I химияны оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері



бет46/70
Дата22.12.2023
өлшемі0,89 Mb.
#142981
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   70
Байланысты:
I химияны оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері-emirsaba.org (1)

Жұмыс дәптері

Зертханадағы жұмыс барысында тәжірибенің жүру жолын, оның жүргізілу ерекшеліктерін: яғни тұнба түзілу, тұнбаның epyi, түстердің өзгеруі, жылу эффектісі, приборлардың көрсеткіші және т.б. өзгерістерді анықтайды. Тәжірибе қорытындысы арнайы дәптерлерге төмендегі ретпен толтырылуы керек:


  1. Зертханалық жұмыстың аты, peт саны, орындалу күні.


  2. Тәжірибенің мазмұны.


  3. Тақырыпта берілген сұрақтарға міндетті түрде жауап беріп, тәжірибенің қысқаша мазмұнын және байқау қорытындысын жазу.


  4. Реакция теңдеуін жазу.


  5. Есептеулердің сандық мәндерін келтіру.


  6. Қарындашпен орындалған аспаптың суретін салу.


  7. Қорытынды көк түсті сиямен жазылады.


Жұмыс дәптеріне үлкен қалың дәптер бастаған дұрыс. Әрбip бeтті үш бөлікке бөліп, үлкен бөлігіне тәжірибенің аты және зертханалық жұмысты өткізген күні жазылады.

Екінші бөлікке химиялық реакция теңдеулерін, сызбанұска мәліметтері, сурет және графиктер енгізіледі. Үшінші бөлікте байқау қорытындысы жазылады. Тақырыптың аты үлкен әріптермен жазылады.

Бірінші және екінші бөлікті оқушы сабаққа әзірлік кезінде толтырады. Үшінші бөлік зертханада тәжірибені орындау кезінде толтырылады.

Жұмысты орындап, байқау қорытындыларын жазып біткен соң студент дәптерін оқытушыға өткізіп, жұмыс орнын ретке келтіреді. Белгіленген жұмыс орындалған соң, студент сынақ тапсырады. Сынақ кезінде студенттің жұмыс журналы толық көркемделген болуы керек.
Сынақ тапсырған кезде студент барлық теориялық сұрақтарға толық жауап беріп, тәжірибенің шартын, байқау қорытындысын дұрыс түсіндіріп, зертханалық жұмыстың соңындағы бақылау сұрақтарын және тапсырмалырды орындауы қажет.

13-кесте Зертханалық жұмысты өңдеу үлгісі


Күні: 15.10.09

Тәжірибенің аты
аты

Тақырып: Алкендер Тәжірибені әзірлеп өткізу


Байқау,
қорытынды




Этанның алынуы және химиялық қасиеттері.


А)Этанның алынуы


1.Этанды алу қондырғысының суреті


2. Химиялық реакция теңдеулері


Этан газ күйінде бөлінеді, бром суы түссізденеді...




Химиялық ыдыс
Әр түрлі химиялық тәжірибелерді жүргізу үшін жұқа қабырғалы және қалың қабырғалы шыны ыдыстар қолданылады. Жұқа шыныдан жасалған ыдыстар жоғары температураға төзімді болады. Қалың шыны ыдыстарды қыздыруға болмайды. Химиялық зертханада көбінде 2-суретте көрсетілген химиялық ыдыстар қолданылады: пробиркалар (1,а), Вюрц пробиркалары (1,б), стақандар 2, жайпақ табанды колбалар 3, дөңгелек табанды колбалар 4, Вюрц колбалары 5, конус тәрізді колбалар 6, суытуға арналған құты 7, кристаллизаторлар 8, воронкалар 9, эксикаторлар 10, бюкстер 11, аллонждар 12, хлоркалцийлі түтіктер 13, тройниктер 14, ауыспалы түтіктер 15, U – тәріздер түтіктер 16, дефлегматорлар 17, тоңазытқыштар 18, жуғыш склянкалар 19а, кептіргіш колонкалар 19б, сағат шынылары 20, реторталар 21, тамшылатқыш воронкалар 22.
Зертханалық тәжірибеде шыны ыдыстарды басқа кәрден ыдыстар (3-сурет) да қолданылады: табақшалар 1, стақандар 2, қақпағы бар тигельдер 3, Бюхнер воронкасы 4, келі – келсап 5, қалақшалар 6, үшбұрыштар 7.
Аз мөлшердегі заттармен жұмыс істеу үшін кішкене көлемді химиялық ыдыстар қолданылады: сыйымдылығы 25, 10 мл колбалар, стақандар – 20, 10, 5 мл және т.б.

10 - сурет Химиялық және кәрден ыдыстар



Өлшеуіш ыдыстар
Жалпы химияның зертханалық жұмыстарын орындағанда мынандай өлшеуіш ыдыстар қолданылады: колбалар, пипеткалар, бюреткалар, мензуркалар.

Өлшегіш колбалар (4-сурет) нақты концентрациялы ерітінділер әзірлеуде қолданылады. Өлшегіш колбалардың мойыны жіңішке, ұзын және мойынында белгісі болады. Бұл белгі сұйықтың белгілі температурадағы көлемін көрсететін шекарасы. Өлшегіш колбаның мойынын жіңішке істейтін себебі сұйықтықтың көлемінің аз өзгерісінің өзі менисканың ауытқуына әсер етеді. Өлшегіш колбалардың тығыны болады. Көбінесе сыйымдылығы 50, 100, 250, 500 және 1000 мл колбалар қолданылады.


11- сурет - Бюреткалар, өлшегіш цилиндр, мензурка

Пипеткалар сұйықтықтың белгілі бір көлемін өлшеп алуға арналған цилиндр тәрізді ұзынынан созылған ұшы жоғарғы және төменгі жағы ұшталған түтіктер ( 4-сурет). Пипеткалардың жоғарғы бөлігінде қай мөлшерге дейін толтыру керек екендігін көрсететін белгісі болады. Көбінесе 10 және 20 мл көлем алатын пипеткалар қолданылады. Сонымен қатар жіңішке түтік тәрізді өлшегіш пипеткалар болады.


Бюреткалар (5-сурет) белгілі мөлшердегі сұйықтарды құюға арналған. Олар шкалаға бөлінген ұзын түтіктерден тұрады. Жиі қолданылатыны 50 мл бюреткалар. Бюреткалардың төменгі жағында сұйықтықты ағызатын шүмегі болады. Егер бюретканың төменгі бөлігінде шүмегі болмаса, резина түтік кигізуге керек те, оған қысқыш орнатылады. Тек кигізілген резина түтік аяғына дейін ағызылатын сұйыққа толы болғанын қадағалау қажет.
Бөліктерге бөлінген өлшегіш цилиндр мен мензуркалар (5-сурет) (аса дәл емес өлшем үшін) сыйымдылығы 5, 10, 25, 50, 100, 150, 250, 500, 1000 және 2000 мл болуы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет