Химияны оқыту әдістемесінің жеке мәселелері
Атом молекулалық ілімді оқыту әдістемесі
Атом - молекулалақ ілім химияны оқытудың алғашқы кезеңінің тұжырымдамасы ретінде. Алғашқы химиялық түсініктер жайлы тараудың оқу-тәрбиелік маңызы. Оқушыларды алғашқы химиялық түсініктермен таныстырудың нұсқалық тәсілдері. Химиялық алғашқы түсініктердің жаратылыстанудың кіріктірілген курстары мен базалық химия курсындағы алатын орны. Атомның қазіргі кездегі құрылыс теориясы тұрғысынан химиялық алғашқы түсініктерді қалыптастыру (дәстүрлі тәсіл).
Химиялық элемент, валенттілік,зат мөлшері, күрделі заттардың құрам тұрақтылығы, зат массасының сақталу заңы жайлы түсініктерді қалыптастыру. Химиялық реакция түсінігін қалыптастыру. Оқушыларды химиялық тілді қолдана білуге, формула және химиялық рекация теңдеуі бойынша қарапайым есептеулер жүргізуге, зертханалық-сарамандық икемділіктерді қалыптастыруға жаттақтыру.
Заттар және олардың жіктелуі жайлы түсініктерді қалыптастыру
Химияны оқытудың алғашқы кезеңінде химиялық элементтерді оқыту. Сутек және оттек элементтерін оқытуды негіздеу. Оттек пен сутекті оқытудың жалпы жоспары және әдістемелік тәсілдері. Аталған заттарды оқытуда химиялық эксперименттің алатын орны.
Бейорганикалық қосылыстарды оқыту міндеттері. Оксид,қышқыл, негіз тұздарды оқытудың әр түрлі әдістемелік тәсілдері. Материалды беру принципі және әр түрлі авторлардың оқулықтары мен бағдарламаларында бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары жайлы материалдың берілу деңгейі.
Оксид, қышқыл, негіз, тұздар жайлы түсініктерді қалыптастыру әдістемесі. Номенклатура мен заттардың жіктелуін оқыту. Бейорганикалық қосылыстардың арасындағы байланысты оқыту заттар арасындағы байланысты көрсету сипаты ретінде. Бейорганикалық қосылыстардың жеке және жалпы байланысын оқыту мәселесінің жалпы көрінісі. Химия курсының келесі тақырыптарында оксид, қышқыл, негіз, тұз түсініктерінің дамытылу деңгейі.
Атом құрылысы мен Д.И.Менделеевтің периодтық заңы мен периодтық жүйесін оқыту әдістемесі
Периодтық заң және атом құрылысын оқыту мектеп химия курсының негізі ретінде. Периодтық заң және атом құрылысының мектеп химия курсында алатын орны мен маңызы. Периодтық заң және атом құрылысын оқытудың әдістемелік тәсілдері.
Оқушыларды Д.И.Менделеевтің периодтық заңы мен
периодтық жүйесін оқуға әзірлеу.
Тақырыпты оқытудың шамамен алынған жоспары. Менделеевке дейінгі химиялық элементтерді жіктеуді қарастыру.
Екідай оксидтер мен гидроксидтер мысалында элементтер арасындағы байланысты тереңірек қарастыру. Химиялық элементтердің табиғи топтары жайлы түсініктерді енгізу.
Приодтық заңның мәнін ашу. Оқушыларды атом құрылысы теориясымен таныстыру. Изотоптар жайлы түсінікті қалыптастыру, химиялық элемент түсінігін тереңдету.
Периодтық заңның маңызын атом құрылысы теориясы тұрғысынан ашу. Периодтық заң - табиғи іргетасы қаланған заң ретінде және преиодтық заңның маңызы.
Достарыңызбен бөлісу: |