14
Көршісі:
- Қаратаудың басында мың жасаган данышпан бар. Содан ақыл сұра, - деп жауап берді.
Беғайдар ертесіне дорбасын артынып, жолға шықты. Шаршап- шалдығып қеле жатып,
бір лашыкқа тап болды. ішіне кірсе, шал, кемпір және бір бойжеткен қыз бар екен.
Бегайдар сусын ішіп, дәм татқаннан кейін шалга жағдайын баяндады. Шал:
- Балам. данышпанға бара жатсаң, менің аманагымды ала кет. Үйде қызым бойжетіп
отыр. Соны қандай адамға берсем болады? - деді. Бегайдар:
- Жарайды. ақсақал, данышпанға тілегіңізді жеткізем, ден аттанып кетті. Тағы да
ұзақжол жүріп. шаршап-шалдығып, бір бәйтеректің түбіне келіп демалды. Сол кезде
бәйтерекке тіл бітіп:
- Әй, Беғайдар, данышпанга барсаң, сұра. Мен тамырымды тереңге жайдым, бірақ
бұтақтарым жеміс бермейді. Сыры неде екен? - деді. Бегайдар онын да аманатын
арқалап, жолға шығады. Бір қүні әрең дегенде данышпанға жетті. Данышпан:
- Иә, балам қандай мұратпен жүрсің? - деді. Бегайдар:
- Терлеп-тепшіп, аяғымнан тозып табыс табамын, бірак берекесі болмайды.
Көршімнін бес-алты ешкісі, көп бала-шағасы бар, табысы аз. Бірақ берекесі мол. Соның
сырын іздеп жүрмін. Жолда шал мен кемпірге, алып бәйтерекке жолыктым. Олардың
да тілегін әкелдім, - деп, жолда көрген- білгенін жеткізді. Данышпан басын шайқап:
- Ай, балам-ай, үйдің берекесі әйелдің алаканына жасырылған. Көршіңе береке
кіретіні акылды әйелі бар. Енді кейін қайт. Жолда кездескен байтеректің түбінде ат
басындай алтын көмілген. Соны қазып ал. Алтынды шал мен кемпірге беріп, қызын
сұра. Ақылды жар алсаң, берекең кіреді, - деді.
Бегайдар данышпанның айтқанын істеді. Бәйтеректің түбінен алтынды казып алды.
Оны қыздың қалыңмалына беріп, оған үйленді. Ұзамай отбасына береке кіріп, ырысы
түрақтайды. Осылайша. әйелі екеуі барша мұратына жетіпті.
Достарыңызбен бөлісу: