I химияны оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері



бет51/70
Дата22.12.2023
өлшемі0,89 Mb.
#142981
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   70
Байланысты:
I химияны оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері-emirsaba.org (1)

3.5 Сутегі және оның қасиеті.
№1.Сутегінің физикалық қасиеті.сутегіні бір ыдыстан екінші ыдысқа құю.
Сутегіні пробиркаға жинап, астына екінші пробирканы қойып, аудару. Жоғарыдағы пробиркада сутегінің бар екенін дәлелдеу.
№2 Сабын көпіршіктері.
Сабынның біраз бөлігін үгітіп, суда еріту. Көпіршік қабырғасы берік болу үшін біраз глицерин қосу. Кипп аппаратына ішіне мақтасалынған (қышқылдың буын ұстап қалу үшін) хлоркальций түтігін жалғау. Сабын көпіршігіне түтікті түсіріп, сутегін жіберу. Сутегімен толған көпіршіктер жоғары көтеріледі.
№3Сутегінің ауада жануы
Кипп аппаратына иілген түтік жалғау.Сутегінің тазалығын тексеру.Түтіктің ұшынан сутегін жағу. Егер түтік шыныдан жасалған болса сутегі сары жалынмен, егер металдан жасалған болса,онда сутегі көгілдір немесе түссіз жалынмен жанады.
№4Күркіреуік газ

3 бөлікке бөлінген сүт бөтелкесін алып сумен толтырып, аузын шыны пластинкамен жауып, суы бар кристаллизаторға төңкеру. 1/3 бөлігін оттегімен, 2/3 бөлігін суды ығыстыру арқылы сутегімен толтыру. Бөтелкенің аузын судың астында жабамыз.Бөтелкені орамалмен орап, аузын ашып жанған шыра апарамыз.
5 Мыс (II) оксидін сүтегімен тотықсыздандыру .
Құрылғыны құрастыру, (8 сынып оқулығын қара). Пробиркаға мыс (II) оксидін салып, штативке аузын төменірек етіп бекіту. Кипп аппартынан шығып жатқан сутегінің тазалығын тексеріп, газ өткізгіш түтікті пробиркаға салып, алдымен бөлме температурасында, кейін қыздыра отырып сутегін жібереміз.

    1. Химиялық реакция жайлы түсініктерді қалыптастыру және дамыту



Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары


  1. Химиялық реакцияның жылдамдығының әрекеттесуші заттардың табиғатына тәуелділігі.

Екі пробиркаға немесе сиаканға біраз мырыш түйірін салыңдар. Біреуіне тұз қышқылын,екіншісіне сірке қышқылын құйыңдар. Реакция жақсы көріну үшін екі пробиркаға да калий перманганатын қосыңдар. Қай пробиркада реакция тез жүргенін бақылаңдар.


2.Химиялық реакцияның жылдамдығының әрекеттесуші заттардың жанасу бетінің ауданына тәуелділігі.
Екі пробиркаға тұз қышқылын құйып алып, үстіне калий перманганатынан қосыңдар. Біреуіне мырыш түйірін, екіншісіне мырыш ұнтағын салыңдар.
3.Химиялық реакцияның жылдамдығының әрекеттесуші заттардың концентрациясына тәуелділігі.
Бір пробиркаға 1:5 сұйытылған күкірт қышқылын, екіншісіне 1:10 сұйытылған күкірт қышқылын құйыңдар. Екі пробиркаға да мыс оксидін салыңдар.
4. Химиялық реакцияның жылдамдығының температураға тәуелділігі
Екі пробиркаға да 1:5 сұйытылған күкірт қышқылын құйыңдар. Екеуіне де мыс оксидін салыңдар. Біреуін бөлме температурасында қойып, екіншісін қыздырыңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет