І. Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №3 / 2018


Нәтижелер және оларды талқылау



Pdf көрінісі
бет116/198
Дата07.01.2022
өлшемі2,57 Mb.
#16935
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   198
Нәтижелер және оларды талқылау 
Физика  сабағында  оқытудың  белсенді  әдістерін  қолдану  мүмкіндігі  мен  мақсаттылығы 
сабақтың  дидактикалық  мақсаттарына  байланысты  оқу  үдерісінде  әр  түрлі  болады:  жаңа 
материалды түсіндіру және бекіту. Көптеген жағдайларда олар танымдық қызығушылықты ояту 
және  проблемалық  жағдайларды  туғызу  үшін  көмекші  құрал  ретінде  қолданылады.  Бұл  білім 
алушыларды белгілі бір материалды оқуға бейімдейді. 
Физика  сабақтарында  білім  алушы  қарапайым  ұғымдарды  нақты  ұғыну  үшін  өзінің 
тәжірибесі  арқылы  үйренуі  өте  маңызды.  Яғни  зерделеу  және  зерттеу  арқылы  мәселе  көтеру, 
зерттеу бағытын болжамдаумен сұрау білім алушыны ынталандырады. Бұл білім алушылардың 
тәжірибе жасауы арқылы түсінігінің қалыптасуына жол ашады. Білім алушынының жаңа білім 
алумен  қатар  бұрынғы  білімін  тереңдетеді.  Оқытудың  белсенді  әдістері  оқыту  нәтижелерін 
тексеру, біліктілікті арттыру мен дағдыларды қалыптастыру кезінде неғұрлым тиімді. 
Оқытудың белсенді әдістері оқудың уәжінен, мақсаты мен шартынан және нәтижесiнен 
құрылады. Уәж белсенді оқу үрдісін дұрыс меңгеруге бағыттайтын күш.  
Мақсаты:  сабақтағы  дидактикалық  тапсырмаларды  шешуге  білім  алушыларды 
ынталандыру. Шарттар: 
1) білім алушылардың оқу қызметін арттыру үшін проблемалық жағдай жасау; 
2) білім алу бойынша білім алушылардың қызметін ұйымдастыру; 
3) бақылауды ұйымдастыру; 
4)  білім  алушылардың  коммуникативтік,  пәндік  құзыреттіліктерін  қалыптастыруға 
ықпал ету; 
5) назар аударудың, ойлаудың дамуына ықпал ету; 
6) сабақ өткізудің көрнекілігі мен белсенділігі үшін АКТ қолдану. 
Оқытудың  белсенді  әдістерінiң   тиімділігі  қиындық  кедергілерді  жеңе  отырып,  белгiлi 
бiр  нәтижеге  қол  жеткiзу.  Ал  белсенді  оқу  әдісіндегі  нәтиже  дегенiмiз  ақпаратты  нақты  әрi 
терең түсiну және мазмұнын айта бiлу. Нәтиже: 
- дидактикалық ойынның жоғары мотивациялық әлеуеті арқылы оқуға оң көзқарас; 
- шиеленісті, қорқынышты шешу, өзін-өзі бағалауды жоғарылату; 
- есептеу дағдыларын қалыптастыру; 
- пән бойынша қосымша білім алу; 
- білім алушылардың ой-өрісін кеңейту; 
- ойынның басқа қатысушыларымен қарым-қатынасты, зейінді дамыту; 
- ойлау қызметін белсендіру. 
Белсенді  оқыту  технологиясының  осы  қарастырылған  әдістерінің  артықшылығы  анық.  Бұл 
әдістерді  орынды  пайдалану  оқытудың  дамытушы  әсерін  арттырады,  шиеленіскен  ізденіс  ортасын 
жасайды, білім алушылар мен оқытушыларда көптеген жағымды эмоциялар мен көңіл күй тудырады.  
Оқытудың осындай белсенді әдістеріне мысалдар келтірейік [2]: 
1.  «Портреттер  галереясы»,  «бір-бірімізге  күлімсірейік»,  «қол  алысып  сәлемдесіңдер». 
Балалар тапсырманы орындай отырып, бір-бірін түртіп, күлімсіреп, сыныптастарының аттарын 
мүмкіндігінше  көптеп  атап  айту  керек.  Осындай  қызықты  ойындар  сабақты  көңілді  бастауға, 
бірнеше  минут  ішінде  білім  алушылар  арасында  байланыс  орнатуға,  қиын  тапсырмаларды 
орындар алдында серігуге мүмкіндік береді. 


 
67 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   198




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет