30
ғасырлардагы этноүрдістер жатады. Бул кезеңнің басты белгілерініе біріне - казақ
халқының этнос ретіндс тарих теріне шыгуы жатса керек.
6. Байырғы Қазақ даласын ғасырлар бойы мекендеп келе жаткан туркі- оғыз текті
ұлыстар негізінде қалыптасқан ортақ тіл. дәстүр, территория, менталитеттегі байырғы
этностың қайтадан «қазақ» деген жана атпен тарих сахнасына шыккан кезі. Яғни,
бұрыннан әртурлі аталып келген этнос (сақ, ғұн, уйсін, түрік, огыз, түркеш, қыпшақ,
т.б.) жаңа этнонимге ие болды. Жаңадан
пайда болган «қазақ» этнониміне
байланысты, олардын мемлекеті «Қазақ хандығы»
деп аталды, Жаңа атауға және жаңа статусқа ие болды. Демек, XV гасырдың
алпысыншы жылдарында-ақ, Қазақ хандыгы ұлттык кұрамы, аумақтык тұтастығы,
мемлекеттік басқару жүйесі, сондай-ақ ішкі-сыртқы саясаты жағынан қалыптасқан
мемлекет ретінде өмір сүріп тұрды. Әрине, оған қазіргі
тандағы халықаралық
қатынастар жүйесіндегі «меммлекет» өлшемімен қарауға болмайтын. Онын үстіне,
«мемлекет» деген ұғымның өзі тарихи мәнге ие. Оған ұдайы даму, кемелдену
негізіндегі тарихи үдеріс ретінде қарау керек. Өйткені, Қазақ хандығы құрылған XV
ғасырда дүниежүзіндегі барлық елдер. яғни мемлекеттер біздің бүгінгі ұғымымыздагы
мемлекеттік олшемге жауап бере алмайтын. Демек, Қазақ хандығы алгаш кұрылған
күннен бастап, сол кездегі Еуропа мен Азияның кез келген елімен тең тұра алатын.
Достарыңызбен бөлісу: