Қазақстандықтардың денсаулығы, білім алуы және игілігі: азаматтардың тұрмыс жағдайы мен деңгейін көтеру, экологиялық ортаны жақсарту. Сырқаттардың алдын алу және салауатты тұрмыс салтына ынталандыру, азаматтарды салауатты тұрмыс салтын ұстауға, дұрыс тамақтану, гигиена мен тазалық ережелерін сақтауға баулу, нашақорлық пен наша бизнесіне қарсы күресу, маскүнемдік пен темекі шегуді қысқарту, ана мен баланың денсаулығын сақтау, қоршаған орта мен экологияны таза ұстау мәселелерін қамтиды.
Энергетикалық қорлар: тұрақты экономикалық өрлеу үшін мұнай мен газ өндірудің және оларды шетке шығарудың көлемін жедел ұлғайту жолымен энергетикалық қорды тиімді пайдалану. Бұл стратегия: таңдаулы халықаралық технологияларды, коммерциялық құпия және қомақты капиталды тарту, қордың тез де ұтымды пайдаланылуы үшін басты халықаралық мұнай компанияларымен ұзақ мерзімді серіктестік орнату, мұнай мен газ экспорты үшін құбырлар желісінің жүйесін жасау, отын қорын пайдалану қызметінде дүниежүзілік қоғамдастықтағы ірі елдердің Қазақстанға және оның әлемдік отын берушілік рөліне ынтасын ояту бағытын ұстау, ішкі энергетикалық инфрақұрылымды жасау, өзін-өзі қамтамасыз ету және бәсекеде тәуелсіз болу мәселелерін шешу мәселелерін қамтиды.
Инфрақұрылым (көлік және байланыс): ұлттық қауіпсіздікті, саяси тұрақтылықты нығайту, экономикалық өрлеуді күшейту. Отандық көлік-коммуникациялық кешеннің әлемдік рыноктағы бесекелестік қабілетін қамтамасыз ету және Қазақстан арқылы өтетін сауда ағынын ұлғайту міндеті қойылған.
Кәсіпқой мемлекет: іске шын берілген және елдің негізгі мақсаттарына қол жеткізуде халық өкілдері болуға лайық мемлекеттік қызметкерлердің осы заманғы қабілетті құрамын жасақтау. Бұл саладағы міндет осы заманға сай тиімді мемлекеттік қызмет пен нарықтық экономикаға оңтайлы басқару құрылымын құру, басты мақсаттарды іске асыруға қабілетті Үкіметті жасақтау, ұлттық мүдделердің сақшысы болатын мемлекет орнату.
Президенттің жолдауында бүкіл күш-жігерді осы бағыттарға жұмылдырудың, мүмкіндіктерді шоғырландырудың және үйлестірудің келелі идеялары айқын тұжырымдалған, басқару жүйесіндегі реформаларды жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдерін түбірімен қайта қарау қажеттілігі атап көрсетілген. Бұл қысқа және ұзақ мерзімді негізгі бағыттарды іске асыру барысында, ең алдымен, еліміздің барлық азаматтарының бостандығына кепілдік беруге, халықтың әл-ауқатын жақсартуға және ертеңгі күнге деген сенімін нығайтуға бағытталған бірден-бір бағдарламалық-стратегиялық ресми құжат болып табылады.
Қазақстан-2050» Стратегиясы жаһандану сипатында туындаған қауіп-қатерлер мен тәуекелдерді ескере отырып елдің дамуына жаңа деңгей берді. Мемлекет басшысы көрсетіп кеткендей, Қазақстанның әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енуде өте қиын жол күтіп тұр. Бұл барлық ұлттардың жұмыла күш салуын талап етеді. Болашақта дамуға қоғамның барлық топтарының түсінігінің және ат салысуының негізінде барлық аймақтар тартылса экономикалық өсуге қол жеткізетініміз сөзсіз.
Қазір елдердің барған сайын көп саны осындай ұзақ мерзімді стратегияларды әзірлейді және қабылдайды. БҰҰ-да 2050 жылға дейін өркениетті дамытудың Жаһандық болжамы әзірленді. Болжамдық баяндаманы 2050 жылға дейін Бүкіләлемдік азық-түлік ұйымы жариялады.
Қазақстан мақсатты және шабытпен, біздің бірінші орындағы мақсаттарымызды естен шығармастан жұмыс істеуі керек:
— Мемлекеттілікті одан әрі дамыту және нығайту.
— Экономикалық саясаттың жаңа принциптеріне көшу.
— Жеке кәсіпкерлікті – ұлттық экономиканың жетекші күшін жан- жақты қолдау. — Жаңа әлеуметтік модельді қалыптастыру.
— Білім беру және денсаулық сақтауда жаңа заманғы және тиімді жүйелер құру. — Мемлекеттік аппарат жауапкершілігін, тиімділігін және функционалдығын арттыру. — Жаңа күрестерге барабар халықаралық және қорғаныс саясатын орнату [1. Жаңа бағыттың экономикалық саясатының мәні – жалпы қамтитын экономикалық прагматизм. Бұл:
Экономикалық мақсаттылық және ұзақ мерзімді мүдделер тұрғысынан экономикалық және басқару шешімдерін алып тастамастан барлығын қабылдау.
Жаңа нарық текшелерін анықтау, мұнда Қазақстан тең құқықты бизнес-серіктес ретінде қатыса алады. Экономикалық өрлеудің жаңа нүктелерін жасау.
Экономиканың тиімді жекеменшік секторын құру және мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамыту. Экспортты мемлекеттік ынталандыру .
2050 жылға дейін сатылап келесі мәселелерді шешуді қамтамасыз ету өте маңызды:
мемлекеттің макроэкономикалық саясатын жаңарту;
бюджеттік саясаттың жаңа принципімен қарулану – тек өз мүмкіндіктері шегінде жұмсау және тапшылықты максимум ықтимал минимумға дейін қысқарту. Бюджеттік-қаржылық процеске қатынасы жеке меншік салынымдардай ұқыпты және ойластырылған болып табылады. Басқаша айтқанда, бірде-бір бюджеттік теңге босқа жұмсалмауы керек. Мемлекет бюджеті ұзақ мерзімді перспектива тұрғысынан, экономиканы диверсиялау және инфрақұрылымын дамыту сияқты жемісті жалпы ұлттық жобаларға тоқтаған.
өндіріспен және жаңа технологиялар саласымен айналысатын
салық салу нысандары үшін қолайлы салық режимін енгізу қажет; салықтық әкімшіліктендіруді ырықтандыру және кедендік әкімшіліктендіруді жүйелендіру саясатын жалғастыру; салықтық есептілікті жеңілдету және минимумдау қажет. Жақын бес жылда онлайн электрондық есептілік режиміне ауысу керек. 2020 жылы салықтық кредиттеу практикасын енгізу қажет. Басты міндет – кәсіпкерлердің инвестициялық белсенділігін ынталандыру.Осылайша, болашақ салық саясаты бизнес-деңгейде ішкі өсімді және сыртқы рыноктарға отандық экспортты ынталандыруы керек, ал азаматтардеңгейінде олардың жиналуын, сақталуын және салынуын ынталандыру керек.