І. Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №2-3 /2013



Pdf көрінісі
Дата22.12.2016
өлшемі382,96 Kb.
#88
түріЛитература

 

 

125 



І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 2-3 /2013     

 

эффективных видов внеклассной музыкальной работы со школьниками. 



Однако  анализ  литературы  показывает,  что  возможности  эстетического 

воспитания средствами искусства во внеклассной работе рассматриваются на примере 

учащихся  старших  классов.    Важно  предоставить  учащимся  широкую  возможность 

почувствовать    себя  внутренне  сопричастными  процессу  музыкального  творчества, 

музыкального образования и воспитания, в особенности  младшим школьникам. 

Вместе с тем, опыт развития детей начальных классов средствами музыкального 

театра  не  нашел  должного  отражения  в  психолого-педагогической  литературе,  что  и 

обусловило актуальность исследуемой нами проблемы. 

 

ЛИТЕРАТУРА



1 Абдуллин Э.Б., Николаева Е.В. Теория музыкального образования. - .М.,2011.. 

2  Музыкальное  воспитание  и  образование  в  Республике  Казахстан  -  Алматы: 

АГУ им.Абая, 2009. 

3  Музыкальное  наследие  Казахстана  как  средство  воспитания.-Алматы:  ШДС 

«Парасат» 2011. 

4 Музыкальное образование учащейся молодежи Республики Казахстан. АГУ им 

.Абая.  Алматы, 2010. 

5  Из  истории  музыкального  образования  учащихся  Республики  Казахстан. 

//Вестник  КазНУ  им.аль-Фараби, 2011. 

 

 



ӘОЖ 541.124 

 

ҰЛТТЫҚ МУЗЫКА МӘДЕНИЕТІНІҢ ШЫҢЫ - «БІРЖАН-САРА» ОПЕРАСЫ 

 

Жаркенова Д.Қ., аға оқытушы, 

Нусупова Э.Д., музыка пәні мұғалімі 

І.Жансүгіров атындағы ЖМУ, Талдықорған қаласы, zharkenova@mail.ru 

№13 орта мектеп (арнаулы сыныптармен)Талдықорған қаласы nusupova@mail.ru 

 

Халқымыздың  маңдайына  біткен  ұлы  композитор,  дара  тұлға  Мұқан 

Төлебаевтың  100  жылдық  мерей  тойына  бағышталған.  Мұқан  Төлебаевтың  атақты 

«Біржан-Сара»  операсы  оқиғалардың  өрістеу,  операдағы  драмалық  жайлардың  даму 

жолдары,  ондағы  тартыс,  күйініш-сүйініштер  мен  іс-әрекет,  мінез-құлықтардың 

музыкалық суреттемелері баяндалады. 

 

Посвящается  к  100-летнему  юбилею  со  дня  рождения  великого  композитора 

казахского народа, выдающемуся деятелю современного отечественного музыкального 

искусства  Мукана  Толебаева.  Обобщая  краткий  обзор  о  музыке  М.Толебаева,  хочется 

сказать  о  том,  что  опера  «Біржан-Сара»,  являющаяся  вершиной  творчества 

композитора  –  это  глубоко  национальное,  поистине  интернациональное  произведение, 

ставшее художественной ценностью сокровищницы мирового музыкального искусства. 

 

K 100-yreat anniversary of the birth of the great composer MukanTolebaev.Generalize a 

brief overview of the music M.Tolebaeva that the opera – «Birzhan-Sarah»yavlyayuschasya top of 

the composer is deeply national truly an international product, which became the artistic treasure 

miorvogo music. 

 

Ключевые  слова:  опера,  форма,  ария,  ариозо,  хор,  би,  терме,  толғау,  желдірме, 

айтыс.  

 

 

126 



І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 2-3 /2013     

 

Опера  -  көркем  өнердің  шоғарланып  келетін  көлемді  жанры.    Көптеген  өнер 



түрлерінің:    музыканың,  поэзияның,    хореографияның,  драмалық,  бейнелеудің  біртұтас 

жиынтығы.  Күрделі  қойымдылық  эффектілерімен,  көпшілік  сахналарымен,  терең 

мағынадағы драматургиялық шиелініскен кезеңді музыканың күшті тілімен,    түрлі-түсті 

көрікті  де  сұлудикорацияларымен  және  сахналық  көрініс  қимылдарымен  тек  театрда 

орындалуға ғана арналған көркем өнер. 

Опералық жанр – қазақ музыкасының ХХ ғасырдың орта кезеңінде күрт дамыған 

өнер саласы. Ұлттық музыка өнерімізде бұл саланың өркен жаюына, кәсіптік дамуына үлес 

қосып,  ұлттық  операның  негізін  қалаған  МұқанТөлебаев  атамыз.  «Композитор  өзінің 

«Біржан-Сара» туындысы арқылы бүкіл қазақ операсының өткен ғасырдағы өшпес өрнегін 

жасап қалдырды»,- деп бүгінгі ұрпақ нық айта алады.

 

 

1946 



жылдың 

қарашасында  «Біржан-Сара»  операсы  алғаш  рет  сол  кездегі  еліміздің  астанасы  Алматы 



қаласында қойылды. Бұл еңбек бірден жоғары бағаланды. Арада үш жыл толмай жатып, 

1949  жылдың  сәуір  айында  опера  театрының  шығармашылық  ұжымы  мен  композиторға 

КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді. 

Ұлы  Отан  соғысының  қиыншылық  жылдары  композиторға  қуат  беріп, 

шығармашылыққа 

зор 


сенім 

білдірген 

адамдардың 

бірі 


«Біржан-Сара» 

операсылибреттосының  авторы,  ол  кезде  белгілі  ақын,  жазушы,  әдебиет  зерттеушісі 

ретінде халқымызға жақсы танымал Қажым Жұмалиев болатын. «Менің де осы саладағы 

бірінші  еңбегім,  сенің  де  музыкадағы  алғашқы  ірі  туындың  болсын,  бердім  саған 

либреттамды, жаз опера»,  - деген-ді Қажым аға. Өзіне артқан бұл сенімді Мұқан аса зор 

бағалап:  «Қажекең  тырнақалды  тұңғышын  маған  қиды»,  -  деп  қатты  ризашылық 

білдірді.[2] Опера театрында ұдайышығармашылық пікір алмасу арқылы композитор мен 

жазушы аз уақыттың ішінде бірін-бірі жақсы түсінісіп, біте қайнасып кетті.  

Қазақ  опера  жанры  шығармашылығының  шыңы  аталған  «Біржан-Сара» 

операсының либреттосын жазған академик Қажым Жұмалиевтің естелігінен:  «Мұқан сөз 

жоқ,  озат  талант,  өршіл  оптимист,  терең  ойлы,  шексіз  сезімді,  шын  мәніндегі  өз 

мамандығының  ақыны  еді.  Ол  қысқа  өмірін  үздіксіз  оқу,  талмай  іздену,  ерінбей  еңбек 

етумен  өткізді.  Осылардың  нәтижесінде  қазақтың  музыкалық  мәдениетін  биікке 

шығарушылардың белділерінің бірі болды. Оның музыкалық туындыларының биік шыңы 

- «Біржан-Сара» операсы совет музыкасының тамаша жетістіктерінің бірі саналды. Демек, 

Мұқан ағамыз кейінгі ұрпаққа өлместік мұра, өшпестік ат, үлгі етерлік өнеге қалдырды. 

Көп  жылдар  бірге  істесе  жүріп,  оның  творчестволық  қабілетінің  екі  түрлі  жақсы 

қасиеті мені қатты сүйсіндіретін.Бірінші, өзі өлең жазбаса да шын поэзияны Мұқан жақсы 

түсінетін,  жаны  ақын  адам  еді.  Операның  ең  жауапты  бөлшектері  ариоза,  ариялардың 

сөздері мазмұнына түрі сай шығып, мүлтіксіз дәрежеге жетсе, қатты қуанып, қайта-қайта 

оқып,  күйсандықтың  әр  пернесін  бір  басып,  әдемі,  жұмсақ  қоңыр  даусымен  алғашқы 

сөздерінен әнге қоса бастайтын. Кейде «кілті табылды» деп қуанып қалатын да, «бұл осы 

қалпында біткен нәрсе, енді тимеңіз», деп бәйек болатын. Кейбір мәтіндерге келгенде әр 

сөзге бір қадалып, не мазмұны, не әуезділігі жетпей жатқанын аңғартушы еді. Қысқасы, ол 

жаны  сүйген  өлеңге  өзінің  терең  ой,  үлкен  сезімін  оята  алатын,  шың  мәніндегі  поэзияға 

ғана музыка жазатын. 

Екінші, драмалық шығарманың да өзіне тән  ерекшелігін терең түсінерлік қабілеті 

мол,  өмір  құбылыстарына  терең  ой  көзімен  қарайтын  адам  еді.  «Біржан-Сараның»  әр 

актысында оқиғалардың өрістеу, даму  жолдарын, ондағы тартыс, күйініш-сүйініштер, іс-

әрекет  пен  мінез-құлықтардың  музыкада  қалай  берілетіндігіне  ой  жіберген  адамға, 

операдағы драмалық жайлар мен музыканың мына жері қабыспай тұр-ау деп ешкім де айта 

алмайтын.  Бұл  екеуі  операда  ара  жігін  білдірмей,  сомдап  соққандай  бір  бүтін  болып 

шығуы  –  композитордың  асқан  дарындылығымен  қатар,  опералық  пьесаның  драмалық 

жақтарын  жақсы  ұға  білуімен  де  байланысты.  Ол  артына  өлместей  із  қалдырды.  Жанға 

сүйесін, көңілге демесін – тек осы ғана. «Біржан-Сараның» лейтмотиві болған:  



 

 

127 



І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 2-3 /2013     

 

Тән өлсе де, ән өлмейді 



Шырқа Біржан ақын-сал. 

Шығарушы сен болсаң, 

Шырқататын біздер бар,-  

деген  сөздерді  енді  өзіне  айтуға  тура  келді»,-  деп  академик  Қажым  Жұмалиевжан-

жүрегімен қынжыла еске алады.[2] 

Операның  сюжетіне  әнші-ақын  Біржан  Қожағұлұлы  мен  ақын  Сара 

Тастанбекқызының  айтысы  арқау  болды.  Олардың  тағдыры  арқылы  халықтың  арманы, 

адамның  жеке  басының  азаттығы,  шығармашылық  еркіндігі  үшін  күресі  бейнеленген. 

Сюжеті  және  музыка  мазмұны  жағынан  бұл  шығарма  лирика-эпикалық  опера  жанрына 

жатады. 


Операның ең алғашқы қойылымында басты кейіпкерлерді сомдаған халқымыздың 

үздік  әншілері  Әнуар  Үмбетбаев  және  халқымыздың  мақтанышы,  сүйіктісі  ерекше 

танымал Күләш Байсейітова болатын. Олардыңорындауындағы үлкен қызуқандылық пен 

динамикалық ерекшеліктер, халықтық мерекелердің көріністері шынайы сахналық  айтыс 

додаларына айналды. Театр көрермендері сахнада болып жатқан оқиғаларға жан-тәнімен 

беріле,  еріксіз  қайран  қалысты.  Олардың  сұлу  да,  қайталанбас  тамаша  дауыстары  ән-

әуенмен өз үйлесімін тауып жатты. 

Мұқан  Төлебаевтың  жаңашыл  қабілетіне  сүйсініп,  оның  жаңалыққа  деген 

ынталылығын бағалай отырып, «Біржан-Сара» операсының тұңғыш дирижеры, профессор 

Григорий  Арнольдович  Столяров  (кезінде  Москвадағы  В.Немирович-Данченко  және 

К.Станиславский  театрында  бас  дирижерлық  қызмет  еткен,  Одесса  консерваториясының 

ректоры,  Москва  консерваториясының  профессоры  болған  жоғары  дәрежелі  тәжірибелі 

маман)  өте  жоғары  бағалап,  композитордың  творчествосын  ерекше  бір  ұстаздық 

ықыласымен  қабылдады.  Григорий  Арнольдович  Мұқанның  оркестрге  лайықтап  өңдеу 

жұмысына үңіле қарай отырып қайран қалатын жәнеоның асқан дарынына бас иетін. Сол 

кездердегі  Қазақ  әдебиетінің  Москвада  өткен  он  күндігінде  тыңдаушылар  тарапынан  екі 

құрамы да аса жоғары бағаланды.  

Композитор 

М.Төлебаевқа, 

режиссер-қоюшыҚ.Жандарбековке, 

суретші 

А.Ненашевке, 

жеке 

дауыста 


орындаушылар 

Ә.Үмбетбаевқа, 

К.Байсейітоваға, 

Б.Досымжановқа  және  Ш.Бейсековаға  КСРО  Мемлекеттік  сыйлығы  берілді.Бұл  осы 

уақытқа дейін бұрынды-соңды қазақ музыкасының тарихында болмаған жағдай болатын. 

Сонымен қатар, дирижер Г.А.Столяровтың бастамасымен «Біржан-Сара» операсын КСРО 

радиокомитеті  мемлекеттік  симфониялық  оркестр  мен  хор,  сондай-ақ  жеке  дауыстағы 

әнші-вокалистердің  орындауында  Т.Сикорский  мен  С.Болотиннің  орыс  тіліндегі 

аударуындаүнтаспаға  жазып  алынды.  Көркемшығармашылық  кеңесінің  бірауыздан 

қолдаған шешімімен сол кездегі кең байтақ КСРО республикаларына таратылды. Сонымен 

қатар,  1958  жылы  қазақ  өнерінің  Москвада  өткен  онкүндігіне  апарылған  «Біржан-Сара» 

операсы  -  композитордың  екшеуінен,  өңдеуінен  сан  қайталап  өткен,  қайта  жетілдіріліп, 

толықтырылғаннақты  түрі  болатын.  Операның  клавирі  осы  нұсқада  Москвада  қазақша, 

орысша екі тілде тұңғыш рет баспадан жарық көрді. 

Біржанның  әндері  Мұқанның  қолымен  айта  қалғандай  өзгеріп  кетті,  қайта  жасап, 

жаңа  өмірге  жаңа  «киім  киіп»  келді.  Жеке  нөмірлерде,  дуэтте,  хорда,  оркестрде  Біржан 

әндері  жаңа  сатыға  көтерілді.  Әсіресе,  хор  мен  би  қосылатын  актыдағы  көрініс  бұрын-

соңды  қазақ  операларында  болмаған  сурет  берді.  Бұл  арада  Мұқан  қазақтың  халық  күйі 

«СоқырЕсжанды»  басқа  өзінің  қаламдастары  сияқты  тұтасымен  алып  қана  қоймай,  тек 

тақырып, дерек есебінде алады, аржағын өзінің творчестволық күші арқылы алып кетеді. 

Бұл  сахна  тыңдаушысының  делебесін  қоздырады.  Шынында  да  Мұқан  бұл  арада  өзі 

айтқандай,  Бородин  дәстүріне  еліктеп  және  соған  жақындап  барып  қалады.  Мұқанның 

оркестрлік  полифониясы  (музыкада  –  әрқайсысы  өз  жолымен,  бірақ  бір-бірімен  қабыса 

жүретін  көпдауыстылық)  орыстың  ұлы  композиторлары  үлгісінде  жүреді.  «Мазепа» 



 

 

128 



І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 2-3 /2013     

 

операсында  «Полтава  соғысын»  тек  оркестр  тілімен  берген  Чайковский  сияқты  суреткер 



оркестрлік кесектер арқылы берілген. Бірақ иллюстрациялық музыка емес, терең мағынада 

драматургиялық шиеленіскен кезеңді музыканың күшті тілімен бере білген. 

Сол 

кездегі 


КСРО 

Композиторлар 

Одағы 

басқармасының 



бірінші 

секретары,  Социалистік  Еңбек  Ері  Тихон  Хренников:  «Мен,  ең  алдымен, 

Москва 

жұртшылығының, 



музыка 

қайраткерлерінің 

атынан 

«Біржан-Сара» 



операсының  авторы,  қадірлі  Мұқан  Төлебаев  жолдасқа  мың  да  бір  рахмет 

айтамын!  Әсерлеп  айтты  демеңіздер.  Мұқанның  бұл  операсы  тек  қазақ  совет 

музыкасының  жүлдызы  емес,  бұл  опера  Москва,  Милан,  Париж,  Вена  сияқты 

әлемдік  тұрғыдағы  музыка  сахнасының  көркі  болар  еді.  Біз  Сізге  әрдайым 

зортворчестволықшабыт,  бақытты  ұзақ  өмір  тілейміз»,  -  деп  осы  онкүндікте 

тыңдалғанқазақмузыкасы туралы пікірін осылай қорытқан еді.[2] 

Операда  адам  жанына  рухани  қуаныш  сыйлайтын,  өнерге,  өмірге  деген 

сүйіспеншілік  сезімін  қозғайтын  көріністер  молшылық.  Мысалы,  бірінші  актідегіБіржан 

мен Сараның айтысы, олардың кездесер алдындағы операдағы музыка айқындылығы, осы 

кездегі  сахнадағы  динамикалық  қозғалыс,  поэтикалық  шалқар  шабыт,  музыкалық 

шиеленіс, шарықтау шегі т.б. міне, осылардың барлығы үлкен музыкалық  кәсіби түйінде, 

жарқын  да  бейнелі,  әрі  әсерлі  айтыс  дәстүрінде  асқан  шеберлікпен  шынайы  суреттеледі. 

Бұл  арада  композитор  өз  халқының  дәстүрлі  өнер  мұрасын  мадақтай  отырып,  оның 

эстетикалық, қоғамдық әлеуметтік жағына да терең мән береді. 

Біржан – халық өкілі, ол халықтан шыққан ақын шабытының қайнары. Музыкалық 

бейнеде халық өзінің сүйікті ақыны Біржанның қуанышына қол созып, уайым-қайғысымен 

де ортақтасады. 

Жарты  тондап  көтетіліп  отыратын  хроматизммен  келетін,  кішкене  оркестрлік 

кіріспе,  қаншама  тез  өтіп  кетсе  де,  көңілсіз  жайдан  хабар  береді.  Оркестрде    кенет 

«Жамбас  сипардың»  қайырмасы  өтеді.  Шығарма  сахнаға  көңілділік  отын  шашқандай, 

жарқылдай  түседі.  Шымылдық  ашылғанда  -  Қояндының  жәрмеңкесі,  шуылдаған  жұрт. 

«Көтер туын базардың» деген сөздермен хор басталады, қызу жалғаса береді. Көңілді ән 

үстінде,  сахнаға  шыққан  Жанбота  бейнесі,  қақаған  қыстың  сықырлаған  аязы  келгендей 

әсер қалдырады. 

Енді  оркестрде  дүрілдетіп  қаққан  домбыраның  үні  естіледі.  Ол  үн  бір  топ 

жолдастарымен сахнаға шыға келген Естай ақынның дайындығы болады. Естай термелетіп 

кетеді.  Шеберлікте  шек  жоқ  дейміз.  Сол  сияқты  операдағы  Естай  ақынның  нөсерлете 

шалқыған  төкпе  речитативті  термелері  де  есте  қаларлықтай.  Ақынның  әсерлі  үніне  риза 

болған халық-хор:  «Бас гармонды гүжілдет» деп оны қостай түседі. Естай Біржанның келе 

жатқанын  айтады.  Оркестрдеби  кейіптес  музыка  естіледі.  Оның  аяғы  хорға  ұласады. 

«Арқаның  ақиығы  ұшқан  самғап»  деп  Біржанды  мадақтаған  сөзбен  «Жамбас  сипарды» 

қайталайды.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                    

Кенет оркестрде жаңа тақырып - «Гүлдер-ай» әнінің бастамасы естіледі. Бір жақтан 

Серік шығып: «Жетісудың бұлбұлы, ақын Сара келеді» деп хабарлап та үлгереді. Алдыңғы 

Сараның  келуін  хабарлаған,  оркестрде  өткен  «Гүлдер-ай»  әнімен  Сара:  «Арқаның  аты  

шулы  ардагері»  деп  Біржанға  сөз  тастайды.  Сырттай  көңілді  болып  көрінгенімен, 

музыканың  негізі  минор  тональдігінде  айтылған  Сараның  әніне,  Біржан  мажорда,  сазды 

кейіппен:  «Саражан  бала  жастан  қыздың  өрі»  деп  байсалды,  ағалық  түрде  жауап  береді. 

Айтысқа  келсе  де  әуелі  амандасу  керегін  айтады.  Осылай  екеуі  алма-кезек  жауаптасып 

жатқанда,  «Ер  шекіспей  бекіспес»  деп,  хор  айтыстың  қызығын  қыздыра  түседі.  Сөзге 

сөзбен,  әнге  әнмен  жауап  беріп  тұрған  Сара  Жиенқұлдың  аты  аталған  кезде  айтыстан 

«жеңіліп»,  ақырында  Біржанның  әнін  қосылып  айтып  барып  бітіреді.  Операда  Сараның 

Біржан әніне қосылуы, оның бас игенін суреттейді. 

Біржан  бейнесін  жасауда  композитордың  бар  ынтасы  ақынның  көңіл-күйін,  ішкі 

жан-дүниесін,  оның  идеялық  мақсатын  ашуға,  шындықты  көрсетуге  бағытталғандығын 


 

 

129 



І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 2-3 /2013     

 

байқаймыз.  



Екінші  актінің  музыкалық  зарлы  кіріспесі  –  оның  бой  шымырлатарлық,  тұла 

бойыңды  тітіркендірер  лиро-драмаға  құрылған  музыка  поэзиясы,  табиғаттың  суреттелуі 

және  соңында  Біржанның  ариясы  –  композитордың  асқан  кәсіптік  шеберлігін  дәлелдеп, 

көрсететін туындылар. 

Бұл  бөлім  оркестрдің  әдемі    кіріспесімен  басталады.  Баста  виоленчель,  одан  бір 

октава  жоғары  көтерілгенде,  гобой  іліп  алып  кететінін  мелодия  жаз  күніндей  жылы, 

жүрекке  жаға  кетеді.  Бір  жағынан  жастардың  бақыт  жыры,  тағдыры  деуге  болады. 

Оркестрдің фонында бір кез флейта мен кларнет «Гүлдерай» әнін шырқатып, ойнақшытып 

алып  кетеді.  Сахна  ашылғанда  Бурабай  көлінің  жағасында  Біржан  жалғыз,  ауыр  ойға 

шомылып отыр. «Арманда аласұрып қиялданам» деп бастап,  «Адасқақ» әнін шырқатады. 

Баласының ауыр қайғыда отырғанын сезіп, далаға шыққан шешесі  - Аналық: «Шырағым 

шыңға  біткен  жалғызым-ай»,-деп  сол  «Адасқақтың»  музыкалық  контекстсінен  алған  бір 

әуенмен  қосылып  дуэт  айтысып  кетеді.  Мейірімді  ана  мен  жаны  нәзік  әншінің  музыка 

тілімен  айтысқан  сыры  тыңдаушының  жүйкесін  босатады.  Ардақты  әншінің  жан  сырын 

тебіренткен  әуеніне  риза  болған  достары  (хор)  қошаметпен  қоштап,  («Айтпайдың» 

қайырмасымен) ауыздарын жиғанша болмай Сара келеді. Сараның ариясында үлкен толқу 

бар. Біржан мен Сара қосылып дуэт айтады, бірін-бірі сүюге серттеседі. Жастар хоры мен 

Естай қостайды.  

Операдағы  басты  кейіпкерлердің  бірінен  саналатын,  халықтың  ардақты  да  аяулы 

перзентінің бірі ақын Сара бейнесі де мәңгі жасайтын бейнелердің қатарынан табылады. 

Композитордың  бірінші  суреттемесіндегі  бейнелеуінде  Сара  -  ер  көңілді,  асау-албырт 

мінезді,  алғыр,  қағылез  болатын.  Ал,  негізінен  композитор  ақын  Сара  бейнесі  арқылы 

сонау замандағы келмеске кеткен зарлы қоғамдағы қыздардың ауыр тұрмыс-тіршілігінен 

хабардар етеді.  

Үлкен  шығармашылық  шабытпен,  мейлінше  кәсіптік  шеберлікпен  мүсінделген 

күрделі көріністің бірі - үшінші пердедегі той - көпшілік сахнасындағы симфониялық би-

хор музыкасы. Мұндағы тасқын атқан шалқу, әсем де, жарқын өршіл рухтағы музыкалық 

көркемдік сізді еріксіз ерекше бір асқақ та көтеріңкі күйге түсіріп, ілгері жетелейді. «Бұған 

дейінгі  операларда  ондай  біртұтас  және  аяғына  дейін  тыңдаушыны  билеп,  өзге  орын 

қалдырмайтын  әсерлі  көрініс  болған  жоқты»,  -  деп,  академик  Ахмет  Жұбанов  мұны 

кезінде өте жоғары бағалаған болатын. 

Сара бейнесінің шиеленісуі – үшінші актіде, оның той алдындағы «Шіркін, өмір, не 

жаздым мен?» деп басталатын ариясы. Музыка арманда кетіп бара жатқан Сараның ішкі 

дертін, қайғы-қасіретін, зарын суреттейді. Ариядан сүйгеніне қосыла алмай, қапыда «қара 

күштің  байлауында»  кетіп  бара  жатқан  Сараның  ащы  зарын,  мұңға  толы  назын  естиміз. 

Үшінші  актіде  Жиенқұлдың  ауылы.  Тойға  дайындық.  Озбыр  ауыл  Сараны  Жиенқұлға 

күшпен қосып жатыр. «Сараның құтты болсын ақ ордасы» деген қыздар хоры, сыртта той, 

мереке пішінде болғанымен, қайғы-мұңнан құр емес.  

Серік  Алтынайға  келіп,  «Біржанды  жын  ұрыпты»  деген  хабар  айтады.  Сараға 

естіртуді Алтынай міндетіне алады. Бұл жайдың бәрінен хабарсыз Сара: «Жан тербеп, ой 

толқытпай ән бола ма?» деп басталатын өзінің Біржанға деген ғашықтығын «Гауһар қыз» 

әнімен  береді.  Алтынай  отаудың  қасында  тұрған  Сараға  келіп,  «Шолпан»  әні  арқылы 

«Біржан жынданыпты»  деп естіртеді. Ойда жоқта, Алтынай айтқан әңгіме Сараны қатты 

толқытады.  «Жай түсіріп төбемнен, не деді әлгі Алтынай»  деген, осы кезде классикалық 

концерттік номер болып кеткен, көпшілікке танымал ариясын айтады.  

Сараның  жеке  басының  трагедиясы  осындай  болып  жатқанда  екінші  жақтың 

улаған-шулаған, той-думан бастауға кіріскелі келе жатқан үндері оркестрде көрініс табады. 

Жігіттер тобы мен қыз-келіншектер тобы екі жақ болып «Жар-жар» айтысып, би биленеді. 

Композитор  осы  арада  «Соқыр  Есжан»  күйінің  тақырыбында  ойнақы,  көтеріңкі  көңіл 

күйде  суреттелсе,  оркестрге  қосылған  хор  қошаметтеп  тұрады.  «Соқыр  Есжан»  хормен 



 

 

130 



І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 2-3 /2013     

 

алмасып отырады. Бұл би мен хордың сахналық көрінісі Мұқанның аса сәтті табысыдеуге 



болады, себебі осыған дейінгі операларда ондай біртұтас және аяғына дейін тыңдаушының 

көңіл күйін эмоционалды тұрғыда баурап алатын тым әсерлі сахна көрінісі болған емес-ті. 

Төртінші  акті–  Біржан  зынданда.  Оркестрдің  кіріспе  тұрғысында  «Біржан 

сал»әнінің толық орындалуы, тыңдаушыны Біржан бейнесінен басқа жаққа ауытқытпайды. 

Біржанның: 

«Тар заман көрсеттің-ау, көр азабын! 

Арыды адуын күш, асау жаным. 

Аңсаған алтын таңым атар қашан? 

Амал не, іште кетті-ау бар арманым? 

Салынды қолға кісен, тілге ауыздық. 

Не пайда қайнағаннан ыстық қаным, 

Мұңымды келешекке кім жеткізер, 

Асыл сөз, сен болмасаң, асқақ әнім!» - деген қиналу ариясы естіледі. Осы төртінші 

актінің басындағы ария мен ең соңғы аяғындағы Біржанның қорытынды ариясының сөзін 

Мұқанның  өзі  жазған  көрінеді.  Амалын  тауып  зынданға  келген  Сара  Біржанды 

шыдамдылыққа, ерлікке шақырады. Бұл іске бүкіл ел болып кіріскендігін, Естай бастаған 

жастар  оны  босатып  алатындығын  жеткізеді.  Ал  өзі  Біржан  үшін  өмірге  де,  өлімге  де 

дайын  екендігін  білдіріп,  екеуі  қосылып  «Адасқақ»  әнінің  болмысымен  махаббат  дуэтін 

шырқайды. 

Кенет  оркестр  ұсқынсыз  жарты  тондап  төмен  түсетін  Жиенқұлдың  жүрісін 

суреттегендей болады. Сахнаға Жиенқұл мен Жанбота шығады.  Олар Біржан мен Сараға 

дінді,  әдет-ғұрыпты  бұзғандары  үшін  өздерінің  үкімін  оқиды.Болыс,  молдалар  кетісімен 

оркестрде ашық, жарық жұлдыздай аққан Біржанның досы Естайдың лейтмотиві «Хаулау» 

әуені орын алады. Сахнаға бір топ жолдастары, Аналық пен Сараны ертіп Естай шығады. 

Олар  Біржанды  зынданнан  көтеріп  алып,  жартасқа  отырғызады.  Біржан  өте  әлсіз, 

достарымен қоштасып, соңғы тілегін білдіріп: 

Сарыарқа сайрандаған жалпақ елім 

Басымнан өтті-ау дәурен сан күндерім, 

Байлауда, қара түнек тар қапаста, 

Жете алмай арманыма сынды-ау белім. 

Домбырам, жан серігім, Естай, Сара, 

Әлпештеп аялатқан қайран ана! 

Хош сау бол сөндірді үрлеп жарығымды 

Опасыз мылқау заман. Бар ма шара? 

Ақынның көр аузында бір тілегі 

Аманат ән мен өлең барлығыңа 

Саражан!  Апа!  –  деп  өзінің  соңғы  ариясын  айтып  дүниеден  қайтады.  Аналықтың 

сол арада баласына арнаған жоқтауы тек бір ғана ананың трагедиясы, қайғы-қасіреті емес, 

сол кезеңдегі теңсіздік, құқықсыз заманда еңсесі басылып, езілген халықтық қайғы-қасірет 

жыры  болып  кетті.  Оркестрде  созылта  бар  күшімен  «Біржан  сал»әнінің  орындалуы, 

Сараның  қолындағы  Біржанның  домбырасы,  оның  асқақ  әнін  ұрпағына  беріп  кеткенін, 

Біржанның рухы өлген жоқ деген ойға еріксіз әкеп сілтейді. 

Операның  ұтымды  болуының  негізгі  себебі  либретто  авторы  мен  композитордың 

кейіпкерлерді  жақтауында  деп  ойлаймыз.  Басты  кейіпкерлер  мен  қатар  қосалқы 

кейіпкерлер,  мәселен  Алтынай,  Серік,  Қожағұл  бейнелері  үнемі  асқан  шеберліктің 

нышаны  болып  келеді.  Авторлардың  өздері  енгізген:  Естай,  Серік,  Аналықтардың  да, 

жеткілікті, нанымды, музыкалық жағынан дәлелденген өзіндік мінездемелері бар, өздерін 

бейнелейтін  тақырыптары  бар.  Олардың  музыкалық  мінездемелері  тек  мелодиялық 

жолмен  емес,  оркестр  мүмкіндігінде,  гармониялық  суретте,  интервалдық  өрістеу 

(Біржан,Сара) немеседыбыс бояуының тоқырауы арқылы (Жанбота) беріліп отырады. 



 

 

131 



І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 2-3 /2013     

 

Операда неғұрлым оқиға қысқа, жинақы болса, нәтижесі үлкен болады.  «Біржан  - 



Сараның»  ұтатын  жақтары көп.  Либреттода  мезгіл көлемі шағын, оқиға жинақы,  сөздері 

шұбалаңқылақ,  жұмбақтылықтан  аулақ,  кейіпкерлерінің  ішінде  «мынаусы  артық-ау»  деп 

қысқартатын артық жерлері жоқ, биі де, хоры да, көпшілік сахналары да, оркестр де негізгі 

мәселе-музыкалық драматургияның дұрыс шешілуіне бірдей үлес қосқан деуге болады.  

Операдағы  басты  кейіпкерлерге  қайшы  келетін  жағымсыз  кейіпкерлер  Жанбота, 

Жиенқұл бейнелері де өте айшықты, шынайы дараланған, өткір мазмұнда суреттелген. 

Мұқан  Төлебаев  шығармашылығының  бір  ерекшелігі  –  шығарманың  музыкалық 

драматургиясын,  оның  драмалық  құбылыстары  негізінде  бағындыра  білетіндігінде.  Осы 

орайда,  операдағы  оқиғаларды  ұштастыратын  мазмұндық  және  музыкалық  форма,  кейде 

музыкалық  диалогта  болатын  опера  жанрының  басты  компоненті  –  речитативтік  тақпақ 

сазды әуенге ерекше назар аударылған.  

Ақын  баласының  қылығына  налып,  шаршап  келген  әкеге  Біржанның  шешесі 

Аналықтың:  «О,  не  болды  саған?»  -  деген  тақпақ  сазды  әуендегі  музыкалық  үн,  ырғақ 

иірімі  де  ана  қобалжуын  ұлттық  ғұрыпқа  тән  шешен  суреттейді.  Біржанның  шешесі 

Аналықтың дене түршіктіріп, жан тебіренткен «Қара бір шашым жаяйын да жаяйын» деп 

басталатын жоқтауы да күйзелу, қаралы-қасірет шеккен ананыңазалы, трагедия сипаттағы 

музыкалық бейнелеудің аса бір күшті, әсерлі түрі болып шыққан. Мұқанның басқалардан 

артықшылығы,  композиторлық  ерекшелігі  де  сол  -  жеке  адамның  күйінуін  халықтық 

көрініске, халық қайғысына, халық ардагерін жоқтауға шебер айналдыра білуінде болатын.  

Операда  ұлттық  дәстүрлі  музыкалық  мұра  асқан  шеберлікпен  ұтымды  

пайдаланылады. 

1958 жылы Мәскеуде болған қазақ әдебиеті мен өнерінің он күндігі кезінде Үлкен 

театрдың сахнасында «Біржан-Сара» операсы үлкен табыспен қойылды. Осы қойылымда 

операны  тыңдаған  өнер  қайраткерлері  оған  өте  жоғары  баға  берді.  Сол  жылы  Мұқан 

Төлебаевқа  қазақ  музыкасын  дамытудағы  ерен  еңбегі  үшін  «КСРО  Халық  әртісі»  деген 

құрметті атақ берілді.   

Мұқан  Төлебаевтың  замандасы,  әріптесі,  халық  әртісі  Байғали  Досымжанов: 

«Дүние  жүзіндегі  кез  келген  ел  италиян  операларын  қоюға  тырысады.  Ал  әуенділігі, 

халықтығы  жағынан  «Біржан-Сара»  операсы  да  кез  келген  елдің  сахнасына  лайық  дер 

едім.»,-деп операның өнер тарихымызда өшпейтін ескерткіш екенін мақтанышпен айтқан 

болатын.  

Қазақтың  бай  музыкасы,  ұлттық  тұрмыс-салт  дәстүрлері  операда  шебер 

бейнеленген.  Дәстүрлі  халықтық  музыка  жетілдіріліп,  үлкен  суреткерлікпен  жаңаша 

сипатталған. Содан бері міне, 60 жылдан астам уақыт өткен көрінеді, қанша уақыт өтсе де, 

бұл  шығармаға  деген  құштарлық,  айрықша  ықылас,  осы  музыкаға  деген 

сүйіспеншілік,операны  тыңдаған  әр  адамның,  әр  қазақтың  бойын  кернеген  мақтаныш 

сезімі  арта  түспесе  еш  кеміген  емес.  Опера  саласын  түсінбеймін  дегендердің  өздері  бұл 

шығарманы  тыңдаған  кезінде  көздері  жайнап  сала  беретіндігіне  әркімнің  де  көзі  жетеді 

десек адаспаспыз деген ойдамыз. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР: 



1. Әуелеп ұшқан ән-ғұмыр. Алматы, 2003 

2. Кузембаева С.А.Воспеть прекрасное. -  Алма-Ата:Өнер, 1982 

3. КузембаеваС.А., Егинбаева Т.Ж.Лекции по истории казахской музыки. Алматы, 

2005 


4. Біржан-Сара. -  Алматы: Өнер, 1983 

 

 



 

 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет