Детализация- затты бүтіндей көру арқылы ұсақ бөлшектерін тәптіштей жазу. Дизайн-заттардың көркемдік жазу.
Динамикалық композиция- белгілі бір қозғалысты көрсететін композиция.
Дымков ойыншықтары-орыс халық қолөнертуындысы, балшықтан жасалған ойыншық
Жақын түстер- түстер шеңберінде бір- біріне жақын орналасқан түстер
Жасанды, құрама түстер-сарғыш,жасыл, және басқалар. Олар негізгі түстерді араластыру арқылы алынады.
Живопись- орыстың «живой писать» деген сөзінен алынған. Живопись бейнелеу өнерінің аса дамыған түрі болып, әр түрлі бояу түрлерімен орындалатын көркем шығарма.
Жылы түстер-қызыл, сарғыш, сары, осы түстердің барлық реңктері.
Иллюстрация- латынның «иллюстро»- жарықтандыру сөзінен алынған. Бұл кітаптың мазмұнын аша түсетін суреттермен безендіру өнері.
Импрессионизм- ХІХ ғасырдың аяғында живописьте пайда болған бағыт. Оған тән ерекшелік, суретшілер түс пен жарықтың бір- біріне әсерін зерттей отырып,ашық кеңістікте шығарма жазуға кірісе бастаған. Классикалық және діни тақырыптардан бас тартып, олар жаңа заманға сай картиналар жазды.