I кіріспе Аяқтың дисталдiгiрек ұршық буын орналасқан бөлiгi. Аяқ


Тізенің алдыңғы аймағының қабаттары



бет2/3
Дата23.09.2024
өлшемі1,59 Mb.
#145281
1   2   3
Байланысты:
аяқтың артериялық анастомздары

Тізенің алдыңғы аймағының қабаттары
Тері
Тері асты шел майы
Шандыр:
- Беткей
-Меншікті шандыр (үлкен шандыр жалғасы)

Сирақ аймағы.Шекарасы
Жоғарысынан –ортан жіліктің төмпешігі арқылы өтетін көлденең сызық;
Төменнен –медиальды жане латериальды жүргізілген көлденең сызық;
Медиальды жағынан асықты жіліктің ішкі жиегімен жане латериальды жүлгемен алдыңғы жане артқы бөлікке бөлінеді.

    1. Аяқтың артерия тамырлары

Аяқ артериялары(артерии нижней конечности)— жалпы мықын артерияларының жалғасы болып саналады. Жалпы мықын артериялары IV бел омыртқа тұсында қолқаның екіге айырылуынан пайда болып төмен түсіп, сегізкөз жамбас сүйектерінің байланысқан жерінде ішкі және сыртқы мықын артерияларына бөлінеді.
Ішкі мықын артериясы (внутренняя подвздошная артерия)— жуан, ұзындығы 5—6 см, бұл артерия кіші жамбас ішіндегі мүшелер мен бұлшық еттерін қоректендіреді. Ол төмен қарай түсіп, шоңданай ойындысының тұсында алдыңғы және артқы тарамдарын береді. Алдыңғы тарамдарына жамбас тұсындағы жыныс және зәр шығару мүшелеріне (жатыр, қынап, қуық, тік ішек т. б.) тарамдалатын артериялар жатады. Артқы тарамдарына жамбастың бөксе еттерін, мықын мен жамбас сүйектерін қанмен жабдықтайтын артериялар жатады.
Сыртқы мықын артериясы (наружная подвздошная артерия)— қанды жалпы аяққа жеткізетін негізгі артерия болып саналады. Бұл бел етінің тұсынан төмен қарай өтіп, құрсақтың төменгі жағына тарамдала отырып, әрі қарай шат байламының астынан санға өтеді. Осы жерде жамбас буынына, жамбас сүйегіне және іштің алдыңғы қабырғасына, жамбас еттеріне тарамдалатын артерияларын береді.
Сан артериясы (бедренная артерия)—сыртқы мықын артериясының тікелей жалғасы, ол сан венасына қабаттала жатады. Сан артериясы санның алдыңғы және ішкі топ еттерінің аралығымен төмендеп тақым астына дейін келіп, тақымасты артериясына жалғасады. Сан артериясынан жолай бірнеше артериялар тарамдары шығады, олардың ең ірісін санның терең артериясы деп атайды. Бұл артерия беткей және терең тармақтарына бөлініп, жамбас буынын және санның еттерін қанмен жабдықтайды. Сонымен қатар, бөксе артерияларымен байланысады.
Сан артериясының тармақтары:

  • санның терең артериясы (a. profunda femoris), сан артериясынан шығатын ең ірі артерия болып табылады, одан сан сүйегін айналып қоршайтын медиальды және латеральды артериялар (aa. circumflexae femoris medialis et lateralis) тарайды.

  • беткей құрасқүстілік артерия (a. epigastrica superficialis) теріге және іштің беткей бұлшықетіне таралады.

  • мықын сүйкеті айнала орналасқан беткей артерия (a. circumflexa ilium superficialis), теріні, бұлшықеттерді және шаптыға лимфа түйіндерді қанмен қамтамасыз етеді.

  • сыртқы жыныстық артериялар (aa. pudendae externae) қасаға маңындағы теріні, аталық жыныс безін және үкен жыныс еріндерін қанмен қамтамасыз етеді.

  • шап тармақтары (rr. inguinales) шап аймағындағы теріні, беткей және терең лимфа түйіндерін қамтамасыз етеді



Сан артериясының жалғасы тізе асты артериясы (a. poplitea) болып табылады, ол тізеасты ойығында жатып, төмен және бүйірге қарай бағыт алып, аяқтарды қанмен қамтамасыз етеді. Ол тізелік медиальды және латеральды тармақтар береді, олар бұлшықеттерді қоршап, бір – бірімен анастомоз құру арқылы тізе буынының тамырлық торын (rete articulare genus) құрады. Ойықтың төменгі қырында тізе асты артериясы 2 тармаққа бөлінеді: алдыңғы және артқы асықты жілік артериялары.


Алдыңғы асықты жілік артериясы (a. tibialis anterior) сүйекаралық жарғақ арқылы жіліншіктің алдыңғы бетіне бағытталып, жазғыштар арасымен төмен түседі, жол бойында көпетеген ұсақ тармақтар қалдырады. Жілікшіктің төменгі 1/3 бөлігінде одан медиальды және латеральды толарсақ артериялары (aa. malleolares anterior, medialis et lateralis) тарайды, олар өз кезегінде толарсақтың тамырлы торын (rete malleolare) түзеді. Сыртқы жақтан алдыңғы асықты жілік артериясы табанның сыртқы артериясына (a. dorsales pedis) ауысады.
Табанның сыртқы артериясы медиальды және латеральды тілерсек артерияларын (aa. tarseae mediales et laterales) береді, ол өз кезегінде табанның тамырлы торын құрады. Сонымен қоса одан доғатәрізді артерия (a. arcuata) тарайды, ол өз кезегінде 4 табан сүйегінің сыртқы тармақтарына (aa. metatarsae dorsales) бөлінеді, олардығ әрқайсысы 2 табан сүйектерінің сыртқы артерияларына (aa. digitales dorsales) бөлінеді. Соңғылары II—V саусақтарды қанмен қамтамасыз етеді. Сыртқы артерияның соңы бірінші сыртқы табан сүйектік артерия (a. metatarsea dorsalis prima) болып табылады.
Артқы асықты жілік артериясы (a. tibialis posterior) жіліншіктің артқы жағымен төмен бағытталады. Асықты жіліктің медиальды толарсағын айнала, артерия табанға қарай түседі де мадиальды және латеральды табан артерияларын (aa. plantaris medialis et lateralis) түзеді. Артқы асықты жілік артериясының ең ірі тармағы шыбық сүйегінің артериясы (a. fibularis) болып табылады, ол өз кезегінде қанды шыбыққа, асықты жіліктің артқы және латераьды топтарындағы бұлшықеттеріне қанды тасымалдайды. Сонымен қоса артерия медиальды және бүйірлік тобық (rr. malleolares mediales et laterales) тармақтарын береді, ол тобықтың бүйірлік және медиальды қан тамырлық торын құрады және табандық тамырлар rr. calcanei) тарайды, олар өз кезегінде табанбық тамырлық тор (rete calcaneum) түзеді.
Табанның медиальды қырымен медаильды табан артериясы (a. plantaris medialis) өтеді, ол беткей және терең болып бөлінеді және теріні және табан бұлшықеттерін қанмен қамтамасыз етеді.
Бүйірлік табан артериясы ерекше табандық саусақтық артерияны береді, ол V саусақтың бүйірлік қырымен бағытталып, бірінші табан сүйегінің маңында сыртқы артерияның табандық тамырымен табандық доғаны (arcus plantaris profundus) құрайды. Осы доғадан 4 табан сүйектік артериялар (aa. metatarseae plantares) тарайды, олардың әрқайсысы 2 өзіндік табандық саусақтық артерияларға (aa. digitales plantares propriae) бөлінеді, олар қанды табан саусақтарына жеткізеді.
Артериялық торлар
Аяқта ірі артериялық сабаулар мен олардың тармақтары арасында бірнеше қатар анастомоздар бар, олар, әсіресе буындар тұсында артериялық торлар, rete arteriosum, түзеді.
1. Тізенің буын торы , rete articulare genus - қою аргериялық тор, оның қалыптасуына келесі тармақгар қатысады: а) a. genus descendens {a. femoralis тармагы)', б) ci. genus superior medialis, a. genus superior lateralis, a. genus media, a. genus inferior medialis, a. genus inferior lateralis (барлыгы a. poplitea тармақтары); в) r. circumflexus fibulae (a. tibialis posterior тармагы) г) a. recurrens tibialis posterior (a. tibialis anterior тармагы) д) a. recurrens tibialis anterior {a. tibialis anterior тармагы)
2) Медиалді толарсақторы, rete malleolare mediale, келесі тармақтармен түзіледі: a) rr. malleolares mediales (a, tibialis posterior-дан) 6) a. malleolaris anterior medialis {a. tibialis anterior-дан) в) aa. tarseae mediales {a. dorsalis pedisтен)
3) Латералді толарсақ горы, rete malleolare later ale, келесі тармақтармен түзіледі: а) rr. malleolares laterales (a. peroneaдан) б) r. perforans a. peronea гармақтары в) a. malleolaris anterior lateralis (a. tibialis anterior-дан) r) a. tarsea lateralis-тіц артңы тармақтары {a. dorsal is pedis- к н ).
4. Өкше торы, rete calcaneus - окше сүйегі төмпесінің артқы бетінде жатады. Торды түзуге келесі тармақтар қатысады: а) rr. calcanei (a. tibialis posterior-дан) б) rr. calcanei (peronea-дан).

ІІІ Қорытынды





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет