126
ұйықтағаннан кейін дәптерлерін алып оқыса, кіші қыз өзіне жасалған жақсылықтарды, ал
үлкен қыз тек болмашы әділетсіздіктерді жазыпты.
Ертеңінде саяхатшы кіші қыздан рұқсат алын, оның дәптерін үлкен қыздың жастығының
астына қойды. Таң атысымен патшаның үлкен қызы жастық астынан дәптерді алып оқыпты.
Сарайдағылар екеуіне де бірдей қарағандықтан ол дәптерде жазылғандарды жатырқамапты.
Өзіне жасалған жақсылықтар есіне түсісімен жүзі жадырап, қуанғаннан ән сала бастапты.
Патша үлкен қызының қуанғанын көріп, өз құлағы мен көзіне өзі сенбепті, Бірден саяхатшыны
шақырып, бұны қалай жүзеге асырғанын сұрапты. Саяхатшы: «Патшам, өмір айна сияқты.
Оның жақсы жақтарын ойласақ, бізге әдемі көрінер. Сіздің ұлкен қызыңыз өмірінің жаман
жақтарын ойлағаны үшін бақытсыз болған», - деп жауап береді. Патша үлкен қызын шақырып,
оған енді дәптеріне тек жақсылықтарды ғана жазуға кеңес беріпті. Сол күннен бастап,
патшаның екі қызы да бақытты өмір сүріпті.
Достарыңызбен бөлісу: