«Үкімет енді мына екеуді де далаға қаңғытпай қарамағына алса екен. Мендегі жалыз тілек осы!» деген сөйлем автордың қандай сезімін көрсетеді? A) Балалардың өміріне алаңдау
B) Балаларға қол ұшын беру
C) Балалардың тағдырын шешу
D) Балаларға жақсы тілек айту
E) Үкіметке үміт арту
1418 нұсқа 1-мәтін
Замандардың заманында бір күйші ғұмыр кешіпті. Бала жастап өнер қуып, күй қайырыпты.
Өгіз жайып жүріп, курайдан сыбызғы қиып, уілдете тартқанда, өгіздер күйсегенін тоқтатып,
құлақтары салбырай мүлгіп, тыңдап тұрады екен. Ормандағы құс қалғып, батпақтағы бақа
тыншып қалса керек, Күйші бала кейде қыз-бозбалаға ілесіп, түнгі ойын-сауықка шығады екен.
Түн тынық, жер-әлем бусана манаурайды. Қалжың-күлкі, ойын-сауық. Керемет!
Сонда бала сыбызғысын ерніне апарып, баяу созылтып күй бастайды. Қыз біткен, жігіт біткен
тегіс ұйып қалады. Қай-қайсысы болмасын, жүректеріне тәтті шырын құйылғандай, беймәлім
бір күш кағып алып, биікке, шырқау биікке, жұлдыздары жымыңдасқан ашық аспанға әкетіп
бара жатқандай сезінуші еді.