жан-жақты мінез-құлықтарын айыра біліп, жақсы мен жаман іс-әрекеттерді ажыратады.

Айналадағы қоғамдық өмір, өлі және тірі табиғат арасындағы байланысты ажыратады.

1.3 Етрегілер арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін

арттыру
Қазіргі өмірдің өзінен туындап отырған талаптарды орындау, жаңашылдыққа жаршы болу үзіліссіз тәрбие негізінің бастау бұлағы-мектепке дейінгі ұйымдардан басталған орынды. Бала тәрбиесі отбасынан бастау алды десек те, ғылымға негізделген әдіс-тәсілмен берілетін тәлім-тәрбие ісі көбінесе балабақшадан басталып, жан-жақты педогогикалық өрісін табады. Әсіресе балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы ізгілікті әсер етіп, мағынасы өшпейтін із қалдырады.

Баланы мектеп алды даярлау үздіксіз білім беру жүйесіндегі маңызы мен өзектілігі ерекше мәселелердің бірі болып саналады.

Балабақша жасындағы балаларды жан-жақты дамыту кезінде ұлттық тәрбиенің алтын рольі өте зор. Қазақ халқы басқа халықтар сияқты бала тәрбиесіне өте ерте заманнан - ақ өзінің жиып терген бай, асыл қазынасы,мол тәжірбиесімен көңіл аударған. Қазақ атамыз келешек ұрпақтың қамын алыстан болжап, өмірге нәресте келгенде оған лайықты ат қойып, бесікке салып, тұсау кесер рәсімдерін жасап, өсе келе оған қазақ халқының ұлттық шежіресін, өзінің шыққан тегін, халықтың даналық сөздерінің мағынасын түсіндірген. Мінекей жас баланың ойлау, есту, сөйлеу, көру, есте сақтау қабілеттерін дамытуда халық ауыз әдебиетінің үлгілерінің алатын орны ерекше. Солардың ішінде көп тараған үлгілерінің бірі ертегілер. Мінеки шығармашылық жұмысының зерттелу аясын ертегіге орындауымның өзіндегі негізгі мақсат, оның білім беру мен тәрбие беру саласында маңызы өте зор. Мектеп жасындағы балаларға ертегілерді оқып беру арқылы адамгершілікке тәрбиелеуге болады. Әрбір ертегіні оқып беріп, таныстыру арқылы танымдық қабілеттерін арттыруға болады. Балабақшадағы жоғарғы топтарда өткізілетін әрбір сабақта ертегілерді негізгі динамикалық қозғаушы күш яғни дидактиклық көрнекіліктер ретінде пайдалануға болады.

Сонымен қатар өмір талабына сай жаңа технологияларды оқу процесі мен тәрбие аясында шебер қолдана білу әрбір әдіскер мен тәрбиешінің міндеті болса, ертегілерді өз ретімен қолдана білсе тәрбиеленушілерді жан-жақты дамытуда ертегінің аса зор мәні бар екенін айқындайды. Ертегі кейіпкерлерінің жан-жақты мінез-құлықтарын айыра білу бойынша жақсы деген немене, жаман деген немене екендігіне көзін жеткізеді.

Ертегілердің балабақшаның жоғарғы топ тәрбиеленушілерімен өткізілетін сабақтарда қолданылу аясы. Барлық пәндерде ертегілерді қолдану арқылы негізгі педогогикалық дәстүр пәнаралық байланысты жүзеге асыруға болады. Енді ертегілерді әр пәнде орынды қалай қолдануға болатындығына тоқтаймыз. Мысалы «Жыл басына таласқан хайуанаттар» осы ертегіні оқып мазмұнымен танысып, негізгі ойды анықтасақ, енді осы ертегінің кейіпкерлерін пайдаланып денелердің көлемін салыстыруды атап айтсақ түйе мен тышқанды, қой мен сиырды салыстыру арқылы «үлкен», «кіші», немесе «биік», «аласа» деген ұғымдарды қалыптастырып, таныстыруға болады.

«Жеті лақ» ертегісінің сюжеті, суреттері арқылы тура және кері санауға үйретуге болады сонымен қатар жағымды-жағымсыз кейіпкерлерді салыстыруға болады. Жағымсыз кейіпкер қасқыр ол нешеу? (біреу), ешкі нешеу? (біреу)

- Ендеше екеуін салыстырамыз екеуі тең

-Лақтар нешеу? Лақтар жетеу. Олар қасқыр мен ешкіден көп cонда тәрбиеші бұл суреттерді «көп» және «аз» ұғымдарын тиянақтауда қолдануға болады. «Тырна мен түлкі» ертегісін оқып беру арқылы математика сабағында «не артық» ойынын ойнатуға болады. Мысалы:

-Балалар, ертегінің атын оқығанда неше кейіпкердің атын естідік

-Тырна мен түлкі яғни олар бір-біріне қонаққа келді.

-Ендеше үстелде қай аң артық?

-Аю

-Аю нешеу? Ол біреу



Математика сабағында ертегі кейіпкерлерін ойын ретінде қолдану балаларды естіген ертегі кейіпкерлерін есте сақтау, ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамытады. Ертегі кейіпкерлерін музыка сабағында пайдалану жоғарғы топтағы тәрбиеленушілердің есте сақтау және дыбыстау қабілеттерін арттырады. Егер тәрбиеші ертегіні өзі оқығанда қызықсыз болады десе түрлі дыбыстық дискілерге жазып әкеліп оқуға болады. Ондай жазбалар музыка пәнінде балалардың есту қабілеттері мен ырғағын қайталау (ритімдерді таңдау) арттыруға көмектеседі. «Қызыл телпек» ертегісін тыңдату арқылы, ертегідегі Қызыл телпектің көңіл күйін, қимыл қозғалысын ноталық дыбысталуын қайталатуға болады. Музыка пәнінде дыбысталу ырғағын үйрету арқылы баланың дене мүшелерінің дұрыс шынығуына да әсер етуге болады.[2]

Мысалы: «Не қалай дыбыстайды» ойынын ойнату арқылы балаларға аңдар мен жануарлардың қалай дыбыстайтындығы бойынша балалардың жақ сүйектерінің дұрыс қалыптасуына, есту тілдерінің дұрыс дамуына әсер етеді. Ол үшін музыкадан ноталық сауатты яғни жеті нотаны дұрыс айтып үйреткен дұрыс музыклық орталықтан «қарға мен бұлбұл» ертегісін тыңдату бойынша қай құстың әні мұндай ноталар арқылы дыбыстық қайталаулар (распевкалар) арқылы балалардың есту қабілеттерін дамытуға болады.

Сонымен бірге аяқ - қол қозғалыстары арқылы жасалатын сергіту сәттерінде музыкалық ертегі кейіпкерлерін алуға болады. «Ортеке» әнін орындау арқылы

Аты шыққан бимен

Мен боламын ортеке

Ойқастаған ортеке

Қой бастаған ортеке

Мен бір билеп берейін

Буындары сыртылдап тағы сол сияқты айтқанда дауысының әдемі естілетіндігін есту сезім мүшелері арқылы тез айырады. Сосын сабақты қортындылағанда жағымды дауысты құстың астына қызыл белгімен, ал жағымсыз құстың суретінің астын көк белгі қойғызуға болады. Бұл түс суық түстерді ажырата білу дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі.

Жалпы ертегілер арқылы баланың ой-өрісін дамыту арқылы бейнелеу пәнінде балалар заттарды бейнелеп көлемін сызық түрлерін және бояу түрлерін ажырата білуге үйретеді. Әртүрлі геометриялық денелер бойынша ертегілер кейіпкерлердің суретін құрастыруға бояуға болады. Мысалы атап айтқанда қонжық көлемі сопақ, қисық сызықтар арқылы кірістіруге, мысық көлемін жарты дөңгелек кішкентай үшбұрыштар арқылы көрсетеміз. Сонымен қатар ертедегі жағымды немесе жағымсыз кейіпкерлерді жылы және суық түстер мен дөңгелектер арқылы бейнелеп көрсетуге болады. Мүсіндеу арқылы ермексаздан ертегі кейіпкерлерін жапсырмалау арқылы театрланған көрініс дайындауға болады. Көркем әдебиет және тіл дамыту сабақтарында ертегінің алатын рөлі ерекше, себебі тәрбиеші ертегі мәтінін осы кезде оқып, таныстырады. Ертегілердің мазмұнына қарай қандай топтарға бөлінетіндігін де таныстырып айта кеткен жөн.

Ертегілер, Тұрмыс-салт, Хайуанаттар, Қиял-ғажайып ертегілер туралы ертегілер. Сонымен қатар сюжеттік суреттер арқылы ертегі кейіпкерлеріне мінездеме беруге және ертегі мазмұнын құрастыру балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыруға көмектеседі. Ертегі халық ауыз әдебиетінің негізгі бөлімдерінің бірі екенін ескерсек, олардың бала тәрбиесіндегі яғни жас бүлдіршіндерді адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелейді. Жалпы шығармашылық жұмысымды жеке тұлғаны дамытудағы ертегінің маңызы туралы мен сабақтардан басқа дене шынықтыру пәнінде де ертегі кейіпкерлерінің қимыл-қозғалысын салу арқылы қозғалыс жаттығуларын жасатуға болады екен.

Мысалы: сабақтың ұйымдастыру бөліміндегі аяқ-қол жаттығуларына қонжықтың жүрісін қолданамыз. Эстафеталық ойындар сайысын өткізуде аңдар керуенін ұйымдастыруға болады, әрбір сабақта сергіту минутын орындатқанда қозғалыс элементтерін орындату арқылы құстардың ұшуын, тербелісін көрсеттіріп балалардың қызығушылығын ояту арқылы, дене бітімінің дұрыс қалыптасуына мүмкүндік береді.

Балабақшада жоғарғы топтардың тәрбиеленушілерінің даму сатысының іргетасы міне осы мезгілден қалыптасып, түзелу процестері жүргізіле бастайды. Бұл уақытта тәрбиешінің іс-әрекеті жоспарлы ұйымдастыру болып табылады. Олардың қызығушылығын ынтасын ояту арқылы, зерттеушілік іс-әрекеттерін туғызуға болады.

Тәрбиешінің қиялдауына қанат бітіріп шығармашылық белсенділігін арттыру арқылы жан-жақты дамыту үрдісін ұйымдастыруда әрбір пәнде сюжетті, көркем, ертегі кейіпкерлерінің суреттерін көрсету арқылы ауыз әдебиетінің бала тәрбиесіндегі маңызды орнын көрсетуге болады.[№2, 441б]





Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет