«Құқық негіздері, Экология, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» модулі «Экология»


БАҚ-тың сыбайлас жемқорлық дүниетанымы мен мәдениетін қалыптастырудағы рөлі



бет40/47
Дата06.05.2023
өлшемі1,22 Mb.
#90762
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   47
Байланысты:
Құқық негіздері, Экология, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері емтихан сұрақтары Асылтас

45. БАҚ-тың сыбайлас жемқорлық дүниетанымы мен мәдениетін қалыптастырудағы рөлі.
Кез-келген демократиялық қоғамының даму деңгейі оның бұқаралық ақпарат құралдарына деген көзқарасымен де, мемлекет пен бұқаралық ақпарат құралдары арасында қалыптасқан өзара қарым-қатынас жүйесімен де анықталатыны белгілі. Жариялылықты өмірде жүзеге асыруға, оны тереңдетіп дамытуға БАҚ-тың рөлі зор. Ол үшін нағыз шындық халыққа дер кезінде дәл сол болмысымен жетіп тұруға тиіс. Сонда ғана қалың бұқара белгілі билік орындарының лауазымды тұлғалардың қызметін бақылай алады. Дәл осындай бақылау күшейсе, оны БАҚ қамтамасыз ете алса, онда елде сыбайлас жемқорлыққа айтарлықтай тосқауыл қойылады. Журналистің міндеті – халықаралық қатынас барысында және ақпарат саласында демократияландыруға ықпал ету. Әсіресе мемлекеттер мен халықтар арасындағы бейбіт және достық қарым-қатынастардың нығаюына көмектесу болмақ.
Сыбайлас жемқорлықпен күрестегі БАҚ-ның негізгі рөлі журналиятік зерттеу арқылы сыбайлас жемқорлықтың пайда болып дамуына негіз қалайтын құпия тетіктер мен фактілерді жұртщылыққа жариялау, сол арқылы оның түбі ашылмай қалмайтындығына қоғамды сендіру. Сыбайлас жемқорлықпен жан-жақты күрес жүргізу үшін БАҚ тәуелсіз болуы және шын мәнінде төртінші билік тармағына айналуы қажет.
БАҚ-ның ерекше міндеті – әрбір адамның өз ой пікірін еркін білдіру құқығы мен толық және шығайы ақпарат алу құқығын қамтамасыз ету.
Журналистердің әр түрлі ой – пікірлерге қарамастан адамдардың әлеуметтік маңызы зор толық және шынайы ақпарат алу құқығын жүзеге асыруына ат салысуы қажет. БАҚ қызметкерлері атқаратын кәсіби қызметтерінің нәтижесі тек елдің заңнамасына ғана емес, сонымен қатар адамдардың адамгершілігі, ақыл-ойы мен денсаулығына залал келтіретін ақпараттар таратуға шек қоятын журналистік этика ережелеріне де тәуелді. Журналистер сөз бостандығы мен тәуелсіз ой-пікірді жариялауға міндетті.
Баспасөз бостандығы бүкіл халықтікі, сондықтанда қоғамдық маңызы бар қандай да бір ақпараттарды жариялау әлдебір саяси, коммерциялық т.б жекелеген топтардың ықпалына түспеуі қажет. БАҚ олардың ішкі редакциялық іс-әрекеттері ықпал етілмейтіндей қалыпта жариялауға кепілдік берілуі керек. Журналистер өз жұмысында тек өзі қызмет ететін БАҚ аудиториясының ғана мүддесін білдіруі тиіс. Жалған ақпарат тарату ақпартатты әлейі бүркемелеу арқылы ақша табу кәсіби қылмыс ретінде қаралуы тиіс. Журналистік қызмет жасырын, жалған ақпаратпен сыйыспайды. БАҚ жұмысы тиімділігінің өлшемі – өзінің экономикалық іс-қимыл қорытындылары мен танымдылығы және сол БАҚ-ына қатысты оқырмандардың сенімі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет