1. Автор Тарбағатай тауын қалай қабылдайды? A. Табиғаттың ерекше сыйы ретінде.
B. Тарихи кезеңдер куәсі ретінде.
C. Маңғаздықтың, асқақтықтың символы
ретінде.
D. Жастық шағының куәсі ретінде,
E. Балалық шағының куәсі ретінде.
2. Қандай сипаттама Қаратауға қатысты айтылған? A. Қазақтың қара шаңырағы
B. Туған елдің шығыстағы қамалы
C. Бір халықтың екі түрлі тағдыры бар
D. Қайран алтын босаға
E. Құтты қоныс қойнауы
Қазан айының соңғы күндері. Құстар топ-топ болып тізбектеліп, жылы жаққа қайтып жатқан-
ды. Мен ұлым Қазтайды ертіп, Егіндібұлақ көлінің жағасына келіп, табиғаттың күзгі көрінісін
тамашалап тұрғанмын. Аспанда жападан-жалғыз ұшып бара жатқан қоңыр қазға көзім түсті. Ол
ауық-ауық аянышты дыбыс шығарып барады.
-Әке, мынау құс не деп барады? Here жалғыз қалған? - деп сұрады Қазтай.
Бұл - қоңыр қаз. Жылы жаққа қайтқан өзінің тобынан қалып қойғанға ұқсайды. Енді не істерін
білмей жетімсіреп, басына қауіп төнген түрі бар сияқты.
-Әке, ол басқа құстардың тобына неге қосылмайды?
-Қосылуын қосылар еді-ау, бөтен құстар өзінің тобына ала ма?
Осы сәт тыраулаған тырналар сән түзеп, жылы жаққа кетіп бара жатты. Қоңыр қаз соңдарынан
ілесе беріп еді, бір-екі тырна бөлініп шығып, қазды қуып тастады.
Енді біраздан кейін аспанда тізіліп, ақ шатыр құрғандай аққулар тобы өте берді. Қоңыр қаз:
«Түбі бір туысың емеспін бе, мені де қосып алыңдар», - дегендей қаңқ-қаңқ етіп, оларға жанаса
беріп еді, бір-екі аққу белініп шығып, қазды қуып жіберді,
-Әке, мына аққулар да жалғыз қазды тобына қоспады ғой, ~деп Қазтай жабырқап ұзақ тұрды.