1.2 Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік зардаптары. Инфляцияның зардаптары өте күрделі де көп қырлы. Қарқыны баяу инфляция баға деңгейі мен пайда нормасын өсіреді, сондықтан экономикалық жағдаяттың (коннъюктураның) уақытша жандануына ықпал жасайтын фактор болады. Бірақ, уақыт артып инфляция тереңдегенде ол ұдай өндірістің кедергісіне айналады, қоғамдағы әлеуметтік және экономикалық жағдай қиындайды.
Қарқынды инфляция шаруашылық тәртіпті бұзады, ірі корпорацияларғада, кіші бизнеске де айтарлықтай экономикалық зиян келтіреді. Қарқынды инфляция кезінде конъюктура екі ұшты болып қалыптасады: нарықты болжау мүмкін емес болғандықтан бизнесте тәуекелдік (риск) жоғарылайды, іскерлік әрекеттер күрт қысқарады. Инфляция тиімді макроэкономикалық саясат жүргізуге де кедергі жасайды. Оған қоса бағалардың әр-түрлі өсуі экономикадағы сала аралық сәйкессіздіктерді (диспропорцияларды) ұлғайтады, тұтынушылық сұраным құрылымын бұрмалайды. Баға өзінің негізгі қызметін – нарықтық объективті өлшем құралы болу қызметін дұрыс атқармайды.
Инфляция қоғамда ақшадан қашу белсенділігін арттырады бұл процесс қарқынды да ұлғаймалы түрде жүреді, тауар тапшылығы асқындайды, ақшалай қор жинау мүддесі жойылады, ақша-несие жүйесінің қызметі бұзылады, тауарды тауарға тікелей айрбастау (бартер) туындап кеңейді.
Баға деңгейінің қарқынды өсуі фискал (қазына) жүйесіне де теріс әсер етеді, экономикада «Ганзи-Оливер әсері» деп алатын нәтиже қалыптасады. Бұл әсерді ХХ ғасырдың 70-ы жылдары Латын Амикасы экономистері ашып зерттеген еді. Инфляция салықтан түскен табысты (түсімді) құнсыздандырады. Мысалы, егер салықтар жылдың үшінші ширегінде (квартал) есептеліп осы жылдың төртінші ширегінде төленген болса, онда Гиперинфляция жағдайында бюджетке түскен түсімдер құнсызданады, яғни бюджет түсімінің нақты мөлшері азаяды. Инфляция жағдайында тұрғындардың қолында сақталған ақша қоры құнсызданады, несие беруші мекемелер және банктер шығын шегеді.
Экономиканың интернациялануы (ұлттық шеңберден шығуы) инфляцияның бір елден екінші елге аусуына мүмкінді береді, бұл халық аралық валюта және төлем қатынастарын қиындатады.
Инфляцияның әлеуметтік салдары да бар, ол ұлттық табыстың қайта бөлінуіне әкеледі, тұрғындар үшін инфляция қосымша салық сияқты, бағалардың өсу қарқыны номиналды (ақшалай) табыстың өсуінен жоғары болады, сондықтан нақты (реалды) табыс азаяды. Инфляцияның зардабы әсіресе табысты шектеулі әлеуметтік топтар үшін ауыр болады [5. 138-139 б.б.].
Инфляция жұмыспен қамтуға айтарлықтай әсер етеді. Сондықтан 1958 жылы Ағылшын экономисті А. Филлипс оның ықпалын көрсететін «сұраныс инфляциясы» деген үлгісін ұсынды:
Ол 1861-1956 жылдар аралығындағы Ұлыбритания статистика мәліметтерін пайдалана отырып, ол жалақы ставкасы өзгеруімен жұмыссыздық деңгейінің арасындағы тәуелділіктің кері әсерін қисық сызығы арқылы көрсетті. Филлипстің айтуынша, Англияда жұмыссыздықтың 2,5-3% -тен артық өсу бағалар мен жалақыны күрт тежейді екен. Осыдан жұмыссыздықтың қысқаруы бағамен еңбек ақының өсуін қалыптастырады деген қорытынды шығарады. Басқаша айтқанда, ұлттық экономикада жұмыссыздықты инфляцияның өсу қарқынын арттыру арқылы қысқартуға болады. Филлипс есептеулерінің теориялық негізін Р. Липси есімді экономист жасаған екен. Кейіннен Американ экономистері Р. Солоу және П. Самуэльсон Филлипс қисығын жетілдіріп, оның жаңаша үлгісін жасап берген. Олар Филлипс моделіне еңбекақы көлемін (ставкасын) тауар бағаларын өсу қарқынымен ауыстырады. Бұл түрінде Филлипс қисығы белгілі экономикалық саясатты жүргізу үшін, ең алдымен, жұмыспен қамту, экономиканың өсуі, бағаларды тұрақтандыру жағдайларын анықтауда қолданылады. Х- сызығында жұмыссыздық деңгейі (проценттен), Y-сызығында тауар бағаларының өсу қарқыны (проценттен) көрсетілген (3-сутер). Филлипс қисығы осы көрсеткіштердің ара қатынасын белгілейді.
Филлипс қисығы. Қисық сызықтың жылжуы стагфиациалық жағдайды көрсетеді.
Егер қалыптасып отырған жұмыссыздық, мысалы, И1 (Р1-инфляция деңгейіндегі) өте жоғары деп саналса, онда бұл жұмыссыздық деңгейін қысқарту мақсатында белгілі ақша-несие және қаржы-бюджет іс шараларының жүргізілуі қажет болады.
Жұмыссыздықты қысқарту үшін өндірістің өсуіне қосымша жағдай жасалады. ЖҰӨ-нің өсуі жалпы сұранымның өсуіне байланысты жалпы сұраным өскен жағдайда тауар бағалары да өседі, ал нарық бағаларының деңгейі өскенде ұсыным, өндіріс ауқымы өседі, түптеп келген де, ЖҚӨ өседі. Ұллтық өндірістің өсуі өндіріс факторларына, оның оның ішінде еңбекке қосымша сұранымды қалыптастырады, жұмыссыздық қысқарады. Айталық жұмыссыздықтың үлес салмағы И2 –ге дейін қысқарған болса, онда инфляция қарқыны Р2 –ге дейін көтеріледі. Бұл экономиканың «қызуын» арттырып, дағдарыс жағдайын қалыптастыруы мүмкін. Сондықтан, үкімет енді басқаша саясат жүргізуге мәжбүр болады. Инфляцияны тежеу мақсатында бюджет шығындарын қысқартады, «қымбат» ақша-несие саясатын іске асырады. Осы шаралардың нәтижесінде бағалардың өсу қарқыны Р3 деңгейіне дейін түседі делік, ал жұмыссыздық сәл өседі, оның деңгейі И3 –ке жетеді [6. 144-149 б.б.].
Батыс тәжірибесі көрсеткендей, Филлипс қисығы қысқа мерзімділік экономика жағдайында қолдануға болады, ол ұзақ мерзімде (5-10 жыл) жұмыссыздық пен инфляция қатарласа өседі. Ұзақ мерзімде Филлипс заңдылығы сақталмайды және оны белгілі бір жағдайлармен түсіндіруге болады.
Осы жағдайлардың арасында сұранымды ынталандыру саясатының орны ерекше. Мәселе мынада: үкіметтің жұмыссыздықты қысқарту мақсатында жүргізген іс-әрекеті қысқа мерзімдік, уақытша ғана нәтиже береді екен.
Айталық, номеналды еңбекақының өсуіне байланысты еңбек ұсынысы артады. Сонда Филлипс қисығы концепциясына сәйкес инфляцияның өсуі жұмыссыздықты қысқартуы мүмкін. Номиналды жалақының өсуі осы инфляцияның өсуіне байланысты жүреді. Бірақ уақыт өткен сайын инфляцияның өсу қарқыны номиналды жалақының өсуінен артады, сондықтан нақты жалақы төмендейді. Еңбек ұсынысы өспейтін болады.
Номиналды жалақы өскенде, кәсіпкер де еңбек факторына қосымша сұранысты қысқартады. Жұмысшылардың номиналды жалақыны инфляция деңгейінен артық көтеру талабы кәсіпкерлер үшін тиімсіз болады, бұл нақты пайданы азайтады. Сондықтан кәсіпкерлер қосымша жұмысшылырды жұмысқа алуды тоқтатады, ал белгілі жағдайларда олар жұмыс орнын қысқартып, жұмыссыздықты арттырады. Бұл мәселеге 60-шы жылдары американ экономисті М.Фридмен ерекше назар аударғаны еді. Оның айтуынша, жұмысыздық пен инфляция арқылы күресу тиімсіз, керек десеңіз, қауіпті іс-әркет екен. Еңбекақы мөлшерлемесінің номиналды өсуі табыстың нақты өсуіне сәйкес еместігі анықталған соң инфляциямен бірге жұмыссыздық өсетін болады, яғни стагфляция басталуы мүмкін.
Стагфляцияны Филлипс қисығы арқылы да суреттеп көрсетуге, яғни Филлипс қисығының солдан-оңға қарай жылжуымен сипаттауға болады (3-сурет). Филлипс қисығы оңға жылжығанда бағалардың өсуі жұмыссыздықтың өсуімен қатар қалыптасады.
Филлипс қисығы жұмыссыздық пен инфляция баламасын талдау құралы ретінде тек баяу инфляция жағдайында қолдануға болады деген пікір бар. Ал тосын инфляция жағдайында (мысалы, 70-ші жылдары энергия ресурстары бағаның тосын кезіндегідей) бағалардың күрт өсуін жұмыссыздықты бұрынғыдан да жоғары көтеріп жіберуі мүмкін. Басқаша айтқанда, статистикалық деректердің негізінде жасалған Филлипс қисығы ұзақ мерзім үшін тұрақты экономикалық заңдылықты көрсетпейді.
Негізінен инфляция елдегі баға деңгейінің өсуімен байланысты, оған экономикалық жағдайлар әсер етеді.
Өндірушілер өз өнімдерін өте жоғары бағаға белгілейді, сойтіп қысқа мерзімде шикізат, материал, қосалқы бөлшектер қымбаттайды. Атап айтсақ, Ресей экономикасында (қаңтар-сәүір 1991 ж.) инфляцияның жоғарғы қарқыны тұсында өндірушілер өздерін жабдықтаушылырдың бағаны көтеру мүмкіндігін сақтап, алдын ала өз өнімдерінің бағасын жоғарлатады. Нәтижесінде Ресей экономикасындағы басқа ТМД елдеріндегі бағалар бұрынғы төлем қабілеті бар ұсыныс деңгейінен ғана емес, инфляцияны күткен деңгейден де асып түсті.
Дүниежүзілік қоғамдастықтың барлық елдерінде де инфляцияның сан түрлі себептері бар.
Қоғамдық мүдде тұрғысынан үлкен зиян келтірді, яғни жұмыссыздықты өсіріп, өндірісті құлдыратады. Кейбір есептер бойынша, инфляцияны 1%-ке төмендету жұмыссыздықты жыл бойындағы өзінің табиғи деңгейінен 2%-ке жоғарлатады, ол нақты ЖҰӨ-ді 4%-ке кемітеді. Филлипс қисығының орнына 1979 жылдан бастап АҚШ-та және Англияда «жұмыссыздықтың табиғи деңгейі» деп аталатын теория қолданылатын болған. Бұл теорияның мәні мынадай: ұзақ мерзімде жұмыссыздықтың деңгейі оның табиғи деңгейінен атпаса ғана қоғамда баяу инфляция қалыптасады, ал баяу инфляция экономиканың өсуіне, қоғамның оңды дамуына әсер ететін фактор болады.
Инфляцияның өсу қарқыны %-пен өлшенетін белгілі бір мерзімде баға деңгейінің өсуі. Инфляция мен жұмыссыздықтың арақатынасының себебін былай түсіндіруге болады. Өндірістер тоқтайды, сол себептен баға өседі, баға өсуімен байланысты ақша құнсызданады да жұмыссыздар саны көбейеді.
Нарықтық жағдай да да міндетті түрде жұмыссыздық туады. Жұмысқа жарамды бірақ жұмысы жоқ, ізденісте жүрген жұмыссыздар. Жұмысқа жарамдының бәрі осы нарық заманында жұмыспен қамтамасыз ету мүмкін емес. Қоғамдағы жұмыссыздық деңгейі оның фрикциондық және құрылымдық түрлерін құраған болса, жұмыссыздықтың табиғи (тепе-тең) деңгейі еңбек нарығының құрылымы мен анықталады.
Фрикциондық – бұл жұмыссыздықтың жұмыс күшінің өзгеруімен объективті түрде жылжумен байланысты. Жұмысын ауыстыруда, мекен-жайын өзгертуде, көшіп-қонып жүруіне сұранысының, ұсынысының өзгеруінде. Мелекетке тек қана фрикционды және құрылымды жұмыссыздық болса, онда мұндай жағдай жаман емес. Ол жұмыссыздарды қамтамасыз етеді. Ал нағыз жұмыссыздық циклы жұмыссыздық дағдарыс кезінде туады.
Бірақ жұмыссыздықтың табиғи деңгейін сақтап, инфляцияның өсу қарқынын төмендетуге арналған экономикалық саясат әрқашан оңды нәтиже бере бермейді. Бұл саясаттың жақсы жақтарын ескере отырып, мынадай бір мәселені білген дұрыс: жұмыссыздық өзінің табиғи деңгейіне төмендегенде де бағалардың өсуі бірден тоқтамайды екен, керісінше біраз уақыт өсу жалғаса береді. Бұған қоса соңғы онжылдықта Батыс елдерінің көбінде жұмыссыздықтың табиғи деңгейі 60- жылдары 4 %-ке тең болса, 80-жылдардың екінші жартысында 6-7%-ке дейін өскен екен.
Батыс елдерінде жұмыссыздық деңгейі мен инфляция деңгейінің арасындағы өзара байланысты талдау негізінде жиынтық сұранымды реттеудің экономикалық саясатымен оларды азайтудың шаралары жүйесі ( салықтар нарқы және басқа тұтқалар) жасалып шығарылды. Швед экономист-ғалымдары — Еста Рен (1913 ж. туған) Рудольф Мейднер (1914 ж. туған) 50- жылдары жұмыссыздыққа қарсы әрекет ету мен инфляцияны ұстаудың экономикалық моделін ұсынады. Ол тарихта «Сен-Мейднер моделі» деген атпен белгілі. Бірақ Филлипс қисық сызығында қалыптасқан экономикалық байланыстар жағдайында, барынша көп еңбекке қамтуға қол жеткізуге инфляциясыз мүмкін емес.