Басқұр- керегенің уық байланған бастарыныңсырт жағынан жүргізілетін жалпақ бау.
Бастырма- сәндік қолөнері бұйымдарын жасауда қолданылатын тәсіл.
Батырма- былғары, қатты қағаз, жайпақ металл бетіне батыру арқылы бедерлі із қалдырып өрнек түсіру әдісі.
Бедерлі әшекей-құрылыс фасадын, интерьерін және бұйымдарды әсемдеуге қолданылатын сәндеу жүйесі. Оның француз, латын баламасындағы декор
Балауыз борлар-негізін балауыз құрайтын жұмсақ, түрлі түсті қарындаштар
Басқұр- қазақ киіз үйін әшекейлеуге арналған тоқыма бау.
Басты негізгі түстер- қызыл, сары, көк. Олар басқа түстерді араластыру арқылы алынбайды. Олардың қоспаларынан басқа түстер алынады.
Безендіру- әр түрлі заттарды өрнектермен әшекейлеу.
Бірінші топтағы түстер- қанық түстер,(көк, қызыл, сары, жасыл) екінші топтағы- қанықпаған ашық түстер, үшінші топтағы түстер- қанықпаған қою түстер Богород ойыншығы- орыстың халықтық қолөнер шығармасы, ағаштан ойып, боялмай жасалған ойыншық. Блик- жылт. Бюст- кеуделік мүсін. Вернисаж- көркем шығармалық көрменің салтанатты ашылуы. Витраж- терезе немес есік шыныларына салынған көркем суреттер мен өрнектер. Галерея - көркем шығармалар қоры жинақталған орын. Гармония –бояу үщйлесімділігі.