I химияны оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері



бет44/88
Дата06.01.2022
өлшемі2,93 Mb.
#14759
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   88
Органикалық химияны оқытуда қолданылатын эксперименттің мазмұны мен міндеттері

Мектептегі органикалық химия курсының оқу-тәрбиелік маңызы мен химиялық эксперимент міндеттерінің арасында қандай байланыс бар?

Аталған сұраққа жауап беру органикалық химиядан мектепте жасалатын тәжрибелерді іріктеу критерийіне байланысты сұрақты ашуға мүмкіндік береді.

Органикалық химияда органикалық қосылыстардың әр түрлі кластары оқытылады. Ол заттарды іріктеу келесідей қағидалар негізінде анықталады: а) ғылым негізін меңгерудегі маңызымен; ә) адам өмірі мен халық шаруашылығындағы алатын орнына байланысты; б) оқушыға түсініктілігіне байланысты.

Осы айтылғандарға орай мектеп курсында қосылыстардың келесідей кластары қарастырылады: көмірсутектер, спирттер, альдегидтер, қышқылдар, күрделі эфирлер, спирттер, альдегидтер, нитро- және амин қосылыстар, ақуыздар. Ал оқушылардың қабылдауына ауыр болатын кейбір класс өкілдері бағдарламада қарастырылмайды (жоғарыда келтірілген).

Органикалық химияның негізгі кластарынан жиі кездесетін, өмірде маңыздылары таңдалып алынады. Мысалы, қанықпаған көмірсутектерден этилен мен ацетилен, спирттер класынан - этил және метил спирттері, көмірсулардан - глюкоза, сахароза, крахмал, клетчатка және т.б.

Органикалық химияда қолданылатын эксперименттерге қойылатын міндеттер:

а) оқылатын заттардмен таныстыруда көрнекілікті қамтамасыз ету. Осы мақсатпен коллекциялар, танысу үшін таратпа материалдар беріледі, заттардың физикалық қасиетін көрсететін тәжрибелер қойылады.

ә) заттардың химиялық қасиеттерін көрнекі түрде көрсету. Эксперимент заттың қасиеті туралы оқушылар дұрыс тұжырым шығаруға мүмкіндік беруі керек.

б) мұғалімге оқушылар алдында органикалық химияның даму идеясын ашып көрсетуіне жағдай туғызу: заттардағы генетикалық байланыс, органикалық қосылыстар арасындағы ауысулар, жай заттардан күрделі заттардың синтезделуі, химиялық реакциялардың сыртқы жағдайларға тәуелділігі т.б. Ғылыми көзқарасты қалыптастыруда маңызды процестер оқушы алдында қағаздағы реакция теңдеуі түрінде емес, нақты процесс ретінде көрінуі керек.

Органикалық химиядағы өзара байланыс пен даму бейорганикалық химияға қарағанда айқын болғанымен, тірі табиғаттағы сияқты тікелей түсініктілік пен анықтылық бәсең болады. Сондықтан мұғалім ғылымның маңызды жағы оқушы алдында түсінікті болуына көбірек көңіл аударуы керек. Сонда органикалық химия жаратылыстануды тұтастай қабылдауға жағдай туғызады. Оқушылар табиғатты материалистік тұрғыдан қабылдап, оны диалектикалық жағынан түсінеді. Органикалық химияның осы тәрбиелік жағына көп көңіл аударатын алдыңғы қатарлы мұғалімдер тәжрибесінен оқушылардың органикалық химияның философиялық жағына көбірек мән беріп, дұрыс тұжырым, қорытынды жасауға қабілетті болатыны байқалды.

в) нақты, нанымды мысалдар мен фактілер арқылы заттардың химиялық қасиетінің құрылысы мен молекуладағы атомдардың өзара әсеріне байланыстылығын көрсету.

г) оқушыларды политехникалық білім негізінде оқытуға жағдай туғызу.

д) оқушыларды зертханалық сипаттағы сарамандық икемділік, дағдымен қаруландыру.

Органкалық химияның тәжрибелері бейорганикалыққа қарағанда күрделі болғандықтан, заттармен және зертханалық құралдармен жұмыс істеуде теориялық білімді қолдану, техникамен, заттармен жұмыс істеу дағдысының қалыптасуына жағдай туғызады. Мұндай тәжрибелерде органикалық химияның өмірмен көп қырлы байланысы көрінетіндей болу керек. Сондықтан басқа тәжрибелермен қатар техникалық материалдарды (сұйық отын, пластмасса, майлағыш материалдар, талшықтар), тамақ өнімдерін (сүт, май,ет т.б) зерттеу, анықтау кеңінен қолданылады. Сол сияқты әр түрлі заттарды алу, мысалы өсімдіктерден қышқылдарды алу, крахмал мен сіре алу, мата мен теріні бояйтын бояу алу, органикалық уларды ауыл шаруашылығында қолдану сияқты мәселелер де қарастырылады.

Қорыта келгенде органикалық химиядан эксперимент жұмысын ұйымдастыру оқушылар бойында ұқыптылық, байқағыштық, зейінділік, тиянақтылық сияқты сапалардың дамуына, қалыптасуына мүмкіндік береді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет