I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың жылқы


-мәтін  Қазақ хандығының 550 жылдығы қарсаңында: Қазақ хандығы ту тіккен өңір



Pdf көрінісі
бет428/542
Дата16.04.2022
өлшемі4,57 Mb.
#31208
1   ...   424   425   426   427   428   429   430   431   ...   542
Байланысты:
1560766279 (1)

3-мәтін 
Қазақ хандығының 550 жылдығы қарсаңында: Қазақ хандығы ту тіккен өңір 
7.  Осыдан бес жарым ғасыр бұрын Жәнібек пен Керей сұлтандар Әбілқайыр ханнан бөлініп, 
жүректерінде азаттық пен бостандықтың жалыны жанған елін ертіп, Батыс Моғолстанның Шу 
мен Талас өзендері аралығындағы Қозыбасы аймағына қоныстанды. Осындай тарихи 
оқиғаның бастауы болған бұл шежіреге толы өңірдің тауы мен тасы, әрбір басқан жері аңызбен 
өткен кезеңдерден сыр шертеді. 
8.  Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» атты еңбегінде көрсетілген Керей мен Әз- 
Жәнібектің алғашқы хандық құрып, ту тіккен жері – Шу бойындағы Қозыбасы. Ол шоқы 
Мойынқұм ауданындағы Жамбыл тауында орналасқан. Шу өзенінің арнасы сол кезде 
Қозыбасы биігіне жақын болыпты. 
9.  Қозыбасы, Қозыбашы – атауына келер болсақ, тарихи түп дерек кездеріндегі Қазақ 
мемлекеті құрылған аймақ. Этимологиялық мағынасы қозының басындай ғана тау төбелі 
жерлерді білдіреді. Жетісу өңірінде бірнеше Қозыбасы бар. Мұхаммед Хайдар Дулатидің 
«Тарих-и Рашиди» кітабында Қазақ хандығының құрылған жері – Шу бойы мен Қозыбасыда 
деп айтылады. Шу бойы мен Қозыбасы тауы –тарихи географиялық тұрғыдан алғанда ХІV-XV 


256 
 
 
ғасырларда билік еткен Моғолстан мемлекетінің батыс бөлігіндегі өңір. Бұл ерте заманнан бар 
жер атауы. Қазақ хандығы осы Қозыбасыда шаңырақ көтерген. 
10. 
Көне тарихқа үңілсек, Талас пен Шу өзендерінің аңғарлары ерте заманнан адам 
баласының тұрағы – мекені болғандығын айғақтайтын белгілерге көптеп жолығамыз. Тарихи 
дерек көздеріне үңілсек, Батыс Түрік қағандығының бастапқы жері Іле, Шу және Талас 
өңірлерін қамтыған. Батыс Түрік қағандығының саяси орталығы түрлі мезгілде Шу өңіріндегі 
Суябта, Баласағұнда және Меркіде орналасты. Бұл қалалар өз заманында қайнаған саяси 
өмірдің куәсі болды. 
11. 
Осындай ғасырлар қойнауынан бастау алатын қазақ халқының қалыптасуы Қазақстан 
аумағында ежелгі замандардан бері үздіксіз жүрген этноүрдістердің заңды қорытындысы 
екені ғылымда дәлелденген тұжырым. Этногенез үрдісі әрбір тарихи кезеңде өзіне тән 
айрықша белгілермен ерекшеленеді. Сондай ерекше кезеңге ХІV-XV ғасырлардағы 
этноүрдістер жатады. Бұл кезеңнің басты белгілерінің біріне – қазақ халқының этнос ретінде 
тарих төріне шығуы жатса керек. 
12. 
Байырғы Қазақ даласын ғасырлар бойы мекендеп келе жатқан түркі-оғыз текті ұлыстар 
негізінде қалыптасқан ортақ тіл, дәстүр , территория, менталитеттегі байырғы этностың 
қайтадан «қазақ» деген жаңа атпен тарих сахнасына шыққан кезі. Яғни, бұрыннан әртүрлі 
аталып келген этнос (сақ, ғұн, үйсін, түрік, оғыз, түркеш, қыпшақ, т.б.) жаңа этнонимге ие 
болды. Жаңадан пайда болған «қазақ» этнониміне байланысты, олардың мемлекеті 
«Қазақ хандығы» деп аталды. Жаңа атауға және жаңа статусқа ие болды. Демек, XV 
ғасырдың 
алпысыншы жылдарында – ақ, Қазақ хандығы ұлттық құрамы, аумақтық тұтастығы, 
мемлекеттік басқару жүйесі, сондай-ақ ішкі сыртқы саясаты жағынан қалыптасқан мемлекет 
ретінде өмір сүріп тұрды. Әрине, оған қазіргі таңдағы халықаралық қатынастар жүйесіндегі 
«мемлекет» өлшемімен қарауға болмайтын. Оның үстіне, «мемлекет» деген ұғымның өзі 
тарихи мәнге ие. Оған ұдайы даму, кемелдену негізіндегі тарихи үдеріс ретінде қарау керек. 
Өйткені, Қазақ хандығы құрылған XV ғасырда дүниежүзіндегі барлық елдер, яғни мемлекеттер 
біздің бүгінгі ұғымымыздағы өлшемге жауап бере алмайтын. Демек, Қазақ хандығы алғаш 
құрылған күннен бастап, сол кездегі Еуропа пен Азияның кез келген елімен тең тұра алатын. 
 
7. 
Мәтіннен 1 және 2 –бөлігінің мазмұн жағынан сәйкестігін табыңыз 
A) Ежелден қазақ даласын мекендеп келе жатқан ұлыстар туралы сөз болады 
B) Қазақ хандығының Еуропа, Азия елдерімен тең түсе алатынын айтады. 
C) «Қазақ» деген жаңа аттың тарих сахнасына шыққан кезі туралы айтылады. 
D) Қазақ хандығының алғаш құрылған жері туралы айтылады 
E) Қасиетті Мойынқұмның төл тарихы туралы айтылады 
8. 
Мәтін мазмұны бойынша тұжырымдардың дұрысы 
1. Қозыбасы – Жамбыл тауындағы шоқы 
2. Қазақ хандығы XV ғасырда қалыптасты 
3. Қазақ халқының негізін түркі – оғыз текті ұлыстар құрады 
A) Екінші мен үшінші 
B) Бірінші мен үшінші 
C) Бірінші мен екінші 
D) Тек екінші 
E) Үшеуі де дұрыс 
9. Мәтіннің қазақ елінің жаңа атауға, жаңа статусқа ие болғандығы туралы айтылатын бөлігі 
A) 1 
B) 5 
C) 2 
D) 4 
E) 3 
10. Мәтінде кездесетін Баласағұн, Меркі, Суяб қалаларына байланысты нұсқаны көрсетіңіз 
A) Қозыбасты аймағында қоныстанған 
B) Мойынқұм ауданындағы Жамбыл тауында орналасқан 
C) Батыс Моғаолстан, Шу, Талас өзендері бойында орналасқан 


257 
 
 
D) Еуропа мен Азияның кез келген елімен теңдесе алады 
E) Батыс Түрік қағандығының саяси орталығы болған 
11. Мәтінде жауабы жоқ сұрақты табыңыз 
A) Қазақ хандығының құрылған жері туралы кімнің еңбегінде айтылған? 
B) Қазақ хандығы қай ғасырда қалыптасқан мемлекет болып өмір сүрді? 
C) Алғашқы қазақ хандығын кімдер құрды? 
D) Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы қашан, қайда, тойланды? 
E) «Қозыбасы» атауының этимологиялық мағынасы қандай? 
12. Мәтін мазмұнының реттілігі 
1. Жәнібек пен Керей сұлтандардың Әбілқайыр ханнан бөлінуі 
2. Жаңа этнонимнің пайда болуы 
3. Алғаш ту тіккен жер 
4. Қозыбасы атауы 
A) 4,2,1,3 
B) 2,4,3,1 
C) 1,3,4,2 
D) 3,4,2,1 
 
 
4- 
мәтін 
E) 1,2,3,4 
10. 
1465-1470 жылдар – хандықтың құрылған емес, нығайған уақыты, халықтың өз 
тәуелсіздігін ариялаған емес, көрші жұрттарға біржола танылған мезгілі. Түптеп келгенде, 
мұның бәрі қазақ тарихының бастауын мүмкін болғанынша кейіндету талабының бір көрінісі 
ғана. Қазақ хандығының құрылуы жайында бірден – бір дерек «Тарих-и Рашиди» еңбегіне 
сүйенетін болсақ, Қазақ хандығының негізін қалаушылар Керей мен Жәнібек хан Шибан 
әулетінен шыққан Әбілқайыр ханмен жауласуынан кейін оның билігінен бас тартып, Шу 
өзенінің бойындағы Қозыбасы дейтін қоныста дербес Қазақ хандығының туын көтереді. 
Алғаш туымыз тігілген Қозыбасы жері - ХІV-XV ғасыр басында өмір сүрген Моғолстан 
мемлекетінің батыс бөлігіндегі аумақ. Қозыбасы атауының түп мағынасы төңірегіндегі 
жоталардан оқшау тұрған қозының басындай ғана жұмыр, аласа шоқы төбені білдірсе керек. 
11. 
Қазақ хандығы құрылғанда алдымен Керей ақ киізге отырғызылып, хан көтеріліпті. 
Керейдің нақты қай жылы қайтыс болғаны белгісіз. Одан соң Жәнібек хан әмір жүргізеді. Сірә, 
қазақ жұртының Әбілқайырды жеңіп, біржола іргеленуі Жәнібек тұсында болса керек, жаңа 
хандықтың өзіндік құрылымы мен заң жүйесі де осы Жәнібек заманында жөнге түскен сияқты. 
Жәнібектің қазақ тарихындағы айрықша тұлға екендігінің бір белгісі – оның халық санасында 
әулиеге пара-пар, ақылды әрі әділетті әмірші ретінде танылуы. Ол ұлттық тарихымызда жай 
ғана Жәнібек хан деп аталмайды, Әз-Жәнібек хан деп аталады. 
12. 
Әз – Жәнібек – қазақ жұртының іргесін бекітіп, ордасын орнықтырған ұлы хан ғана 
емес, сол халықтың бар игілігіне ұйытқы болған асылы, ұлы әулеттің де негізін салушы. Қазақ 
Ордасының құдіретті әміршілері, қазақ халқының ұлы перзенттері Қасым хан, Хақ-Назар хан, 
Әз-Тәуке хан, Абылай хан, Кенесары хан, ұлы ғалымдарымыз Шоқан, қайраткер Әлихан 
Бөкейхановтар – осы әулие Әз-Жәнібек ханның тілкелей ұрпақтары. 
13. 
Тұғырлы көк байрағымызды аспанда желбіретіп ұстау енді келешегі кемел, білімді 
болашақ ұрпақтың еншісінде. Бүкіл дүние жүзі халықтары бүгінгі күнде қазақ халқын картадан 
ғана емес, оны жер байлығы мен экономикасы дамыған алдыңғы қатарлы мемлекеттердің 
санатынан көруі – Елбасымыздың көреген саясатының жемісі. Сонау Қасым хан негіздеген 
«Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» және Елбасы салған сындарлы сара 
жолмен жүріп келе жатқан елімізде «Қазақстан – 2030» стратегиясының бүгінгі күнде 
мерзімінен бұрын орындалуы, 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі, Әлемдік діндер ұйымының 
конференциясының, 2010 жылы Қысқы Азияда ойындарының, EXPO-2017 көрмесінің өтуі 
қазақ халқының дүние жүзі алдындағы бірлігі жарасқан, толерантты мемлекет екенін 
дәлелдеді. 
14. 
Мәңгілік ел – елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан – 
2050» стратегиясының ғана емес, ХХІ ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық 
тұғыры! Жаңа Қазақстандық патриотизм дегеніміздің өзі – Мәңгілік Ел! Ол – барша Қазақстан 


258 
 
 
қоғамының осындай ұлы құндылығы. Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға 
мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр. 
13. Мәтін бойынша халық санасында ақылды әрі әділетті әмірші ретінде таңбаланған хан 
А) Абылай хан 
В) Кенесары хан 
С) Әз – Тәуке хан 
D) Әбілқайыр хан 
E) Әз – Жәнібек хан 
 
14. Мәтін мазмұнына сай тақырып 
А) Тәуелсіздік тірегі - тіл 
В) Күшті бірді, білімді мыңды жығар 
С) Ел боламын десең, бесігіңді түзе! 
15. Керей мен Жәнібек хандардың тарихтағы орны 
А) Саяси бітімгерлер 
В) Соғыс әдіс – тәсілдерінің білгірлері 
С) «Жеті жарғыны» енгізген хандар 
 
D) Тәрбие басы – тал бесік 
E) Рухы мықты ұлтымның ұлы жетістіктер 
 
 
D) Отарлау саясатынан құтқарған хандар 
E) Қазақ хандығының негізін қалаушылар 
16. Өткен тарихымызға тағзым, бүгінгі бақытымызға мақтаныш білдіру идеясы 
А) «Мәңгілік ел» 
В) «Қасым ханның қасқа жолы» 
С) «Қазақстан – 2030 стратегиясы» 
17. Қозыбасы атауының түп мағынасы 
А) Қозының басындай ғана бір төбені білдірсе 
керек 
В) Қозының жайылым орнын білдірсе керек 
D) «ЕХРО – 2017» 
E) «Қазақстан – 2050» 
 
 
С) Қой қоздаған аласа шоқы болса керек 
D) Қозы көш жерден көрінгендіктен 
E) Қозы өрбіткен жер болса керек 
18. 2010 жылы Қазақстанда қысқы Азияда ойындарының өтуі 
А) Еліміздегі өскелең ұрпақтың салауатты өмір салтын қолдайтынын дәлелдейді 
В) Елімізде еңбекқор жастардың көп екендігін дәлелдейді 
С) Қазақстан климатының қысқы ойындарға қолайлы екендігін дәлелдейді 
D) Бірлігі жарасқан ұйымшыл, төзімді, толерантты мемлекет екенін дәлелдейді 
E) Азия жерінің ұлан ғайыр екенін дәлелдейді 
19. Алашорда көсемі болған Әз-Жәнібек ханның ұрпағы 
А) Абылай хан 
В) Шоқан Уәлиханов 
С) Хақ – Назар хан 
20. Мәтіндегі ойға сай мақалды анықтаңыз 
А)Ел ерімен, ер елімен мықты 
В) Ұят – өлімнен күшті 
С) Хан қарашасыз болмас, 
Дау арашасыз болмас 
D) Көргені жақсы көш бастар 
E) Хан екі айтса, қадірі кетеді, 
Қараша екі айтса, ары кетеді 
D) Әз-Тәуке хан 
E) Әлихан Бөкейханов 


259 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   424   425   426   427   428   429   430   431   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет