I химияны оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері


Химияның тілі-оқыту құралы



бет21/88
Дата06.01.2022
өлшемі2,93 Mb.
#14759
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   88
Байланысты:
Химияны оқыту әдістемесі Оқулық !!!!!!

1.6 Химияның тілі-оқыту құралы
Химия тілі және оның маңызы

Кез келген ғылым таным нәтижелерін білімді сипаттауға лайық, өзіне тән, оңтайлы тілде беруге ұмтылады. Химия тілінің құрам бөлігіне жаратылыстану тілінен бөлек, өзіне тән химиялық терминология, номенклатура және символика немесе жалпы түрде «химиялық тіл» енген. Осы түсінік ғылымда және химияны оқыту әдістемесінде кеңінен қолданылады. Химия тілі дегеніміз химиялық терминология, символика және номенклатураның жиынтығы. Әдістемелік әдебиеттерде оқыту құралдарына табиғи нысандар және олардың алуан түрлі бейнелері, оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтар мен оқу құралдары, мұғалімге арналған әдістемелік әдебиеттер жатқызылады. Осылардың соңғылары химияның тілімен жазылады да, алғашқылары тіл арқылы білім көзіне айналды.

Химияның ғылыми тілі дегеніміз не, оның кәдімгі ұлттық немесе табиғи тілге қатынасы қандай?- деген заңды сұрақ туады. Таным мен қатынас құралы ретінде пайдаланылатын табиғи тіл көп құрылымды болып келеді, атқаратын қызметі де сан алуан. Кез келген хабарламаны жеткізуде табиғи тілдің мүмкіндігі зор болғанымен әр ғылым өзінің бір құрылымды ғылыми тілін жасауға тырысады. Оларды жасанды тіл деп атайды, химияның тілі де арнайы қызмет атқаратын жасанды тілдердің бірі.

Кейде химия тілін химия ғылымының бір бөлігі деп қарайды. Әр ғылымның зерттейтін нысаны (ақиқатты болмыс), зерттеу нәтижесінде алынған білім жүйесі (қоғамдық сананың бір түрі), оны тіркеп, заттандыратын таңбалар жүйесі (ғылыми тілі) болады.

Әдетте, тар мағынадағы түсініп осы үшеуінің ішінде білім жүйесін ғана ғылымға жатқызады, солай екені де рас. Білім-сананың қызметі, ол бақыланатын, зерттелетін объектіге айналу үшін тіл арқылы берілуі керек. Сонымен, химиялық тіл дегеніміз химиялық білімді тіркейтін, сақтайтын, бірден- бірге жеткізетін арнайы таңбалар жүйесі.

Табиғи тіл де таңбалар жүйесі. Ғылыми тіл табиғи тілдің негізінде жасалады, онымен бірге қолданылады. Бірақ ғылыми тілдің құрамында табиғи тліден оқшау тұратын өзіне ғана тиесілі тілдік құралдары – таңбалары болады.

Химия тілінің бір –бірімен тығыз байланысты үш бөлігі бар. Химиялық тілдің бірінші бөлігі –ғылыми терминологиясы, жеке терминдер мен терминдер жүйесінен тұрады.

Химия тілінің негізін ғылымға А.Лавуазье енгізген терминология құрайды. Ол түсініктерді арнайы қысқаша сөзбен беруге, әрі бекітуге қолданылады.

Химия тілінің өзіне тән бөлігі химиялық символика болып есептеледі. Оның негізін салушы — Я. Берцелиус.

Символика — ғылымның шартты белгілерінің жүйесі ол нысандар мен құбылыстарды, химия заңдылықтарын шартты түрде белгілеп, тұжырымдайды, оның белгілерін, арасындағы байланысын, қатынасын, өзіне тән белгілерін ашып, сандық және сапалық сипаттама береді.

Терминология мен символиканы химиялық номенклатура толықтырады. Ол элементтерді, заттар мен бөлшектерді таңбалап, бір-бірінен айыруға көмектеседі, оларды терминдермен жалпыланған топтарға жүйелеуге мүмкіндік береді. Ол химиялық формулаларды қосылыс сипаты жайлы біліммен толықтырады. Символика химиялық тілге қысқа да нұсқа, бір мағыналы, нақты және эвристикалық сипат берді. Осы қасиеттер химиялық танымды үнемді әрі жалпы түрде сипаттауға жағдай туғызады. Ол химиялық танымның белсенді құралы бола отырып, оның нәтижелерін, маңызды, өзіне тән белгілерін сипаттауда кең қолданылады.

Заттармен олардың арасындағы реакцияны көп сөзбен сипаттаудың, химиялық заңдылықтардың ұзақ тұжырымдамаларының орнына химиялық тіл өз нысандарын қысқа түрде сипаттап, олардың арасындағы байланысты формулалық түрде беруге мүмкіндік береді. Химия тілінде, әсіресе таңбалауда бір мезетте таным нәтижелері мен оларды алу жолдары көрсетіледі. Ғылым тілінің осы ерекшеліктері жаңа заттар мен материалдарды синтездеу жолын мақсатты түрде жүзеге асыруды, олардың негізінде жатқан тиімді үрдістерді жүргізуді мүмкін етеді. Химия тілі басқа ғылымдар белгілерін де ықпалына түсіреді: олар химиялық нысандар мен заңдылықтарды сипаттайтын математикалық символика мен логика элементтері, физикалық шамалар, жалпы ғылыми түсініктер және т.б.

Химиялық тіл ерекшелігі және оның әдіснамалық бағытталуы оның химиялық танымдағы келесідей әр қилы қызметін мүмкін етеді:

химиялық нысандарды алмастырып, олар жайлы ақпаратты тасушы ретінде;

оларды шартты таңбалар мен терминдерде қысқаша, бір мағыналы белгілеу;

химиялық таным нәтижелерін сапалық және сандық жағынан тұжырымдап, түсініктерді қалыптастыру, мәнін анықтау;





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет