4.Математика құрылыста. /құрылыста бақылау жүргізу, арнайы кітаптар оқу/ Құрылыс... Бұл сөзді естігенде көз алдымызға әрине кірпіш, цемент, құм, қиыршық тас, саз, әк т.с.с. құрылыс материалдары елестейді. Дұрыс, себебі құрылыс материалдарынсыз құрылыс жүрмейді. Тіпті, кез-келген елдің экономикасын құрылысына қарап-ақ білуге болады. Құрылыс жүріп жатса, онда айналым, ақша, жұмыс бар деген сөз.Құрылысшылар– елді-мекендерді көріктендіріп, көз тартарлық әртүрлі зәулім ғимараттарды салып, оларды қала тұрғындарының игілігіне пайдалануға берумен халықтың тұрмысын, әл-ауқатын жақсартуға елеулі қызмет істеп келеді. Құрылыс пен сәулет өнері адамның алғаш пайда болуынан басталған көне кәсіп. Ғасырлар ауысса да ол бізбен бірге дамып, жетілуде. Құрылыс саласының өзіне тән ережесі, тәртібі және нормативтік құжаттары болады. Соған сәйкес әрбір құрылысшы кірпішті қалай қалау керек, оның нормасы қандай болады деген сияқты құрылыс технологиясын меңгеруі қажет. Сондай-ақ жобаны оқи білуі керек. Бір нысан мен екінші бір нысанның ерекшелігін білу, технологияны, адамды орнымен пайдалану, алған білімді тиімді жұмсай білу, дәл,нақты есептей білу керек.Яғни математикадағы масштабты жақсы түсініп, оны практикада қолдана білуіміз қажет.
Қорыта айтқанда, құрылыс саласы қазіргі таңда өте жақсы дамуда, сонымен қатар білікті, мықты мамандарға зәру. Егер де сурет салуға, түрлі сызба бағдарламалары- мен жұмыс жасауға икеміңіз болса, қала көркін келтіретін әсем де биік, мықты ғимараттар салғыңыз келсе, кірпіш қалап, арманыңыздағы үйіңізді өз қолыңызбен тұрғызғыңыз келсе, өз қажеттілігін ешқашан жоймайтын, қызықты һәм қиынды математика ғылымын жақсы меңгер.
Математика интернет дүкенде.
Интернет-дүкен дегеніміз – өзіңіздің немесе өзгелердің өнімдерінің суретін интернетке енгізу, қажетті затыңды алу және сату. Интернет-дүкенде қажетті заттарды сатып алу үшінде математикалық білім керек. Бұл үшін компьютер, интернет, туған тіліңізді жоғары деңгейде меңгергендігіңіз қажет. Ол үшін компьютер, интернет, сайттардың тізімі қажет. Тауарды көп мөлшерде сатып алу әлдеқайда арзанға түсетінін барлығымыз білеміз. Сол себепті фирмалармен келісіп, көп тауарды арзанырақ бағаға аламыз. Яғни интернет-дүкендер адамдардың уақытын үнемдейді.Қажетті койлек алу үшін сайтқа кіріп таңдайсыз.Ол үшін өлшеміңді дұрыс есептей білу керек.
Киім өлшемін таңдау