ҚҰҚЫҚ негіздері


Жас  мөлшері  ж\е  медико-биологиялық  критерийлері  бойынша  еңбек



Pdf көрінісі
бет150/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   389
Жас  мөлшері  ж\е  медико-биологиялық  критерийлері  бойынша  еңбек 

құқығындағы құқық қатынастарының сыныпталуы.  


201 

 

Еңбек құқығында еңбек шартын жасасуға жол берілетін жас мөлшері болып 16 



жас  табылады.  Ата-анасының  біреуінің,  қорғаншысының,  қамқоршысының  н\е 

асырап алушысының жазбаша келісімімен: 

- Орта білім беру ұйымында негізгі орта, жалпы орта білім алған жағдайда, 15 

жасқа толған азаматтармен; 

-  Сабақтан  бос  уақытында,  денсаулығына  зиян  келтірмейтін  ж\е  оқу  процесін 

бұзбайтын жұмысты орындау үшін, 14 жасқа толған оқушылармен; 

-  Кинематография  ұйымдарында,  театрларда,  театр  ж\е  концерт  ұйымдарында, 

цирктерде  денсаулығына  ж\е  адамгершілік  тұрғысынан  дамуына  нұқсан 

келтірмей,  шығармалар  жасауға  ж\е  (н\е)  орындауға  қатысу  үшін  белгіленген 

талаптарды  сақтай  отырып, 14 жасқа  толмаған  адамдармен  еңбек  шарты 

жасалуы мүмкін. 

Осы жағдайларда еңбек шартына кəмелетке толмаған адаммен қатар оның ата-

анасының  біреуі,  қорғаншысы,  қамқоршысы  н\е  асырап  алушысы  қол  қоюға 

тиіс. 


Мүгедектер  əдеттегідей  еңбек  жағдайлары  бар  не  мүгедектер  еңбегін 

пайдаланатын  мамандандырылған  ұйымдарда  оңалтудың  жеке  бағдарламасын 

ескере отырып, жұмыс берушілермен еңбек шарттарын жасасуға құқылы.  

  Соттың  шешімімен  əрекет  қабілеттігі  шектелген  тұлғалар  мемлекеттік 

қызметке алынбайды. Бұл ережені мына жағдаймен түсіндіруге болады: жүйке 

ауыруының,  ақыл-ой    қабілетінің  нашарлауы  саладарынан  азамат  өзінің 

еңбектегі  міндеттерін  саналы  түрде  орындай  алмайды,  қызметтік,  кəсіпкерлік 

жəне еңбек қызметін бақылай алмайды. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет