1-мәтін Хандық дәрежесне көтерілген тұңғыш қазақ әйелі 1821 жылы Уәли хан дүниеден өткенде Айғайым 38 жаста болатын. Үміт күткен ұлы
Шыңғыс әкеден бар болғаны 10 жасында қалыпты. Осы тұста Ресей патшалығы
Айғанымды «Орта жүздің ханы» деп таниды.
Уәлидің өзге әйелдерінен қаншама ұлдары бола тұра, таққа Айғанымның отыруы
патша үкіметіне өте қолайлы еді. Осыған орай Айғанымды «хандық дәрежесіне
көтерілген тұңғыш қазақ әйелі» ден атаушылар да бар. Бірақ бұл «хандык» ұзаққа
созылмай, 1822 жылы М.М.Сперанскийдің «Сібір қазақтарын басқару» атты ережесі
шығады да, Орта жүздің хандығы жойылып, қазақтары: Құсмұрын, Көкшетау, Ақмола,
Баян, Қарқаралы, Аякөз аталған алты дуанға бөлініп кетеді. Ал Айганым Кекшетау
дуанына біраз жыл аға сұлтан болып тұрады. Бұл туралы ғалым Әлкей Марғұлан:
«Айғаным - ақылды, көреген, өз заманына сай білімді болған әйел. Ол шығыстың
бірнеше тілін білген, орыс мәдениегіне деп қойып, Сыртқы істер министрлігінің Азия
департаментімен және Петербордағы Сібір комитетімен хат жазысып. байланысып
отырған», - дейді. Айғаным жергілікті халықтың арасында өте зор беделге ие болған.