«Құқық негіздері, Экология, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» модулі «Экология»


Табиғи экожүйелер тұрақтылығының өлшемдері мен негізгі көрсеткіштері



бет15/47
Дата06.05.2023
өлшемі1,22 Mb.
#90762
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   47
Байланысты:
Құқық негіздері, Экология, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері емтихан сұрақтары Асылтас

Табиғи экожүйелер тұрақтылығының өлшемдері мен негізгі көрсеткіштері.

Табиғатта абсолютті түрде ұқсас даралар, популяциялар, түрлер мен экожүйелер болмайды. Тіпті бір жұмыртқадан дамыған егіздердің өзі бір-бірінен ерекшеленеді. Сондықтан жер бетінде трүлердің саны өте көп, бұл алуантүрлілік адамзат ақылына сыйлайтын жұмбақ және еш уақытта таусылмайтындай көрінеді.
Жеке түрлер адамның кінәсінен жойыла бастағанда, алғашқыда оған көңіл аударылмады. Себебі палеонтология көрсеткендей, табиғаттағы көптеген түрлердің жойылып біту процестері байқалып отырған.
Бірақ қазіргі уақытта тіршіліктің алуантүрлілігінің кедейленуі адамзаттың іс-әрекеті нәтижесінде үлкен жылдамдықпен жүріп отыр. Орасан зор территорияларды таза тұқымды, тұқым қуалау қасиеттері біртекті аздаған мәдени өсімдіктер алып жатыр. Табиғи экожүйелер бұзылып, мәдени ландшафтпен ауыстырылуда, практикалық жағынан да биологиялық алуантүрліліктің биологиялық маңызын түсіндірудің маңызы зор.
Табиғи бірлестіктер бактериялардан бастап ғасылар бойы өмір сүріп келе жатқан ағаштар мен ірі жануарларға дейін жүздеген және мыңдаған түрлерден құралуы мүмкін. Түрлік алуантүрліліктің жоғары болуы осы күрделі жүйелердің төмендегі қасиеттерн қамтамасыз етеді:
1. Бөліктерінің өзара бір-бірін толықтыруы.
2.Түрлердің бір-бірін ауыстыруы.
3. Реттеушілік қасиеті
Биоценозға түрлердің алуантүрлілігі артқан сайын, популяциялар құрылымы күрделенген сайын олардың өздігінен реттелуі жақсы жүреді.
4. Функцияларды қамтамасыз етудің сенімділігі.
Экожүйелердегі түрлердің алуантүрлілігі олардың тіршілік қызметінің сенімділігін қамтамсыз етеді.
Биологиялық алуантүрлілік – Жердегі тіршіліктің тұрақтылығының басты шарты.
Осы алуантүлілікке байланысты Жердегі тіршілік миллиардтаған жылдар бойы сақталып келеді.
Геологиялық тарихтың қиын кезеңдерінде көптеген түрлер жойылып, алуан түрлілік төмендеген, бірақ материктер мен мұхиттардың экожүйелері бұл апаттарды басынан өткізді. Өмір жалғасып отырды. Жаңа түрлер пайда болды және олар энергия айналымдағы жойылған түрлердің орнын басып отырды.
Сондықтан табиғи және антропогенді жүйелердің тұрақтылығына нұқсан келтіретін биологиялық алуантүрліліктің төмендеуіне жол бермеу керек.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет