I-ii сыныптарда жұмыс істеудің әдісі, мазмұны



Дата06.06.2023
өлшемі14,1 Kb.
#99082
Байланысты:
Жаратылыстану БМ-21 лекция 25


I-II сыныптарда жұмыс істеудің әдісі, мазмұны
Жоспар:
1.I-II сыныптарда табиғатпен танысу және бақылау 2.Табиғатты бақылау күнтізбесі
1-2-сыныптан балалар күздің негізгі белгілерімен: күннің қысқаруымен, салқын түсуімен, ағаштар мен бұталардың жапырақтарының түсінің өзгеруімен, жапырақтардың түсуімен; құстардың қайтуымен; адамдардың күздегі жұмыстарымен танысады. Балалар өз бақылауларын шартты белгілердің, суреттердің көмегімен «Айналадағы дүниені бақылау күнделігіндегі» картиналарды бояу арқылы жүргізеді.
Балалар қыстың түсіне, 22 желтоксанға дейін күннің қысқаруына және 22 желтоқсаннан кейін күннің ұзаруына бақылау жүргізеді; қар мен қардың түсуін, аязды, суаттағы судың қатуын бақылайды; өсімдіктерді, жануарларды, адамдардың қысты жүргізетін еңбегін бақылайды. Мұғалім «Қыстағы өсімдіктер» деген тақырыпқа экскурсия өткізеді. Оқушылар өз бақылауларын «Бақылау күнделіктеріне» жазып отырады.
Бірінші сынып оқушылары көктемнің ерте белгілерін: күннің ұзаруын, аяздың әлсірегенін, қардың еруін, сүңгі мұздардың пайда болуын бақылауды жалғыстырады.
Балалар көктемнің келуін: сеңнің жүруін, өзеннің тасуын; ерте гүлдейтін шөп өсімдіктерінің гүлдеуін, теректер мен бұталардың бүршік жаруын; құстардың ұшып келуін, көктемдегі адамдардың еңбегін бақылайды. Көктемде мұғалім жергілікті өсімдіктермен танысу үшін орманға немесе паркке экскурсия жасайды.
Бұл бақылаулар, экскурсиялар және оқулықтағы мақалаларды оқу нәтижеcінде бірінші сынып оқушылары жыл мерзімнің алмасуы туралы, олардың өздеріне тән белгілері туралы, жылдың әр мерзіміндегі күннің ұзақтығы туралы, жыл мерзімдеріне сай өсімдіктердің сыртқы түрі туралы, маусымға сай адамдардың жұмыс түрлеpінің өзгеруі жөнінде қарапайым мәліметтер алады.
Бақылаулар мақсаты - оқушыларға табиғат туралы түсінік беру, оларды байқағыштыққа және табиғаттың өзінен білім алуға үйрету, балалардың табиғатқа аялы көзқарасын тәрбиелеу.
Тек қана жүйелі бақылау мен табиғат өмірінің фактiлерін жинауды мұғалімнің түсіндірулерімен ұштастыра отырып, біpінші, оқу күндерінен бастап-ақ балалардың ғылыми дүниетанымының элементтерін қалыптастыруға болады.
Мұғалім ненi және қалай бақылау керегін міндетті түрде көрсетуге тиіс. Оқушыларға белгілі бір тапсырма бере отырып, ол оның орындалуын сөзсіз тексереді. Ауa райын бақылаудан бастау керек. Бірінші бақылау үшін мұғалім қыркүйектің басындағы тамылжыған ашық күнді таңдапалады. Бұл жүмысты табиғатқа экскурсия жасау кезінде бастауға болады. Әңгімелесу кезінде оқушылар бүгін табиғаттың қандай екенін, аспанның, бұлттың түстері қандай екенін белгілейді. Қорытындылай отырып мұғалім бүгінгі күннің ашық екенін, аспанда күннің шуақ төгіп тұрғанын, көшеде жылы: осындай күздің алғашқы күндерінің жазғы жылы күндерге ұқсас екенін айтады.
Содан соң мұғалім бүгін аптаның қай күні екенін сұрайды. Бірінші сынып оқушылары кестеден осы күнге сәйкес шаршыға ауа райын шартты белгімен белгілейді. Балалар бұл жұмысты бітірген кезде олардан бүгін қандай ауа райын белгілегенін сұрау қажет. Егер екінші күні де ашық болса, балалар мұғалімнің басшылығымен ашық ауа райын белгілейді. Жаңбыр жаумай, түнерген күні, мұғалім балалардың назарын ауа-райына аударып, aспанның түcі қандай екенін, күннің көзі бар-жоғын, күннің бүгін немесе кеше қандай болғанын анықтайды.
Оқушылар бүгін күн күңгірт, аспанда күн көрінбейді деген қорытынды жасайды және оны табиғатты бақылау күнтізбесіне түсіреді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет