I химияны оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері



бет51/71
Дата14.09.2023
өлшемі2,95 Mb.
#107886
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   71
Байланысты:
228810231235 Химияны оқыту әдістемесі Оқулық

3.4 Оттегі және оның қасиеті.

1.Оттегін алу.


А) Судың айырылуын қарау.
Б) Судың асқын тотығының көлеміне сай пробирка немесе стакан алып, оған 3% сутегінің асқын тотығын құйыңдар. Бұдан кейін шала жанған шыраны апарған кезде айырылу әлі жүрмегенін көрсетіңдер. Содан кейін марганецтің (IV) оксидін немесе KMnO4 –тің айырылу кезіндегі қалдығын қосыңдар. Осы кезде реакция тез жүреді. Шала жанған шыраны пробирканың аузына апарған кезде шыра жарқырап жанады, яғни оттегі бөлінеді.
В) Пробирка көлемінің ¼ бөлігіне келетін етіп KMnO4 салыңдар, пробирканың ауыз жағына түтілген мақта қойыңдар. Пробирканы газ жүретін түтігі бар тығынмен жабыңдар. Газ жүретін түтіктің ұшы оттегі жиналатын стаканның немесе цилиндрдің түбіне жетіп тұратындай етіп, пробирканы штативтің ұшына бекітіңдер. Алдымен пробирканы ұзынан бойлап жылытыңдар, содан соң жалынды пробирканың түбінен аузына қарай жылжытыңдар. Стаканның оттегіне толғанын шоқтанған шыра арқылы тексеріңдер. Ыдысты толысымен қатырма қағаз немесе шыны пластинкамен жабыңдар.
2. а) Көмірдің оттегінде жануы. Мыс сымнан жасалған корзинкаға ағаш көмірдің кесегін салыңдар. Қыздырыңдар. Содан соң шоқтанған көмірді оттегі бар ыдысқа апарыңдар, және өзгерісті бақылаңдар. Жану тоқталған соң ыдысқа әкті су құйыңдар және шайқаңдар. Неліктен лайланады? Көмірдің жану реакциясының теңдеуін жазыңдар.
Б) Күкірттің оттегінде жануы. Темір қасыққа күкірттің кесегін салыңдар және жалында жағыңдар. Содан соң жанған күкіртті оттегі бар ыдысқа апарыңдар. Жалын қалай өзгереді? Неліктен?
В) Фосфордың оттегінде жануы. Темір қасыққа шпательмен фосфор кесегін салыңдар және жалында қыздырыңдар. Содан соң жанған фосфорды оттегі бар ыдысқа апарыңдар. Содан кейін су қосып, араластырып, индикатор қосыңдар. Осы кезде қандай өзгеріс байқалады?
Г) Темірдің оттегінде жануы. Жану обьектісі ретінде ине және лезвияны пайдаланып анықтауға болады. Оларды шыраға бекітіңдер. Иненің ұшына көмір кіргізіп, жалында жағыңдар. Содан кейін оттегі толған ыдысқа апарыңдар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет