I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың жылқы



Pdf көрінісі
бет514/542
Дата16.04.2022
өлшемі4,57 Mb.
#31208
1   ...   510   511   512   513   514   515   516   517   ...   542
З-мәтін 
Үндістанда су тасығыш бір кісі екі шелек алып, иін ағашпен су таситын болса керек. Алайда 
екі  шелектің  біреуі  тесік  екен.  Бүтін  шелек  өзіне  құйылған  суды  қожайынның  үйіне  сол  күйі 
шашау  шығармай  жеткізеді  екен  де,  ал  тесік  шелек  болса,  толтырып  құйылған  судың  үйге 
жеткенше  жол  бойы  сыздықтатып  отырып,  әрең  дегенде  жартысын  ғана  апаратын  көрінеді. 
Бұл  жағдай  дәл  осылай  тұп-тура  екі  жыл  бойы  жалғасыпты.  Cy  тасушы  күн  сайын 
қожайынының үйіне толықтай екі шелек емес, бір жарым шелек қана су жеткізіп жүріпті. Cay 
шелек  өзінің  қалтқысыз  қызметін  мақтаныш  көрген  сайын,  тесік  шелек  байғұстың  іштей 
мұңайғаны сонша - жерге кіріп кете жаздап үялып, өзін қатты ыңғайсыз сезінеді екен. 
Екі жыл өтіп, бір күні әдеттегідей өзен жағасына тағы барғанда, шыдамаған тесік шелек су 
тасушыға  қысыла-қымтырыла:  «Сізден  кешірім  сұрасам  деп  едім,  білсеңіз  ылғи  алдыңызда 
ұяттан өртене жаздаймын», - депті, назарын төмен салған күйі. Таңғалған су тасушы: «Неге?» 
деп  сұрапты.  Шелек:  «Өйткені  менің  бір  бүйірім  тесік  болғандыктан  ылғи  да  сіз  толтырып 
құйған  судың  жартысын  ғана  жеткізіп,  өзіме  жүктелген  міндетті  толық  орындай  алмай 
жүргеніме  іштей  қатты  қысылам.  Менің  кесірімнен  сіз  де  өзіңізге  тиесілі  толемақынызды 
толықтай ала алмай келесіз», - дегенде, су тасушы: «Оған бола қайғыратын түк те жоқ. Одан да 
қожайынның үйіне баратын жолдың сен жағындағы гүлдерін бір байқашы», - депті жай ғана. 
Тесік  шелек  байқаса,  қожайынның  үйіне  жеткенше  жолдың  өзі  жағы,  шындығында, 
жапырағы жайқалған, иісі аңқыған небір гүлдерге толы екен. Тіпті әлгі гүлдерге қызуы жақсы 
түсіп  тұрған  күнді  де  байқапты.  Сонда  су  тасушы:  «Көрдің  бе?  -  деп  сұрапты,  -  бұл  сендегі 
кемшілікті  менің  байқағандығым  әрі  оның  өз  жөнін  тауып,  орайластыруымның  жемісі,  -  деп 
сөзін жалғастырыпты. Жолдың сен жағына әдейілеп гүлдер ектім, ал сен болсан, күн сайын біз 


322 
 
 
өзеннен  су  алып  қайтқанда  оларды  суғарып  тұрдың.  Екі  жылдан  бері  осы  әдемі  гүлдермен 
қожайынды  таңқалдыра  өтер  жолды  жайнатып  келдім.  Егер  сен  тесік  болмағаныңда 
қожайынымыздың үйінде мұндай әдемілік болмас еді», - деп түсіндірген екен. 
7. 
Cy тасушының ерекше қасиетін көрсетіңіз.
 
A) 
Әңгімешілдігі 
B) 
Алғырлығы 
C) 
Сенімсіздігі 
D) 
Дарындылығы 
E) 
Тапқырлығы 
8. 
Мәтін стилі
 
A) 
Көркем әдебиет 
B) 
Ауызекі сөйлеу 
C) 
Публицистикалык 
D) 
Ic қағаздар 
E) 
Fылыми 
9. 
Мәтінде бүтін шелектің қай қасиеті көрінеді?
 
A) 
Намысқойлығы 
B) 
Жағымпаздығы 
10. 
Тесік шелекке тән қасиет
 
A) 
Ізеттілік 
B) 
Өшпенділік 
11. 
Мәтінге лайық атау
 
A) 
Тесік шелек 
B) 
Риза қожайын 
C) 
Жалқаулығы 
D) 
Мақтаншақтығы 
 
C) 
Қорқақтық 
D) 
Батылдық 
 
C) 
Жаңа шелек 
D) 
Өзен жағасы 
E) 
Озбырлығы 
 
E) 
Менмендік 
 
E) 
Бүтін шелек 
12. 
Мәтін мазмұнының реттілігін көрсетіңіз
 
1. 
Гүлге оранған жол 
2. 
Екі шелек туралы 
3. 
Тапқыр су тасушы 
4. 
Кінәлі тесік шелек 
A) 
1.3.2.4 
B) 
3.1.2.4. 
0   
4.1.2.3. 
D) 
2.1.4.3. 
E)  
2.4.3.1. 
 
 
 
 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   510   511   512   513   514   515   516   517   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет