I химияны оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері


Химия мазмұны мен химиялық пәндерге қойылатын дидактикалық талаптар



бет7/71
Дата14.09.2023
өлшемі2,95 Mb.
#107886
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   71
Байланысты:
228810231235 Химияны оқыту әдістемесі Оқулық

Химия мазмұны мен химиялық пәндерге қойылатын дидактикалық талаптар

Бұрынғы кеңес үкіметінде мектептің химия курсы бірден анықталынбады. Оның тұрақтануын оқу бағдарламалары бойынша қадағалауға болады. Қазан төңкерісінен кейін ешқандай бағдарлама мемлекет деңгейінде құрылмай жергілікті жерлерде құрылды.


1920 жылы химияның шамамен алынған екі бағдарламасының жобасы жарияланды. Оның бірі Москвалық проф. П.П.Лебедевтің басшылығымен екіншісі Петербургтік проф. В.Н.Верховскийдің басшылығымен құрылды. Шамамен алынған бағдарлама мектептің химия курсының жүйесін анықтамайды, ол тек тақырыптар тізбесін береді.
Петербургтік нұсқа оқу курсын қандай бағытта құру керектігін көрсетеді. Бұл нұсқада «бағдарламаның әдістемелік нұсқауы» мысал ретінде берілген. Москвалық нұсқа химия курсының жүйелі түрде берілуін қажет деп есептемеді. Тіпті бағдарламаға периодтық жүйені де енгізбеген.
Петербургтік нұсқаның артықшылығы: химияны оқытуда бақылау мен тәжірбиеге көп көңіл аударады. Және оның оқу материалын теориялық ой елегінен өткізуі қажет деп санайды да, зертханалық сабақтар мен сарамандық сабақтарды ұсынады. Химия курсын өмірден үзбейді. Химиялық өндірістің жеке бөліктеріне емес мәніне көп көңіл бөлінді. Химиялық символиканы заттар мен оларда өтетін құбылыстарды зерттеуде маңызды құралдың бірі ретінде қарастырады. Жеткіліксіз жағы: химияның сандық жағына көп көңіл бөліп, ал химиялық процестердің зат құрылысы тұрғысынан түсіндірілуін, сапалық химия жағын бағаламады. Атом-молекулалық ілімді тек болжам ретінде ғана атап өтті.
Москвалық нұсқаның кейбір артықшылығы оқытушы зейінін химия курсын оқыту әдісін белсендіруге бағыттайды. Яғни мұғалім тек нақты материалды беріп қана қоймай, қолдануды оқушыға үйретуі керек дейді. Кемшілігі: көптеген дөрекі қателіктері бар. Химия курсының жүйесін қажет етпейді. «Зертеу әдісін» асыра бағалайды. Негізінен барлық оқу процесі зертханада өту керек, ал сыныптағы сабақтар тек кіріспе немесе түсіндірме ретінде болу керек делінеді. Москвалық нұсқа асыра сілтеушілікке жол берді (оқушыларды зауытқа топ серуенге емес, жұмыс істеуге баруы керек т.б).
1921 жылы Москвалық және Петербургтік нұсқадан басқа «Ұжымдық мектепке арналған жаңа бағдарлама» жарық көрді. Бұл минимум бағдарлама да шамалық, бағдарламалаушылық сипатты болды. Оқу материалын бөлу, сабақ беру әдістерін белсендіру жайлы көп нұсқаулар беріліп негізгі мәнді ештеңе берілмеді.
1923жылы қабылданған жинақта бағдарламада жаңа қалыптаса бастаған химияның жүйелі курсы жойылып оның орнына барлық пәндерді біріктіретін кешенді тақырыптар схемасы берілді. Олар: 1) табиғат; 2) еңбек; 3) қоғам. Осы тізбеге орай кешен бойынша мыналар оқытылды:
-табиғат байлығы мен күші;
- осы табиғи байлықтарды адамның қолдануы.
- қоғамдық өмір.
Осы кешендерді оқыту кезінде оқушыларға қоғам тану, тіл, физика т.б білім бөлімдерінен ғылыми мәліметтер берілді. Тек химия ғана қамтылмады.
1925-27ж басқа кеңейтілген кешендер «ауыл шаруашылығы», «өңдеу өндірісі формалары» т.б. кешендер енгізілді. Екі нұсқада жеңілдетілген бірақ минималды міндетті және қалыпты түрде берілді. Мемлекеттік бағдарламаны өлкетану материалдарымен толықтыруға рұқсат берілді.
Осыдан кейін кешенді оқыту тіпті өрескел формаға айналды. 1929 жылдан бастап фабрика, завод, колхоз, совхоздардың өндірістік өмірі оқытыла бастад. ФЗС бағдарламасына да осындай сипат берілді. ФЗС-те химияны оқытуда химиялық процестерді оқытуға көп көңіл бөлді.
1931 жылы V-VII оқу жылы үшін жасалған оқу бағдарламасы мектеп өндіріс цехы идеясын дамытты және оқушыларға жұмыс істеуді ұсынды.
1932 жылы химиядан тұрақты бағдарлама ұсынылды. «Об учебных программах и режиме в начальной и средней школе» (от 25.08.1932).
Тұрақты бағдарлама білім беру мен тәрбие мәселесін және химия курсының нақты мазмұнының міндеттерін қарастырды.
1921-1949 жылдары мектептегі химия курсы біркелкі болды. VII сыныпта басталып X сыныпта аяқталды.
1949-1950 жылдары оқу жылында біртекті химия курсы 2-ге бөлінді: 1) кіріспе және 2) негізгі. 1) 7сынып; 2) 8-10сыныптар. Кіріспе курс 1 жылдық онда тек химиялық алғашқы түсініктер мен заңдылықтар және іс жүзінде маңызды нақты материалдар оттек, сутек,, ауа, көміртек және оның қосылыстары, темір, алюминий, мыс, қышқыл, негіз, тұздар берілді. Қышқыл, тұз, негіздің алынуы, жіктелуі, генетикалық байланысы қарастрылмады. Құрылыстың электрондық теориясы да берілмеді. Кіріспе курс оқушыларды тек білім негізімен ғана қаруландырмай кейбір іс-тәжірбие икемділіктерімен де қаруландырды.
Химияның негізгі курсы кіріспе курстың жалғасы болды. Ол кіріспе курстың қысқаша қайталануымен басталды. Онда атом-моллекулалық ілім, бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары кеңейтіліп берілді. «Оттек», «Көміртек» және «Металдар» тақырыптары қайталанып кеңейтілді. Химияның негізгі курсы 3 жылға есептеліп берілді. Бейорганикалық химия және органикалық химия енді.
1954-1955 оқу жылы біртіндеп химияны оқытудың жаңа бағдарламасы енгізілді.

    1. – VII сынып, 1955-1956 - VIII-IX,1956-1957 – X сыныптар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет