3 Аңшы 3 сағатта 3 үйрек аулай алатын болса, 9 аңшының 9 үйректі аулай алуы үшін қанша сағат керек?
Жауабы 3 сағат
Жандостың үйінің бақшасында кәрі бір ағаш бар. Әр жылы 25 сантиметр өседі. Жандос 8 жасар кезінде жерден 140 сантиметр биіктіктегі ағаштың діңіне ЖАНДОС деп есімін жазады. Жандос 12 жасқа толғанда бұл жазу қанша снтиметр өскен болады?
Жауабы Еш өспейді. Өйткені кәрі ағаштардың діңі емес бұтақтары өседі. - See more at: http://www.balalaralemi.kz/zhumbaktar/view/52?page=1#sthash.eZ1rRLxw.dpuf
А қаласынан сағат 8:00-де ұшқан ұшақ Б қаласына қонғанда сағат 10:00 болады. Сол ұшақ Б қаласынан сағат 14:00-де ұшып, А қаласына қонғанда сағат 20:00-ді көрсетеді. Бірдей жылдамдықпен барып келген ұшақтың А қаласынан Б қаласына баруы немесе Б қаласынан А қаласына қайтуы қанша сағат?
Жауабы А мен Б қалаларының уақыттарында 2 сағат айырмашылық бар және екі қала арасындағы сапар 4 сағатқа созылады. - See more at: http://www.balalaralemi.kz/zhumbaktar/view/52?page=1#sthash.eZ1rRLxw.dpuf
Бір жүк машинасының артында бір шелек тұр. Жаңбыр жауа бастады. Шелек, жүк машынасы тоқтап тұрған кезде тез тола ма, әлде жылдам кетіп бара жатқан кезде ма?
Жауабы Шелекке судың толу жылдамдығы машинаның тоқтап тұруына немесе жүруіне байланысты емес. Шелек екі жағдайда да бірдей жылдамдықта толады. - See more at: http://www.balalaralemi.kz/zhumbaktar/view/52?page=1#sthash.eZ1rRLxw.dpuf
Шәугімде су қайнату үшін отқа қойған кезде басталған ызыңдаған дыбысты бәріміз білеміз. Бұл дыбыс бара-бара артады және су қайнай бастағанда бірден тоқтайды. Судың дайын болғандығын, яғни қайнағандығын осы дыбыстың тоқтағанынан түсінеміз. Бұл дыбыс қалай, ненің әсерінен пайда болады, айтып бере аласыз ба?
Жауабы Шәугімнің ішіндегі судың алдымен астыңғы бөлігі қызады. Ыстық жоғары көтерілгенде түбінде бу көпіршіктері (ауа көпіршіктері емес) пайда болады. Судан жеңіл болғаны үшін жоғары қарай көтерілген бұл көпіршіктер жоғарыдағы салқындау болған су қабаттарымен кездескен кезде сөнеді. Қаншама көпіршіктің сөнуін біз ызыңдаған дыбыс ретінде естиміз. Қайнау температурасына дейін ысытылғанда, суық қабат қалмайтыны үшін ызыңдаған дыбыс естілмейді. - See more at: http://www.balalaralemi.kz/zhumbaktar/view/52?page=1#sthash.eZ1rRLxw.dpuf
Сумен толтырылған шелек таразыда 10 кг болады. Шелектің ішіне, жіптің ұшына байланған темір шар батырылады. Шар шелектің түбіне тимейді, әрине шелектен белгілі мөлшерде су тасып шығады. Шелектің ауырлығы артады ма, азаяды ма, әлде өзгермейді ме?
Жауабы Азаяды. Таразы, суға батырылған темір шарды тартпайды. Шардың көлемі қанша болса, шелектің ауырлығы сонша грамға азаяды. - See more at: http://www.balalaralemi.kz/zhumbaktar/view/52?page=1#sthash.eZ1rRLxw.dpuf
100 шөжек, 100 кг бидайды 100 күнде жейтін болса, 10 шөжек, 10 күнде қанша кг бидай жейді?