«Құқық негіздері» пәнінен жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар 11-сынып



бет7/14
Дата04.01.2022
өлшемі411 Kb.
#23893
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
Байланысты:
11 сынып БЖБ Құқық негіздері ЖМБ

Тапсырма





  1. Шарт түрлерінің анықтамасымен танысып, ерекше белгілері мен қысқаша мазмұнын жазыңыз.




Шарт түрі

Ерекше белгілері

Сатып алу-сату шарты

Сатып алу-сату шарты бойынша бiр тарап (сатушы) мүлiктi (тауарды) екiншi тараптың (сатып алушының) меншiгiне, шаруашылық жүргiзуiне немесе жедел басқаруына беруге мiндеттенедi, ал сатып алушы бұл мүлiктi (тауарды) қабылдауға және ол үшiн белгiлi бiр ақша сомасын (бағасын) төлеуге мiндеттенедi.






Айырбас шарты

  1. Айырбас шарты бойынша тараптардың әрқайсысы шаруашылық жүргiзудi, оралымды басқаруды басқа тараптың меншiгiне бiр тауарды екiншiсiне айырбасқа беруге мiндеттенедi.

  2. Айырбас шартына тиiсiнше сатып алу-сату шартының ережелерi қолданылады, өйткенi бұл осы тараудың ережелерiне және айырбас мәнiне қайшы келмейдi. Бұл орайда тараптардың әрқайсысы тауарды беруге мiндеттенетiн сатушы деп және айырбастап алуға мiндеттенетiн сатып алушы деп танылады.

  3. Кодексте көзделген ережелер, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе және ол тиiстi мiндеттемелер мәнiнен туындамаса, құқықтарды айырбастауға (жұмыстар, қызмет көрсетулер)

қолданылады.




Сыйға тарту шарты

1. Сыйға тарту шарты бойынша бiр тарап (сыйға тартушы) басқа тараптың (сыйды алушының) меншiгiне затты не өзiне немесе үшiншi тұлғаға мүлiктiк құқықты (талапты) тегiн бередi немесе беруге






10

мiндеттенедi не оны үшiншi тұлғаның алдындағы мүлiктiк мiндеттен

босатады немесе босатуға мiндеттенедi.






Д. Азаматтық кодекс. Ерекше бөлім


  1. Мәтінмен танысып, сұрақтарға жауап беріңіз.

1038-бап. Мұрагерлiк

1. Мұрагерлік - қайтыс болған азамат (мұра қалдырушы) мүлкiнiң басқа адамға (адамдарға)

- мұрагерге (мұрагерлерге) ауысуы.


  1. Қайтыс болған азаматтың мұрасы басқа адамдарға әмбебап құқық мирасқорлығы талаптарымен, егер осы бөлiмнiң ережелерiнен өзгеше туындамаса, бiрыңғай тұтас нәрсе ретiнде және бiр-ақ мезгiлде ауысады.

  2. Мұрагерлiк осы Кодекспен, ал тiкелей өзi белгiлеген жағдайларда өзге де заң актiлерiмен реттеледi.

1039-бап. Мұрагерлiктiң негiздерi



  1. Мұрагерлiк өсиет және (немесе) заң бойынша жүзеге асырылады.

  2. Өсиет қалдырылмаған не бүкiл мұраның тағдыры айқындалмаған кезде, сондай-ақ осы Кодексте белгiленген өзге де жағдайларда мұрагерлiк заң бойынша орын алады.

58-тарау. Өсиет бойынша мұрагерлік 1046-бап. Жалпы ережелер

  1. Азаматтың ол қайтыс болған жағдайда өзiне тиесiлi мүлiкке билiк ету жөнiнде өз ықтиярын бiлдiруi өсиет болып танылады.

1-1. Өсиеттi оны жасаған кезде толық әрекет қабiлеттiлiгi бар азамат жасайды.

  1. Азамат өзінің барлық мүлкiн немесе оның бiр бөлігін заң бойынша мұрагерлер тобына кiретiн де, кiрмейтiн де бiр не бiрнеше адамға, сондай-ақ заңды тұлғаларға және мемлекетке өсиет етiп қалдыра алады.

  2. Өсиеттi өзi жасауға тиiс. Өкiл арқылы өсиет жасауға жол берiлмейдi.

  3. Өсиет қалдырушы себебiн түсiндiрместен заң бойынша мұрагерлердiң бiреуiн, бiрнешеуiн немесе барлығын мұрадан айыруға құқылы. Егер өсиеттен өзгеше туындамаса, заң бойынша мұрагердi мұрадан айыру оның ұсынылу құқығы бойынша мұрагерлiк етушi ұрпақтарына қолданылмайды.

  4. Мұра қалдырушы өзiнiң кез келген мүлкi, оның iшiнде болашақта сатып алуы мүмкiн мүлкi туралы да өкiм бар өсиет жасауға құқылы.

Өсиет қалдырушы мұрагерлердiң мұрадағы үлесiн кез келген түрде белгiлеуi мүмкiн, әртүрлi мүлiкке қатысты бiр немесе бiрнеше өсиет жасай отырып, өз мүлкiне немесе оның қандай

да бiр бөлiгiне билiк ете алады.


Мұрагерлік дегеніміз не?





«Өсиет бойынша мұрагерлік» ұғымын қалай түсінесің?





«Заң бойынша мұрагерлік» ұғымын қалай түсінесің?





Заң және өсиет бойынша мұрагерліктің ұқсастықтары қандай?






  1. Кестенің бірінші бағанасындағы ақпаратты негізге ала отырып, екінші бағанасында орналасқан міндеттер мен құқықтарды жазып толтырыңыз.

Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы 518-ІV Кодексі.

Жеке және мүліктік құқықтары мен міндеттерін

нақты мысалдар арқылы жазыңыз.

6-тарау. ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАРДЫҢ ЖЕКЕ ҚҰҚЫҚТАРЫ

МЕН МІНДЕТТЕРІ



  1. бап. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттерінің туындауы

Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркелген күннен бастап туындайды.

  1. бап. Ерлі-зайыптылардың отбасындағы теңдігі

  1. Ерлі-зайыптылар тең құқықтар пайдаланады және тең міндеттер атқарады.

  2. Ерлі-зайыптылардың әрқайсысы қызмет түрін, кәсібін және діни сенімін таңдауға ерікті.

  3. Ерлі-зайыптылар ана болу, әке болу, балаларды тәрбиелеу, оларға білім беру, ерлі-зайыптылардың тұрғылықты, болатын жерлері мәселелерін және отбасы өмірінің басқа да мәселелерін бірлесіп шешеді.

  4. Ерлі-зайыптылар отбасындағы өз қатынастарын өзара сыйластық пен өзара көмек негізінде құруға, отбасының игілігі мен нығаюына жәрдемдесуге, өз балаларының денсаулығына, өсіп-жетілуіне және олардың әл-ауқат жағдайына қамқорлық жасауға міндетті.

31-бап. Ерлі-зайыптылардың тектерді таңдау құқығы

1. Неке қию (ерлі-зайыпты болу) кезiнде ерлi-зайыптылар өз тiлектерi бойынша ортақ тегі ретiнде өздерiнiң бiреуiнiң тегiн таңдайды не ерлi-зайыптылардың әрқайсысы өзiнiң некеге дейiнгi тегiн сақтап қалады, не біреуі (екеуі де) өз тегiне екiншi жұбайдың тегiн қосып алады. Егер ерлi- зайыптылардың бiреуiнiң болса да некеге тұрғанға дейiнгi тегi қосарлас болса, олардың тектерін қосуға жол берiлмейдi.



  1. Жеке құқықтары:


  1. Жеке міндеттер:

7-тарау. ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАРДЫҢ МҮЛІКТІК

ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

§1. Ерлі-зайыптылар мүлкінің заңды режимі

32-бап. Ерлі-зайыптылар мүлкінің заңды режимі ұғымы



  1. Егер неке шартында өзгеше белгiленбесе, ерлi- зайыптылардың бiрлескен ортақ меншiгiнiң режимi олардың мүлкiнiң заңды режимi болып табылады.

  2. Ерлi-зайыптылардың шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерiнiң бiрлескен ортақ меншiгi болып табылатын мүлiктi иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде айқындалады.

33-бап. Ерлі-зайыптылардың бірлескен ортақ меншігі

1. Ерлi-зайыптылар некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) кезінде жинаған мүлiк олардың бiрлескен ортақ меншiгi болып табылады.



  1. Мүліктік құқытары:




  1. Мүліктік міндеттері



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет