И. Кенжалиев отыз жылға жуық туған өлке топырағын шарлап жүріп, тарихтан із кескен еңбегінің куәсіндей Исатай мен Махамбет көтерілістеріне арналған еңбектері жарық көрді



Дата09.10.2022
өлшемі14,06 Kb.
#42028
Байланысты:
Семинар 1 (3 сұрақ)


И.Кенжалиев отыз жылға жуық туған өлке топырағын шарлап жүріп, тарихтан із кескен еңбегінің куәсіндей Исатай мен Махамбет көтерілістеріне арналған еңбектері жарық көрді.


1836–1838 жылдардағы Кіші жүз қазақтары көтерілісінің тарихын зерттеуге, көтеріліс басшыларының іс-әрекеті, Бөкей Ордасының құрылуы, шаруашылық өмірі, отарлық езгінің өршуі, ел билеушілерінің жер саясаты, қазақтар наразылығы мұрағат құжаттары мен халық фольклоры материалдарын пайдаланған И.Кенжалиевтің «Исатай-Махамбет» атты еңбегі. Ғалым Кіші жүздегі қазақтардың ХІХ ғасырдың бірінші ширегі мен 30 — жылдарында күйзеліске ұшырау себептерін анықтап, патша үкіметінің қазақ қоғамының әлеуметтік жағдайын әлсіретуге бағытталған шараларын көрсетеді. Оның соңы азаттық күреске ұласқандығы дәйекті дерек, жүйелі ой негізінде сараланып, салыстырмалы негізде дәлелденді. Ғалым еңбегінің өзектілігі мұрағат материалдарының молдығы, ауызша деректердің мұрағат деректерімен сәйкестілігінде өлке тарихын ұрандаудағы үлесі болып табылады]. И.Кенжалиев 1836–1838 жылдардағы көтеріліс тарихына байланысты құнды дерек ретінде азаттық қозғалыс басшысының бірі М.Өтемісұлының жыр-толғауларын шебер пайдаланған. Көтеріліс себептері, оған белсенді қатысушылардың көзқарастары Махамбет шығармаларында анық көрініс табады. Соған орай автордың «Махамбет толғаулары» деген еңбегінде қазақ поэзиясында өшпес із қалдырған ұлы тұлға Махамбет шығармашылығына тоқтала, оның толғауларын ғылыми айналымға қосқан.
Ғалым Исатай Кенжалиев Исатай батырдың өмір деректерін ел аузынан, мұрағат көздерінен іздеп табуға, зерттеуге өмірінің жиырма жылдан астамын жұмсаған. Нәтижесінде 1977 жылы тұңғыш рет қазақ тілінде «Тайманұлы Исатай» («Қазақстан» баспасы, Алматы, 1977, 108 бет) деген шағын монографиясы жарыққа шығарды. Кейін толықтырылып, өңделіп, жаңа деректермен байытылып Исатай Тайманұлының туғанына 200 жылдығына қарсы, яғни 1991 жылы «Исатай – Махамбет» деген кітап етіп шығарады. Тарихи деректер негізінде жасалған мұндай еңбек қазақ тарихында өзіндік орны бар батырдың тарихи тұлғасын биіктете түсті.


Тарихшы С.Құрманалин «Кіші жүз және Есет Көтібарұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс, 1847-1858 жж.» монографиясының 220-224 беттерінде: «Есет Көтібарұлының отаршыл Ресей үкіметімен қарулы қақтығыстарының өткен ғасырдың 20-жылдарынан басталды, яғни архив құжаттарының бірінде Орынбор генерал-губернаторының Ресей Әскери Министріне берген мәліметінде «Есет Көтібаровтың үкіметке бағынғысы келмей қарсылық көрсеткеніне, міне, 30 жылдан асып кетті» деп жазады. Өзге де зерттеушілер: «Есет он бес жасқа келгенде батырлығымен атағы жайылады... Өз халқының жоғын жоқтап, елдің ардақтысына айналды. Нақты мәліметтерге қарағанда, 1834 жылы артына ерген әскерінің саны 1200 адам болатын» деп, оның Ресей империясына қарсы азаттық күресін ерте бастағандығын және осы жолда Исатай Тайманұлы, Жоламан Тіленшіұлы секілді халық қозғалысы көсемдерін өз күшімен қолдағандығын меңзейді (Б.Әбілқасымов, Б.Көмек, С.Өтениязов. «Ел еркесі Есет ер», «Жас Алаш», Алматы, 1993 жыл,12 қазан).

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет