Ѵі-х ғасырларда Қазақстан жеріндегі алғашқы феодал- дык мемлекеттер Көне



Pdf көрінісі
Дата30.09.2023
өлшемі5,82 Mb.
#112046


ТҮРІК ҚАҒАНАТЫ 
ѴІ-Х ғасырларда Қазақстан жеріндегі алғашқы феодал- Дык мемлекеттер Көне
және Батыс түрік қағанаттары еді. Біздің заманымыздың 1 мың жылдығындағы
Орталық Азия жерін мекендеген тайпалар одақтарының тарихы бұлармен өзара
тығыз байланыста болды. V ғасырға қарай Солтүстік Монголиядан Орта
Азиядағы Әмудария өзенінің бойына дейін созылған кең байтақ жердің бәрін
тирек (телэ) деген жалпы атпен бірнеше тайпалар мекен еткен. Солардың бірі -
түрік тайпасы. Түрік деген ат алғаш рет 542-ші жылы аталады. Қытайдың
солтүстік батысында орналаскан Вэй князьдігіне түріктер (туцюе) жыл сайын
шабуыл жасап, ойрандап отырғандығы жөнінде айтылады. Қытайлар түріктерді
сюнну-ғұндар деп атаған.


546-шы жылы тирек тайпалары Монголиянын онтүстік және орталық
аудандарын мекендеген аварларға карсы жорық жасайды. Осы кезде күтпеген
жерден түріктердің қағаны Бумынның (Бумын деп те атаған) басқаруымен тирек
(теле) әскерлеріне шабуыл жасап, быт-шытын шығарып жеңіп, 50 мың әскерін
тұтқынға алады. Осыдан кейін түріктер күшейіп, енді аварларға карсы шығып,
авар қағаны үйінің ханшасын Бумынге әйелдікке беруді талап етеді. Авардын
каганы өзіне бұрын тәуелді болып келген түріктердің елшісін үйінен куып
шығады. 552-ші жылы көктемде түріктер аварлардын ордасына шабуыл жасап,
оларды күйрете женелі, авардын546-шы жылы тирек (теле) тайпалары
Монголиянын онтүстік және орталық аудандарын мекендеген аварларга (жуань-
жуань) карсы жорық жасайды. Осы кезде күтпеген жерден түріктердің қағаны
Бумын басқаруымен тирек (теле) әскерлеріне шабуыл жасап, быт-шытын
шығарып жеңіп, 50 мың әскерін тұтқынға алады. Осыдан кейін түріктер
күшейіп, енді аварларга (жужандар) қарсы шығып, соғысқа аттанады.


Аварлардың кағаны өзіне бұрын тәуелді болып келген түріктердің елшісін
үйінен куып шығады. 552-ші жылы көктемде түріктер аварлардын ордасына
шабуыл жасап, оларды күйрете женеді, аварлардың басшысы Анағұй
түркілердің жеңгеніне шыдай алмай өзін өзі өлтіреді. Содан бері 552 жылдан
бастап түрік қағанаты тәуелсіздігін алып, мемелекеттерін гүлдендірді.Тумын
553- Тумын өлгеннен кейін, таққа оның інісі Кара-еске отырады. Ол Орхоннын
жоғарғы жағында аварларды екінші рет женелі. Кара-Ескеден кейін, онын
мурагер інісі Еркінді- Мукан деген атпен қаған болады. Онын ел билеген ке 553-
572 жылдар. Муқанның тұсында аз уакыт ішінде (553- 554 жж.) түріктер
шығыста қайлар (татабтар), кидандар және огыз-татар тайпаларын, солтүстікте
Енесей қырғыздарын, Жетісу жеріндегі түргенеттерді өздеріне каратты. 563-567
жж Эфталит патшалығын басып алды. Міне, осыдан кейін олардын жері Каспий
теңізінен Солтүстік Индияға және Шығыс Түркістанға дейін созылып жатты.
Түріктер Орта Азияны жаулап алғаннан кейін Жерорта теңізіне баратын Жібек
жолына иелік етті. Олар өздерінін жаулап алу жорықтарын жүргізуде Иранға
қарсы Визан- тиямен одақтасты. 571 жылы түріктердің эскери қолбасшысы
Естемі Солтүстік Кавказды басып алды, сөйтіп Керчь түбегіне (Боспорға)
шыкты. Оның баласы Түріксанф Керчті басып алып, 576-шы жылы Қырымға
шабуыл жасады. Бірақ Естемі өлгеннен кейін, 582-593 жылдары билік үшін
кыркыс басталды. Өзара қырқыс пен әлеуметтік қайшылықтар қағанатты катты
әлсіретті. Күшейіп алған Иран 588 ж. Герат түбінде түріктерді жеңіп шығады.
Византия 590 жылы Боспорды қайтадан жаулап алады.Түрік қағанаты мал және
егіншілік шаруашылығымен шұғылданды, мал шаруашылығына байланысты
көшіп қонып журген.


 Егістік жерлерде түріктер отырықшылық шаруа- шылықпен айналысты. Қала
мен дала каганат күрамындағы біріккен әлеуметтік-саяси агзанын бір-біріне аса
кажет, бірін-бірі толықтырып отыратын бөлшектері еді. Елдің хал- кы - түріктері
де, соғдылары да бәрі бірдей сауда-саттықпен, - коленер кәсібімен, егіншілік
және мал өсірумен айналыскан. Нәтижесінде түріктердің калалары өркендей
бастады. Калаларда сауда-саттық кеңінен жүргізілді. Шу өзенінің бойындағы
Суяб қаласына Орта Азия және Қытай жерінен неше түрлі заттар әкеп сататын
болды. Түріктер Персия аркылы Византияға жібек және басқа заттар өткізуге
руксат сурап, 568 жылы Соғды көпесі Маниахтың баскаруымен елшілік
жібереді. Бірақ бұл жолғы сапар сәтсіздікпен аяқталған. Одан кейін ѴІ ғ. 70
жылдары осы елші Кавказ жері арқылы Константинопльге келіп, екі елдің
арасында жібекпен тікелей сауда жүргізу туралы және олардың бірігіп,
сасанидтер Иранына қарсы қимыл жасау жөнінде келіссөз жүргізеді. ішкі сауда
айырбасы да акшажүргізеді. Сырткы сауда айырбасы да, ішкі сауда айырбасы да
ақша айналасын шығарды, сөйтіп Батыс түрік қағанатының карамағындағы шет
аймақтарының да, орталығының да халкы осы айналысқа көшті. Түрік халқы
қолөнерімен де шұғылданып, өмірге кажетті, әсіресе, үй тұрмысына керекті
заттарды және каружарақтарды жасап пайдалана білді. Түрік каганаты
әлеуметтік тұрғыдан алғанда бір жағынан, ақсүйек тайпалар, екінші жағынан,
оларға бағынышты, тәуелді тайпалар болып екіге бөлінді. Бағынышты тайпалар
алым-салық төлеп түрған. Қағанаттың басында жоғары билеуші, әскер
басшысы, барлық жердің иесі қаған болған. Елдегі барлық билік онын туыстары
арқылы жүргізілді. Каганаттағы жоғарғы лауазымдар жабғы, ұлық, шад және
елтебер-қаған әулетіне ғана тән атақ-тұғын. Сот қызметін буйрык берушілер,
тархандар жүргізді. Қағанаттың негізгі халқы малшы қауым мүшелері, оларды
"кара буын" ("кара халык, "тобыр") деп атаған.


 Бумын қаған (490 – 552 ж.) - түркілердің өздері «Мәңгі ел» деп атаған әйгілі
Бірінші Түрік қағанатының негізін қалаушы тарихи ұлы тұлғалардың бірі.Түрік
қағандығының тарих саханасында пайда болуы Бумын қағанның есімімен
тікелей байланысты. Халық арасында оны «Ел қаған» немесе «Иль қаған»
(бірінші қаған) деп атаған, бұл «Бүуіл ел патшасы» болып аударылады.
Бумын қаған (? -552 ж.)-түркілердің өздері «Мәңгі ел» деп атаған әйгілі Бірінші
Шығыс Түркі қағанатының негізін қалаушы тарихи ұлы тұлғалардың бірі.
Оның алғаш тарихқа танылуы түркі еліне Батыс Вей империясының елшілерінің
келмеуімен тікелей байланысты. Бұл кезде түркі елі Жыужән қағанатының
құрамындағы, соларға темір кенін өндірумен айналысатын бодан ел болатын.
Бумынның бұл кездегі лауазымы- ұлы йабғу (даиеху). Оған ол түркі елінің
басшысы болған әкесі Ту (Туву) өлгеннен кейін, мұрагерлік жолмен ие болды.
Кезінде хатталып, қағаз бетіне түспегендіктен, Батыс Вей империясының елші
келгенге дейінгі түркі елінің де, оның басшысы Бумынның да тарихы белгісіз.
Сондықтан да болар тарихшылар ортағасырлық түркілердің тарихын, шартты
түрде, осы елшілер кеген да-тун жылнамасының он бірінші жылынан, яғни 545
жылдан басталады.
Теле ру-тайпаларымен Бумын қағанның қол астына біріккен түркілер сол кезде
өздері тәуелді болып отырған жуань-жуаньдарға қарсы шықты.Жауынгер,
көшпенді халық болған және де аттың құлағында ойнаған түркілер көрші
халықтар мен мемлекеттерге шабуыл жасап, тұтқыншылар алып, оларды
құлдарға айналдырған. Түркілер ѴІ ғасырдың ортасында өздерінің көршілері
аварларды, одан кейін Енисейде қырғыздарды, Маньчжуриядағы (қазіргі
Қытайдың солтүстік шығыс бөлігі) кидандарды ойсыратқан; солтүстік


Кытайдын өзі түркілерге бағынуға мәжбүр болған. Қытай дереккөздері «түркі»
терминін алғаш рет VI ғ ортасында (542 ж.)
13атайды. Одан әрі бұл термин баска елдерде тараған: Византияда Үндіде,
Согдианада, сириялыктарда, арабтарда, ирандыктарда және баска халыктарда.
Біздің ойымызша, түркілердің дипломатиялык байланыстар мен келісімдер
кезеңдерін қамтитын, сондай-ақ ұзақ соғыстарға тап болған Қытаймен өзара
карым-катынастары аса катты кызығушылық тудырады. Қытайлықтар
түркілерді ғұндардын ұрпактары деп санай отырып, алайда, кытай өркениеті
жоғары, әрі мәдениетті деп есептеген, сондықтан олар көшпенділерді
<<солтүстіктен келген варварлар» деп атаған. Түркілермен ұзак уакытка
созылған соғыстар бұл қауіп-қатерлі заманның тіпті поэзияда сипатталуына
дейін жеткізген.
Алайда, ѴІ ғ. соңында түркілердің басқарушы әулеті Ашина руы ішінде өзара
тартыстар күшейе түсті, бұл Қытайдың күшею кезеңімен сәйкес келді. 603
жылы Түрік қағанаты Батыс және Шығыс болып екіге бөлінді.оте коп. Хан
жалтыраған алтын түспен өрнектелген кен шатырда турады. Онын
касындағылары да әдемі киінген, олар хан алдында екі катар болып отыр, ал
қарауыл күзет ханның артында түр. Хан ерекше мәнер мен таңғалдыратын
салтанатқа ие».


Әр алуан елдерде болған Сюань Цзанды түрік сарайындағы жарқылдаған көздің
жауын алатын көріністер мен байлык. керемет рәсім, салтанатты қабылдау,
қытай және басқа тілдерді кереметтей білу таңғалдырды. Бірақ мүның бөрі
куатты түрік қағанының сырткы көрінісі еді.
Тон-жабгу (618-630) қағанаттың батыстағы саясатын белсенді жүргізіп, өзінің
кыскы ордасын Суябка - Шу өзені бойындағы ірі сауда-коленер орталығына, ал
жазғы ордасын Исфиджабка жакын мандағы Мыңбұлаққа көшірді. Жаңадан
жасалған жорықтар шекараны Әмударияның жоғарғы сағасы мен Гиндукшка
дейін созды. Тон-жабғу ордасы Құндызда болған, оңтустікті (Тохари- станды)
баскаруды өзінің үлы Тарду-шадка берді. 627-628 жылдары Тон-жабғу өзінің
әскерлерімен Ираклийге, Византия императорына, Кавказға жасалған
жорықтарға тікелей өзі қатысты. Түріктер Чоре (Дербент) мен Тифлисті басып
алғанда мол олжаға кенелді. Тон-жабғу қағанының ғажайып табысы онын
Тифлис кабырғасында Ираклиймен кездесуі болды, сол кездесуде Византия
императоры түрік қағанатының басшысына өзінің тәжін усынып, оған өзінің
қызы - ханша Евдокияны беруге уәде етті. 
Тон-жабғудың жорығы Орта Азияда да табысты болды, онда ол солтүстігінде
Жетісудан бастап оңтүстік Ауғанстан оңтүстігінде солтүстік-батыс Пәкстанға
дейін билігін күшейтті. мен Батыс-түрік қағанатының мемлекеттік жүйесіне
кіретін жергілікті иран вассалдарына түріктің титулдары берілді. Тон-жабгу
Орта Азияда «өзін әлемнің мықтысы санағандармен» жеке байланыс орнатып,
беделі күшті Самарқандтың билеушісіне өзінің қызын берді.
Тон-жабғу патшалық құрып түрған кезде «ешқашанда мундай кудыреттілік
болған жоқ» деп жазады шежіреші. 


Бірақта мундай шарықтау ұзаққа созыла қойған жоқ. Өкінішке орай тарих
кайталанып, Батыс-қағанаты өзінен бұрынғылар басынан кешірген сәтсіздікке
үшырады. Мемлекет узакка созылған саяси дағдарысқа түсті, оның басты себебі
батыс-түрік қағанатының тайпалық одағын қүрайтын дулу мен мен нушиби екі
конфедерацияның аксүйектері билікке таласты.
Шығыс қағанаты Қытайға бағынғаннан кейін императорлық әскерлер батыс
түріктің шекарасына шоғырланды. «Он ок» әскеріжеңіліске үшырады, ал
олардын сонгы тәуелсіз билеушісі Нивар- Ешбара-жабғу қаған тұтқынға
алынып, екі жылдан кейін, яғни 659 жылы кайтыс болды. Тек осы женілістен
кейін арада 40 жыл өткесін түріктер күш жинап, бәрін кайта бастады. VII
гасырдын 80-ші жылдарында шығыс түріктері Құтлықтың бастауымен
бірікті,содан кейін өздерінің бұрынғы иеліктерін қайта жаулап алуга умтылды.
Қутлык Елтеріс-қаған лауазымына, <<халыктарды біріктіруші» деген атакка ие
болды. Оның ісін інісі Қапаған-қаған (691-716) және үлдары Білге-қаған және
Күлтегін жалғастырды. Аз уакыт ішінде ол куатты мемлекетке айналып, Кытай
мен батыс түріктерді қайтадан бағындырды.


Батыс түрік қағанының мемлекетінде бірінші түлға жоғары билеуші - қаған,
басқарушы, әскери қолбасшы болды. Қағанатта әр кездері бірнеше қағандар
болса, олардың өкілеттіктері әркелкі дәрежеде кездесті. Қаған мемлекеттің ішкі-
сыртқы істерінің бәріне басшылық етіп, ақсақалдар (рубасылары) кенесін
бекітті. Қаған тек әмірші ғана емес, сонымен қатар қағанаттың барлық жерінің
меншік иесі де болды. Бірақта көшпелі коғам жағдайында билік негізінен жерге
емес, оны пайдаланушы адамдар ұжымында жүргізілді. Мемлекетте қағаннан
кейін екінші тұлға ұлық еді. Қағанатта жоғарғы атақ жабғу, шад және елтебер -
қаған руынан шыққандарға тиесілі болды: олар қағанға - карайтын бағынышты
тайпалардың билеушісі және қағанның өкілдері дәрежесін иеленді. Сот
қызметін бүйрықтар, тархандар атқарды.
Бектер тайпалардың басшылары мен өкілдері, - жергілікті жердегі
ақсүйектердің басты тірегі. Отбасында кул устаушылық болды. Түрғындардың
негізгі бөлігі еркін қауым- дық-малшылардан тұрды. Шаруашылық түрғыдан
алып қара- ғанда, ертедегі түрік кезеңі Ұлы дала төсінде бір-біріне теңесе
коймайтын көшпелі және жартылай көшпелі елде мал шаруашы- лығы мен
отырықшы-егін шаруашылығы сияқты екі саладан туратын бірыңғай жүйені
қамтыды. Қала мен дала белгілі бір жағдайда бір-бірін толықтырып, бүл
мемлекеттің нығаюына әсер етті. 


Қала тұрғындары үшін тыныштық керек болды, ал оған жауынгер қорғаушылар
кепілдік берді.Сонымен, тарих сахнасына шыққан ежелгі түріктердің бүкіл
Азияға әсері негізінде «Түркістан», яғни «Түрік әлемі» деген ұғым қалыптасты.
«Туркістан» атауы «Тұран» ұғымымен тікелей байланысты, ал «Тур>> деген
ұғым түрік деген мағынаны білдіреді. «Түрік Елі» деген мағынаны
«Түркістан>> атауы алғаш рет түріктердің елі деген мағынада VI гасырдагы
парсы дерек- терінде кездеседі. 
1968 жылы Орталық Азияның Моңголия аумағында Түрік қағанатының құрылу
құрметіне арналған ескерткіш ашылды. Биік тасқа салынған ескерт- кіште
қасқырдың бауырында тұрған жаралы сәбидің бейнесі берілген. Тари- хи аңызға


сәйкес, жаулары ойрандап кеткен тайпадан қалған сәбиді қасқыр құтқарып
қалыпты-мыс. Кейін Шығыс Тянь-Шяньде сол бала мен қасқырдан он бала
таралып, олар батысқа қарай қоныс аударып, Алтай тауларын ме кен еткен. Сол
аңыз бойынша олар түріктердің арғы тегі болып есептеледі.
Ежелгі түркі тілдес тайпалардың негізгі топтары түріктік этнотектің қалып-
тасуының бастапқы кезеңінде пайда болып, олар өздерінің тарихи сабақта-
стығын сақтап қалды. Бұларға Орталық Азиядан Алтайға қоныс аударған
түркілер, сондай-ақ енисей қырғыздары, қыпшақ тобы, теле немесе оғыздар
жатады.
Көне түркі жазбалары немесе Орхон-Енисей жазбалары — б.з. V ғ. — X ғғ
аралығындағы түркі тайпаларының тасқа қашап жазған жазбаларыОрхон-
Енисей ескерткіштері алғаш Орхон өзені бойынан (Екінші түркі қағандығы кезі)
табылды, кейін Енисей өзенінің жоғарғы ағысында (Қырғыз қағандығы). Кейде
руник жазбасы дейді, алман руналарынынан жанасым тауып (кейбір нышандар
кескіні дәл келіп тұр, дауысты мағынасы да жақын). Азиялық түркі руналары
соғды жазуының негізінде VIII ғ. бұрын жасалған деп есептеледі. Оның
әліпбиінде 40-қа жуық графема бар. Көне түркі руника жазуы ерекшелігі - онда
негізгі велярлық және палаталдық дауыссыздарға арналған бірнеше жұп дербес
әріптер бар. Көне түркі руника жазуы жұмбағын 1893 жылы В. Томсен шешкен.
Орхон ескерткіштерінің тұңғыш тәржімаларын 1894 жылы В.В. Радлов жасаған.


Орхон-Енисей жазбалары — көне түркі жазба тарихи-мәдени ескерткіші. Көп
уақытқа дейін сыры беймәлім, қай тілде жазылғандығы белгісіз болып келген.
Орхон-Енисей жазбаларын руналық жазбалар деп те атайды (Скандинавия
халықтарының тілінде "рунь" сөзі "сыры ашылмаған", "құпия" деген мағынаны
білдіреді). Тек 1893 ж. ғана даниялық ғалым Томсен құпия жазуды оқудың кілтін
ашады. Біраз жылдардан кейін орыс ғалымы В.В.Радлов Орхон өзені бойынан
табылған үлкен тастардағы жазуды толық оқып, аударды. Руна жазуындағы ең
үлкен ескерткіштер Орхон мен Енисей өзендері алқабынан табылғандықтан,
жазудың өзін де осылайша атап кетті.
Орхон-Енисей жазбалары Шығыс Түркі қағанатының қағаны Білге мен оның
інісі Күлтегін қабірлеріне қойылған орасан зор құлпытастарға қашап жазылған
жыр жолдары болып шықты. Жырға арқау болған негізгі мәселелер - елдің
тәуелсіздігі, береке-бірлігі. Күлтегін жырында сегіз оқиға баяндалған.


Біріншісінде, қағанның өз халқына қарата айтқан үндеуі,
Екіншісінде Түрік Қағанаты жерінің кеңдігін суреттейді,
Үшіншісінде түркілердің әскери жорықтары,
Төртіншісінде көршілес табғаштардың қастандық әрекеттері туралы әңгіме,
Бесіншісінде табғаш тайпасымен қатысу түркілерге қауіпті екендігі жөнінде,
Алтыншысы түркі халқының болашақты болжай алмауына өкіну,
Жетіншісі түркі халқының даңқын асырған қаған жөнінде,
Сегізіншісінде осы ескерткішті жыр қып жазуға түрткі болған жағдайларға
тоқталады.
Орхон-Енисей жазбаларының енді бір ескерткіші - Тоныкөк құлпытасындағы
жырлар. Онда да сол кездегі түркілердің өмірінен мағлұмат беретін он төрт жол
жазылған. Түркі халқының табғаштарға тәуелді болып қалу тарихы, азат қалған
түркілердің бірігуі, қаған сайлауы, Тоныкөктің ықпалымен Елтерістің қаған
болуы, Оғыз мемлекетінің тыңшылары түркілерге қауіп төндіргені,
қарсыластармен болған шайқастар, анталаған жаудың бетін қайтаруда
Тоныкөктің ерлігі, ұрыс-шайқастардың жүргізілуі, түркілердің түрлі
тайпалармен жауласу жолдары баяндалып, Тоныкөкті мадақтау берілген.
Енисей өзені аңғарынан құпия жазуы бар құлпытастар табылғаны туралы
алғашқы хабарды Н.К.Видзен, С.У.Ремезов, сондай-ақ Сібірде айдауда жүрген
швед офицері И.Т.Страленберг пен немістің белгілі ғалымы Д.Г.Мессершмид,
т.б. бергенін ХVIII ғасырдың бас кезінде жазған мақалалары мен хаттарынан
білеміз.
1893 жылғы қарашаның 25-күні Дания корольдік ғылым академиясының
мәжілісінде Вильгельм Томсен ғылыми әлемді дүр сілкіндірген мәлімдеме
жасады. Ғалым Орхон мен Енисей өзендері бойынан табылған ескерткіштердегі
құпия жазуды оқудың кілтін ашқандығын хабарлады. Ғалымның ең алдымен
оқыған сөздері «тәңірі» және «түрік» деген сөздер екен.


Дәл осы кезде академик В.В.Радлов та өз бетінше ізденіп, руна жазуының он
беске жуық әрпін анықтап алған еді. Арада көп уақыт өтпей, В.В.Радлов Орхон
өзені бойынан табылған үлкен тастардағы мәтінді толық оқып, аударып шықты.
Орхон жазба жәдігерліктерін ұзақ жылдар бойы түбегейлі зерттеген білікті
ғұламалар М.Жолдасбеков пен Қ.Сартқожаұлының бірлесіп жазған ірілі зерттеуі
жарық көрді.
Л.Н.Гумилев Орхон жазба ескерткіштерін «Көк түріктердің өздері туралы»
жазған шежіресі деп біледі.
Тасқа жазылған ескерткіштерде негізінен Түрік қағанаты, оны билеген қағандар,
олардың ерлігі жайында сөз болады. «Күлтегін» және «Тоныкөк» жырлары
өткен дәуірден нақты мәлімет беруге арналған тарихи деректер. «Күлтегін»
жырының басты идеясы – Күлтегін батырды Түрік қағанатының құдіретті
тұлғасы етіп көрсету. «Күлтегін» жырының авторы – Йоллығтегін Түрік
қағанатының күш қуаты артты, жері барынша кеңіді, ел тұрмысы түзелді.
Түрік қағанаты тарихында Тоныкөк тұлғасы ерекше орын алады. Ол Елтеріс
қаған, Бөгі қаған және Білге қағандарға кеңесші болған. Тоныкөк ел қамын
ойлаған ақылгөй, дана қарт. Түрік қағанатына төрт жағынан жау қаптағанда,


Тоныкөк ақыл кеңесімен де, тапқыр сөзімен де, батырлық істерімен де
қағандарға көмектесіп отырды. Орхон жазба жәдігерліктері ішінде «Тоныкөк»
жыры ерекше орын алады. Бұл жырдың авторы бөлек, оны Тоныкөктің өзі
жазған деген болжам бар. Екіншісі – руна жазуындағы бұл жәдігерліктерді
поэзиялық туындыға тән барлық белгілері бар, ежелгі түркілердің өзіндік әдеби
дәстүріне негізделген көркем туынды деп таныды.
Орхон жәдігерліктерінің ерекшеліктері туралы соңғы кезге дейін өзара қарама
қайшы екі түрлі көзқарас орын ала келді. Бірі – Күлтегін және Тоныкөк
жәдігерліктері көркем әдебиетке, соның ішінде поэзияға ешбір қатысы жоқ,
Түрік қағанатының дәлме дәл жазылған тарихы деп қарады.
Орхон жазба жәдігерліктерінің ішінде «Күлтегін» және «Тоныкөк» жырлары
өзінің идеялық мазмұны, композициялық құрылысы, көркемдік бейнелеуі
жағынан қазақтың ерлік пен елдікті жырлаған қаһармандық жырларының
алғашқы үлгілері болып табылады.Түрік қағанатының ыдырауына бір жағынан,
сол кезеңге дейін бытыраңқы болып келген қытай суй (581-618) әулеті тұсында
айтарлықтай күшейіп, Түрік қағанатына қысымын арттыра бастаған еді. Екінші
жағынан, түрік қоғамындағы билеуші Ашина руының ішінде билікке талас
басталган бола тын. Ал, 581-583 жылдары Түрік қағанатының әлеуметтік-
экономикалык жағдайын тұралатып кеткен зор жұт болды. «Түркілер нанның
орнына үгітілген сүйектермен қоректенді», - деген, сол қасіретті кезеңнің
куәгерлері. Соны- мен бірге, осынау ұлан-ғайыр аумақты ұзақ уақыт басқару да
аса қиын бола тын-ды. 603 жылы Түрік қағанаты дербес екі мемлекетке бөлінді:
Шығыс Түрік қағанаты (Орталық Азия аймағында орналасты) және Батыс Түрік
қағанаты (Орта Азияда орналасты).
Шығыс Түрік қағанаты Қытайға бағынышты болып, саяси дағдарыстың
ұзақ кезеңін бастан кешірді. Оның қайта өрлеуі Құтлық-Елтіріс қағанның
тұсында басталды. Шығыс Түрік қағанатының едәуір күшейген кезеңі оның
ағасы Қапаған қағанның және игілікті істері «мәңгілік тасқа» түсірілген Білге
қаған мен Күлтегін билігі тұсында жетті. Батыс Түрік қағанатының (603-704)
негізін «Он ок будун» (Он оқ елі) құрады. Олар Қаратаудан Жоңғар тауларына
дейінгі байырғы үйсіндер жерін, сонымен бірге Шығыс Түркістан мен Орта
Азияның отырықшы-егіншілік жа- зираларын алып жатты. Соғды мен Бұхарада
да қағанның уәлилері отырды. Батыс Түрік қағанатының ондағы иелігі
Амудария мен Гиндукуштың бастау- ларына дейін, Исфиджаб пен Шаштан
Оңтүстік Ауғанстан мен Солтүстік- батыс Пәкістанға дейін жетті.


Батыс Түрік қағанаты қалалық және егінші-отырықшылық мәдениеті да мыған,
Ұлы Жібек жолының басты тармақтарын бақылауында ұстаған, сол себепті
саудасы өркендеген мемлекет болды. VI-VII ғасырларда Талас, Іле, Шу
өзендерінің алқаптарында ондаған қалалар мен күшейтілген бекіністер пайда
болды. Бұл ірі қалалар көлемі бойынша орта ғасырлық Орта Азияның цитадель,
шахристан, рабадтардан тұратын қалаларынан кем түспеді. Тек Шу алқабының
өзінде ғана 20-ға жуық ірі қалалар мен көптеген қалашықтар өмір сүрген. Батыс
Түрік қағанатында қаған жоғарғы билеуші, әмірші, әске- - ри колбасшы
қызметтерін атқарды. Қаған билігі мұрагерлік дәстүр бойынша ауысып отырды,
ол мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын айқындап отыр- ды, қағанаттағы
барлық жерлерге иелік етті. Қаған мемлекетті билеуде жо- ғарғы лауазымдарға
ие болған ақсүйек рулардың өкілдеріне сүйенді, олар қағанның тәуелді
тайпалардағы уәкілдері болды. Қағанатта үй шаруасы үшін пайдаланылған
құлдар ұсталды. Халықтың негізгі бөлігі тәуелсіз малшы қауымынан тұрды.
Қағанаттың астанасы Шу алқабындағы Суяб қаласы, ал жазғы ордасы
Мыңбұлақта (Түркістан маңында) болды.


.
630-634 жылдары Батыс Түрік қағанаты Сырдариядан батысқа қарай Орта
Азиядағы саяси ықпалынан айырылып қалды. Осы кезеңнен бастап мемлекетте
дагдарыс кезеңі басталды. Оның басты себебі, сыртқы жаулар- дын кысымы
және тайпалық одақтар арасындағы билік үшін күресі еді. Жетісуға қытайлар
басып кіріп, 657 жылы Батыс Түрік қағанатының әскері жеңіліске ұшырап, саяси
дербестігінен айырыла бастады. Енді қағанатты басқару қытай әкімшілігінің
бақылауымен жүзеге асырыла бастады.
Батыс Түрік қағанатының құлауының нәтижесінде, оның басқа аймақ- тарында
күшті мемлекеттік бірлестіктер пайда болды. Еділ жағалауында және Солтүстік
Кавказда Хазар қағанаты, Сырдария мен Арал жағалауында Огыз мемлекеті,
Жетісуда - Түргеш, Қарлұқ қағанаттары, Орталық, Солтүстік және Шығыс
Қазақстанда Қимақ қағанаты құрылды. Ал, Енесей аймағында Қырғыз- дардың
мемлекеттік бірлестігі, Моңғолияда - Ұйғыр (тоғыз оғыз) қағанаты пай- да
болды. Бұл этникалық-саяси бірлестіктер Түрік қағанатының әлеуметтік,
мәдени, әскери, мемлекеттік әкімшілік дәстүрлерін жалғастырды. 



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет