I химияны оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері


Химияны оқытуды ұйымдастыру формалары



бет14/71
Дата14.09.2023
өлшемі2,95 Mb.
#107886
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   71
Байланысты:
228810231235 Химияны оқыту әдістемесі Оқулық

1.4 Химияны оқытуды ұйымдастыру формалары

Әрбір мемлекеттің халық ағарту жүйесінде әрдайым қоғам дамуының әлеуметтік-саяси құрлысы, экономикасы, мәдениеті, сондай-ақ тарихи және ұлттық дәстүрлері бейнеленеді. Осы факторлардан сол мемлекттің ағартушылық, мәдени саясаты айқын көрініп тұрады. Біздің елімізде демократиялық ұстанымдар негізінде құрылған халыққа білім берудің сындарлы жүйесі бар. Республика халқының 20 пайыздан астамы бөлігін құрайтын үш миллионға тарта баланы қамтып отырған орта мектеп білім берудің негізгі буыны болып табылады.


Мәдениетті сақтаушы келер ұрпаққа жеткізуші басты құрал – білім екені мәлім. Сондай-ақ білім алу арқылы адам өзінің өмірге деген қажеттілігін өтейді. Білім беру саласындағы мемлекттік саясат әлемдік тәжірибені және отандық білім беру іс тәжірибесінде ескеретін ұстанымдық ережелерге негізделуі тиіс. Егеменді елімізде білім берудің үздіксіз жүйесі іргелі үш мәселені қамтиды, олар: дүниетанымдық, шығармашылық және құзіреттілік.
Химиялық орта білім беру тоғыз жылдық және толық орта білім беретін он бір жылдық мектептерде, оқушылардың бейімділіктері мен қызығушылығы негізінде саралап оқыту мектептерінде, арнаулы әскери училищелерінде, гимназия, лицейлерде, денсаулығы нашар балаларға арналған санаторийлік мектептерде, арнаулы оқу орындарында, педагогикалық соқырлар мектептерінде, кәсіптік-техникалық училищелерде оқылады. Осы оқу орындарының оқу бағдармаларының өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес химия пәнін оқыту әр түрлі дәрежеде жүзеге асады. Оқу орындарының бірінде химия аса тереңірек, ал екінші біреулерінде төменірек деңгейде оқытылады. Химия курсының мазмұны егеменді еліміздің оқу жүйесі жөніндегі орта мектепте жалпы білім берудің тұжырымдамасында анықталған. Химиялық орта білім беру бір-бірінен бөліп қарауға болмайтын үш орындалатын міндеттен тұрады. Ол оқытудың білімдік, тәрбиелік және дамытушылық мақсаттары деп аталады.
Химия пәнінің білімдік, тәрбиелік және дамытушылық мүмкіндіктері, химиялық орта білім берудің негізгі міндеті аға ұрпақтардың жинақтаған тәжрибесі негізіндегі білімді логикалық және дидактикалық өңдеуден өткізіп, түсінікті етіп беру. Қазіргі кездегі оқытудың мақсаты жеке адамды жан-жақты және кешенді оқыту, тәрбиелеу және дамыту.
Оқыту әрекеті – педагогика, дидактика және әдістеме ғылымдары тұрғысынан түсінуге болатын күрделі үрдіс. Педагогикалық тұрғыдан қарағанда оқыту дегеніміз жасөспірімнің бойына ұжымдық тәрбиені сіңіру болса, ал дидактикалық жағынан оқыту – білім мазмұнын жасөспірімдерге сабақ беру арқылы жеткізу. Әдістемелік тұрғыда оқыту – нақты оқу пәнінің материалын жасөспірімдерге жеткізу ісіндегі сабақ беру мен оқытудың бірлігі.
Оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы – сабақ. Сабақ-оқытудың сыныптық-сабақтық жүйесінің құрамдас бөлігі. Біздің елімізде оқыту сыныптық-сабақтық деп аталатын жүйе бойынша жүргізіледі. Сыныпта барлық оқушылардың жас шамасы, білім дәрежесіне сәйкес жеке сыныптарға топтастырылып, тұрақты құрамы болады. Оқу материалы пән бойынша сыныптарға бөлінеді (химияның жаңа бағдарламасы бойынша химияны оқыту 8-11 сыныптарға топтастырылған). Оқу материалы әрбір сыныптарға жеке бөліктерге бөлініп, логикалық жүйелілікпен топтасып беріледі. Сабақтың ұзақтығы 45 минут, тұрақты оқу орны-химия кабинеті.
Сабақтық деп аталуы - пән бойынша оқу курсының бірқатар жеке тараулары мен тақырыптарға, ал тарау мен тақырыптың біркелкі және бірізді орналасқан белгілі кесте бойынша бірінен соң бірі келіп отыратын бөлшектерге сабақтарға бөлінетіндігінде. Оқытудың сыныптық-сабақтық жүйесі жалпы білім беретін орта мектептің бірден бір жүйесі емес, жоғарғы сыныптарда, жоғарғы оқу орындарына тән сабақтық дәрістік-семинарлық жүйесіде қалыптасып келеді. Оқытудың жекелеп оқыту формасы, бағдармалап оқыту формасыда қолданылады.
Сабақтық-сыныптық жүйе - педагогика саласындағы бағалы жетістіктердің бірі. Бұл жүйе мектептерде бірден осы күйге келе қойған жоқ. Оның 300 жылдық тарихы бар. Сабақ XVI ғасырдан бастап қалыптаса бастады. Сыныптық абақтық жүйенің негізгі құрам бөлігі ретінде Я.А.Коменсктийдің және тағы да басқа педагогтар еңбектерінде теориялық негізделді, көптеген елдердің оқу процесінде орын алды.
Тарихта бірнеше жүйе белгілі: оқытудың жеке дара, топтық жүйесі-бұл оқытудың анағұрлым ерте қалыптасқан тарихи жүйесі деп те аталады. Ол шіркеу, рыцарь мектептерінде қалыптасты. Жылдың қай мезгілінде болсын оқушыларды мектепке қабылдай беруді көздеді. Мұнда әр түрлі жастағы оқушылар қабылданды. Топта әдетте он бес шақты оқушы болды. Оқу жеке дара жүргізілді. Мұғалім әр оқушыға жеке дара тапсырма беріп, сұрап отырды. Оқыту әдісі де өте қарапайым болды.
Сабақ - уақыт жағынан шекті оқыту үрдісі, оның барысында белгілі оқу-тәрбиелік мақсаттар жүзеге асады. Сабақ дегеніміз - мұғалім мен оқушы арасындағы шығармашылық ізденіс, бірлесіп нәтижеге жететін ақыл-ой еңбегі. Сабақ - ұжымдық шығарма. Оқыту үрдісі мемлекеттік жоғары басқару органдары жасаған және бекіткен бағдарлама мен оқу жоспары негізінде жүргізіледі. Бұған қоса сабаққа байланысты дидактикалық міндеттерді, әдістерді шешетін адамдар – арнаулы педагогикалық даярлығы бар педагогтар. Демек мұғалім – оқыту үрдісіндегі негізгі тұлға және ілгеріде де солай болып қала бермек.
Сабақ – бұл оқытудың ұйымдастыру формасы, сол арқылы мұғалім белгілі уақытта, арнаулы орында, тұрақты оқушылар тобында (сыныпта) ұжымдық таным қызметіне басшылық жасайды, онда оқушылар ерекшелігін еске алып, әр түрлі әдістер мен құралдарды пайдаланып, барлық оқушылар оқу материалының негізін меңгеретіндей дәрежеде танымдық қабілетін дамытып отырады, тәрбиелейді және оқытады. Бұл анықтамада тек сабақтың ішкі мазмұны мен сыртқы ершеліктері ғана көрсетілген.
Сабақ – біртұтас күрделі жүйе, оған оқушылардың білімді меңгеруі, оны дамытуды, көзқарас қалыптастыруы, сезімдік тәрбиесі, жеке ерекшеліктерінің қалыптасуы кіреді.
Оқушыларға химиядан жүйелі білім беруде сабақ басты орын алады.
Сабақтың негізгі дидактикалық міндеті болып жаңа білім, икемділік, дағдының меңгерілуі, жетілдірілуі мен оларды тексеру есептеледі.
Сабақ - өте күрделі, жан –жақты, көп қызмет атқаратын педагогикалық үрдіс. Сабақ мақсат қоюдан басталады. Қазіргі кезде сабаққа қойылатын мақсаттың үш түрі белгілі, олар: жалпы педагогикалық (тәрбиелеу мен дамыту), дидактикалық (оқи білу дағдысын меңгеру), әдістемелік (химия пәні бойынша білім мен іскерлікті қалыптастыру, дүниетанымдық көзқарастарды түсініп, қорытындылар жасай білуге үйрету) мақсаттардың ортақтығы негізінде іске асырылады.
Сабақтың негізгі дидактикалық міндеті болып жаңа білім, икемділік, дағдының меңгерілуі, жетілдірілуі мен оларды тексеру есептеледі.
Сабақ негізгі білім беруші, тәрбие мен дамыту үрдісін жүзеге асырушы оқу процесінің бөлігі бола отырып бірнеше құрамдас бөліктен тұрады. Сабақтың негізгі құрамдас бөліктерінің арасындағы байланыстарды сызбанұсқа түрінде былай өрнектеуге болады:

5-сурет Сабақтың құрамдас бөліктері арасындағы байланыс


Жалпы педагогикалық мақсат – оқушыларға тәрбие беру және жан – жақты даытуды көздесе, ал дидактикалық мақсат оқу жүйесінің қай кезеңі сабақта орындалатынына, қай кезең ең басты болатынына бағыт береді. Әдістемелік мақсат оқушылар сабақта қандай химиялық білім мен іскерлікті, дағдыны игеру керектігін анықтайды. Мысалы: сабақ белгілеріне сәйкес бөлінеді.


Кіріспе сабақ, материалмен алғашқы таныстыру, ұғымдар қалыптастыру, жаттығулар т.б. ұйымдастыру (И. Н. Борисов, С. В. Иванов сабақтарды осындай кезеңдерге бөлді).
Жүргізу әдістері мен белгілері бойынша бөлу: әр түрлі дәріс, әңгіме, өзіндік жұмыс, кино сабақ, т.б. (И. Н. Казанцев т.б).
Тәрбиелік мақсатына сәйкес бөлу. Жаңа материалды оқу сабақтары, білімді, дағдыны қорытындылау және қайталау сабағы, бақылау. есепке алу сабағы т.б. Бұны қолдаушылар: М. А. Данилов, В. П. Есипов, С. Г. Шаповаленко, Д. М. Кирюшкин, В. С. Полосин, Р. Г. Иванова т.б.
Әдіскерлер көптеген дидактикалық мақсаттарға сәйкес сабақтың үш типін басшылыққа алады:

  1. Жаңа материалды үйрену және жаңа біліктерді меңгеру сабақтары

  2. Оқушылардың білімді, іскерлікті жетілдіру сабақтары.

  3. Білімді, іскерлікті тексеру сабақтары.

Олар өз алдына үш түрге бөлінеді:

  1. түсіндірме-көрнекі бейнелеу

  2. догматикалық-сөздік

  3. тапқырлық-зерттеу сабақтары.

Бұл жерде білімді жинақтау мен жүйелеу түрлері айтылмаған. Кейбір авторлар сабақты: әңгіме сабақ, жаттығу сабақ, дәріс сабақ деп те бөледі. Оқыту әдстеріне сәйкес сабақты жіктеу күрделене түседі. Химия пәні бойынша сабақтың бес типін көрсетуге болады:

  1. Жаңа білім мен дағдыны меңгеру сабақтары.

  2. Сарамандық білімді, дағдыны, іскерлікті жетілдіру және қалыптастыру сабақтары.

  3. Білімді жүйелеу, қайталау, қорытындылау, жалпыламалау сипатындағы сабақтар.

  4. Білімді бақылау, тексеру, есепке алу сабақтары.

  5. Аралас құрама комбинациялы сабақтар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет