I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың жылқы



Pdf көрінісі
бет262/367
Дата17.10.2022
өлшемі4,57 Mb.
#43719
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   367
4- 
мәтін 
Майқы би (XII - ХІП ғғ.) - халықтың ауызша тарихының айтуында, Шыңғысты хан көтеруге 
қатысқан атақты 12 бидің бірі. Әділ билігімен, тапқыр шешендігімен бүкіл қазақ қауымының 
арасында атағы шыққан адам. Халық арасында: «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы - Майқы би» 
деген ескі сөз бар. 
Шежіре деректері бойынша Ұлы жүздің түп атасы Ақарыстан Ұзынсақал Ыбрайым, одан Кейкі, 
одан Төбе би, одан Қойылдыр, Қоғам, Майқы, Мекре тарайды. Майқы есімі қазақтардың шығу 
тегіне қатысты көптеген аңыз әңгімелерде кездеседі. «Қазақ Совет энциклопедиясында» оның 
Шыңғыс ханның ел бастау ісіне көмектесіп, ақылшысы, өзі жорыққа аттанғанда орнына 
қалдыратын биі болғаны, Жошы ханның Батысқа жасаған жорығында моңғол әскерінің оң 
қанатын басқарғаны айтылады. Осыған қарағанда, Майқы би жас жағынан Шыңғыс ханмен 
қарайлас болған, 
Ал қазақ аңыздары оны одан бірер ғасыр кейін жасатып, қазақтардың үш жүзге бөліну 
кезеңінде үлкен рөл атқарды дегенді айтады. Мұнда Майқы би Орманбек би өліп, он сан Ноғай 
елі бүлінгенде, қазақ ұлысын құрған тарихи қайраткер есебінде көрсетіледі. 
Майқы би қазақ руларын үш жүзге бөліп, Үйсін бастаған бөлікті Ұлы жүз, Арғын бастаған 
бөлікті Орта жүз, Алшын бастаған бөлікті Кіші жүз деп атайды. Ноғайлы хандарының бірі - 
Қызыл Арыстанның баласы Ахметті Ұлытауда үш жүздің ханы етіп көтереді. Ол ұлысқа кірген 
40 руға таңба таратып, таңбаны әр рудың ерекшелігіне қарай белгілейді. Ұлыс туын ұстаған 
Үйсінге «жалау», ортада жүрген Арғынға «көз», жауға алдымен шабатын Алшынға «найза» 
таңбасын берген. Аталмыш 40 рудың таңбасын жартасқа қашатқан. Кезінде «Майқының 
таңбасы» деп аталған бұл таңбалы тас кейін «Нұра таңбасы» аталып кеткен. 
Майқы би қазақ ұлысын құра отырып, кейінгі ұрпақтарына: «Хан ақылды, әділ болса, қарашасы 
ынтымақты, батыл болса, қара жерден су ағызып, кеме жүргізеді... Ақ білектің күшімен, ақ 
найзаның ұшымен қорғап, ел болуды ойлаңдар», - деп өсиет қалдырған. 


224 
Ел аңыздарының деректеріне қарағанда, Майқы бидің өз заманында ел қамын ойлаған үлкен 
ойшыл адам болғаны аңғарылады, халықтың әдет-ғұрып, салтын, жол-жоралғысын заңға 
айналдыруда Майқы бидің орнының ерекше болғаны көрінеді. 
13. Аңыз әңгімелерде келтірілген деректер бойынша Майқы би 
A) Шешен, әскер басы, тарихи тұлға 
D) Ақылгөй дана, ел билеуші 
B) Әскер басы, дана би, хан 
E) Батыр, дана, хан 
C) Би, шешен, үш жүздің ханы 
14. Майқы бидің кейінгі ұрпақтарына қалдырған өсиеті 
A) Бірлік бар жерде тірлік бар 
D) Өнер алды - қызыл тіл 
B) Ердің атын еңбек шығарар 
E) Ақыл азбайды, білім тозбайды 
C) Әдепті бала - арлы бала 
15. «Майқының таңбасының» кейінгі атауы немен байланысты? 
A) Ел атымен 
C) Жер атымен 
E) Ру атымен 
B) Тау атымен 
D) Өзен атымен 
16. «Хан ақылды болса, қарашасы ынтымақты, батыл болса, қара жерден су ағызып, кеме 
жүргізеді» деген Майқы бидің сөзіндегі қарашасы сөзін алмастыратын қатар 
A) Отбасы мен ұрпағы 
D) Жұбайы мен жары 
B) Ел-жұрты мен халқы 
E) Баласы мен данасы 
C) Жалшысы мен малшысы 
17. Майқы бидің өсиетіне сай даналық еөз 
A) Ер - елінде, 
D) Шешеннің сөзі мерген, 
Гүл - жерінде. 
Шебердің көзі мерген. 
B) Сөздің көркі - мақал, 
E) Бірлік жоқ болса, ұйым жоқ, 
Жүздің көркі - сақал. 
Ұйым жоқ болса, күйің жоқ. 
C) Суды шым тоқтатар, 
Сөзді шын тоқтатар. 
18. Шежіре деректер бойынша Майқы бидің түп атасы кім болған? 
A) Ақарыстан 
C) Шыңғыс хан 
E) Төле би 
B) Арыстан 
D) Төбе би 
19. 40 руға таңба таратқанда Алшынға «Найза» таңбасын беруі нені білдіреді? 
A) Халықты бір найзаның астына жинайтын қасиеттерін 
B) Дауларда бірінші болып сөз бастайтындығын 
C) Жаудың қайдан келетінін жорамалдап білетінін 
D) Жауға бірінші болып шабатындығын 
E) Найзамен аңшылық жасап халқына азық табатынын 
20. Қазақтардың шығу тегіне қатысты аңыз әңгімелерде Майқы би кімнің замандасы? 
A) Ыбырайымның 
C) Ұзынсақалдың 
E) Ақарыстың 
B) Шыңғыс ханның 
D) Төле бидің 
Бөлтірік шешеннің сөзі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   367




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет