І. Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №3 / 2018



Pdf көрінісі
бет86/198
Дата07.01.2022
өлшемі2,57 Mb.
#16935
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   198
Кілт  сөздер:  клиент-серверлік  қосымшалар,  Microsoft  SQL  Server,    мәліметтер  қоры, 
сервердің локальді нұсқасы, желілік SQL-сервер. 
 
Қазіргі  кездегі  мекемелер  көпжақты  қызметтің,  бөлімшелердің  территориялық 
бөлінуінің,  серіктестерімен  кооперативтік  байланыстардың  көп  болуына  байланысты  күрделі 
құрылымға  ие.  Корпоративтік  ақпараттық  жүйе  (АЖ)  осындай  ірі  мекемелердің  барлық 
ресурстарын және іскерлік процестерін басқаруды автоматтандыруға бағытталған [1]. Сонымен 
бірге    басқарушылық  процесстерді  автоматтандыру  ақпаратты  өңдеуге  кететін  шығындарды 
азайтуға  ғана  емес,  мекеменің  жұмыс  кезіндегі  іскерлік  процесстерін  және  ұйымдық 
құрылымын динамикалық оптимизациялауға бағытталған. 
          Бүгінгі күні корпоротивтік АЖ архитектурасы іскерлік процестің күрделі операцияларын 
бір  бүтін  ретінде  басқаруға  мүмкіндік  беретін  ақпараттық  жүйенің  программалық 
компоненттерінің  клиент-серверлік  әрекеттесу  принциптеріне  немесе  транзакцияның 
орындалуына  негізделеді.  Сондықтан  мұндай  ақпараттық  жүйелер  транзакцияны  жедел 
өңдейтін жүйелер (OLTP- OnLine Transaction Processing) деп аталады [2] .  
 
Корпоротивтік  АЖ-ң  клиент-серверлік  архитектурасы  қолданушылардың  ақпараттық 
жүйемен  және  іскерлік  процестер  немесе  ұзақ  транзакцияларды  орындау  процесінде  өзара 
әрекеттесуін қарапайым етеді.  
Жалпы,  “Клиент-сервер”  архитектурасының  программалық  жабдықтамасы  екі  бөліктен 
тұрады:  сервердің  программалық  қамсыздандыруы  және  клиенттің  программалық 
қамсыздандыруы.  Клиенттік  бағдарлама  қолданушы  компьютерінде  орындалады  және 
серверлік бағдарламаға сұраныстар жібереді. Мәліметердің негізгі өңделуі қуатты желілік SQL-
серверде  жүреді,  ал  қолданушының  компьютерінде  орындалған  сұраныстардың  нәтижелері 
ғана шығады. Мұндай архитектурадағы сервер – деректер қорының сервері болып табылады. 
Сервер  ретінде  клиенттің  ақпараттық  қажеттілігіне  қызмет  көрсететін  процесті  түсінуге 
болады. Әртүрлі архитектураларда процесс ретінде мәліметтер қорларын іздеу немесе жаңарту 
болуы мүмкін, сонда сервер мәліметтер қоры  сервері деп аталады немесе процесті мәліметтерді 
өңдейтін процедура орындауы мүмкін, мұндай жағдайда сервер қосымша сервер деп аталады.  
   
Сервермен байланысты анықтау, қызмет көрсетуге сұрау түрін анықтау, серверден қызмет 
көрсету  нәтижесін  алу,  қызмет  көрсетудің  аяқталуын  растау  клиенттің  міндеттері  болып 
табылады.  Қызмет  көрсетуге  сұрау  жіберетін  соңғы  қолданушы,  сондай-ақ  соңғы 
қолданушымен шақырылған қосымша да клиент болуы мүмкін. 
“Клиент-сервер”  архитектурасын  қолданатын  танымал  деректер  қорын  басқару  жүйелері 
(ДҚБЖ) – Microsoft SQL  Server,  Oracle,  Sybase  SQL  Server және т.б. болып табылады. Бұл 
ДҚБЖ реляциялық деректер қорының SQL-серверлері болып табылады [3]. 
Келесі мысалда “Кадры” деректер қорын қосатын, “Отдел кадров” жобасын құру жолдарын 
талқыланады [6].  
Кез-келген  мекеменің  қызметкерлері  оның  кадрларымен  ұсынылады.  Басқару 
құрылымының,  техника  мен  технологияның  өзгерісіне  байланысты  кадрлардың  құрамы  мен 
құрылымы  әрдайым  өзгеріп  отырады.  Кадрлар  құрамы  келесі  көрсеткіштермен  сипатталады: 
білімі, мамандығы, біліктілігі, еңбек өтілі және жасы [7]. 
Серверлерді  және  деректер  қорын  басқаруға    арналған  негізгі  құрылғының  бірі  -  SQL  
Server    Management  Studio  ортасы  болып  табылады.  Бұл  ортаның  графикалық  интерфейсі 


 
49 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   198




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет