І. Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №3 / 2018



Pdf көрінісі
бет54/198
Дата07.01.2022
өлшемі2,57 Mb.
#16935
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   198
                          ISSN 2616-8901.  
Математика және жаратылыстану-техникалық сериясы
 № 4 / 2018  
техникалық ғылымдар» сериясы 
 
Тиiмдi  оқыту  әдiс-тәсiлдердi  (бiрлескен  оқу,  модельдеу),  ұзақ  мерзiмдi,  орта  мерзiмдi,  қысқа  мерзiмдi 
жоспарлау, оқу мақсаттарын дұрыс пайдалануды, критерий құруды, бағалаудыӊ тиiмдi стратегияларын 
қолдану маӊызды. 
Жаӊартылған  бiлiм  беру  бағдарламасыныӊ  ерекшелiгi  спиральдi  қағидатпен  берiлуi.  Бағалау 
жүйесi  де  түбегейлi  өзгерiске  ұшырап,  критериалдық  бағалау  жүйесiне  өтедi.  Критериалды  бағалау 
кезiнде  оқушылардыӊ  үлгерiмi  алдын  ала  белгiленген  критерийлердiӊ  нақты  балдары  бойынша 
өлшенедi.  
Жаӊартылған  бiлiм  беру  аясында  физика  пәнiнен  оқушылардыӊ  пән  бойынша  үлгерiмi  екi 
тәсiлмен  бағаланады:  қалыптастырушы  бағалау  және  жиынтық  бағалау.  Критериалды  бағалау,  керi 
байланыс  тәсiлi  ХХI  ғасырдағы  қарқынды  дамып  келе  жатқан  зияткерлiк  және  техникалық  ортада 
табысты  болу  үшiн  қажеттi  дағдыларды  меӊгертуге  бағытталған.  Олар  оқушыларды  сын  тұрғысынан 
ойлау,  бiрлесiп  жұмыс  iстеу,  ақпаратты  өӊдеу,  проблемаларды  шешу  сияқты  анағұрлым  жоғары 
деӊгейдегi  көптеген  дағдыларды  өз  бетiнше  меӊгеруге  және  зерделеуге  дайындайды  және 
ынталандырады.  Осы  дағдыларды  жоғары  дәрежеде  меӊгеру  физика  бойынша  бiлiм  беру 
бағдарламасында  мәселелердi  шешу,  жаратылыстану  бойынша  бiлiм  беру  бағдарламасында  бiрлескен 
зерттеу және ғылыми зерттеу жүргiзу, ойлау дағдыларын дамытуды көздейдi. 
Жаӊартылған бiлiм беру бағдарламасы мен бағалау жүйесiн енгiзу аталған мiндеттердi шешу үшiн 
қабылданған шаралардыӊ бiрi болып табылады. «Физика» пәнi бойынша жаӊартылған оқу бағдарламасы 
осы  үдерiстiӊ  құрамдас  бөлiгi  болып  табылады.  Физика  саласы  бойынша  оқушылардыӊ  бiлiм,  бiлiк, 
дағдыларын қалыптастыру негiзгi орта және жалпы орта бiлiм беретiн мектеп бағдарламасында жетекшi 
орын  алады,  бұл  әлемнiӊ  бiртұтас  ғылыми  бейнесiн  қалыптастырудағы  физиканыӊ  практикалық 
маӊызымен айқындалады.  
 «Физика»  пәнiн  табысты  оқыту  мұғалiмнiӊ  тiкелей  кәсiби  тәжiрибесi  мен  құзыреттiлiгiне,  оқу 
үдерiсi  нәтижелерiне  басым  көӊiл  бөлуiне  байланысты.    Қазiргi кезде  табысты  болу  үшiн  оқушыларға 
бiлiм  қандай  қажет  болса,  дағды  да  сондай  қажет  деген  ойдыӊ  жақтастары  көбейiп  келедi.  Бұл 
оқушылардыӊ ақпаратты есте сақтап, алған бiлiмдерiн ұғынуын, түсiнуiн және әртүрлi салада қолдана 
бiлуiн талап етедi [2].  
Бұл  ретте  құзырет  жай  ғана  бiлiм  мен  дағдыдан  анағұрлым  күрделi.  Ол  белгiлi  бiр  жағдайларда 
психологиялық ресурстарды (оныӊ iшiнде дағдылар мен өмiрлiк ұстанымдарын) жұмылдыра және соған 
сүйене отырып, күрделi мiндеттердi шеше бiлу қабiлетiн қамтиды. Мысалы, тиiмдi қарым-қатынас құру 
қабiлетi  жеке  адамныӊ  тiл  бiлуiне,  ақпараттық  технологиялар  саласындағы  тәжiрибелiк  дағдыларына 
және оныӊ өзгелермен қарым-қатынас құра алуына сүйенетiн құзырет болып табылады [3, 15]. 
Жаӊартылған  бiлiм  мазмұны  аясында  бiлiм  берудегi  жаӊа  өзгерiстер  бiлiм  беру  бағдарламасы, 
жалпыға мiндеттi стандарт, оқу жоспары жаӊа форматта енгiзiлсе, бағалау мүлдем басқа кейiпке көштi. 
Бағалау  анық,  нақты,  шынайы  жалпы  алғанда  жаӊарған  бағалау  жүйесi  ендi.  Жаӊа  бағалау  жүйесi 
бойынша  сабақта  қалыптастырушы  және  жиынтық  бағалау  жүргiзiледi.  Бағалау  бойынша  дескриптор 
жасалады.  Бағалау  соӊында  әр  оқушыға  арнап  ата-аналар  үшiн  рубрика  жазылады.  Және  бұрынғы 
бағалаудан  тағы  бiр  ерекшелiгi  мұғалiм  оқушы  бағасын  модерацияға  ұсына  алады.  Мiне  осыныӊ 
барлығы  қазiргi  таӊдағы  мұғалiм  шеберлiгiн  одан  әрi  шыӊдай  отырып  бiлiм  берудiӊ  жаӊа  тынысын 
ашады [4].  
«Энергияныӊ  сақталуы  және  айналуы»  тақырыбына  Механикалық  энергияныӊ  сақталу  заӊын 
есептер шығаруда қолдану, бұл оқу бағдарламасындағы мақсат. Осы оқу мақсатынан төмендегiдей етiп, 
сабақтыӊ мақсаты құрылады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   198




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет