ҚҰҚЫҚ негіздері


 Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзғаны үшін заңды



Pdf көрінісі
бет268/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   ...   389
Байланысты:
treatise19737 (1) (1)

13.7 Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзғаны үшін заңды 

жауапкершілік 

      Экология заңдарын бұзу — белгіленген экологиялық тəртіпті бұзатын жəне 

табиғи  ортаға  зиян  келтіретін  заңға  қайшы  келетін  кінəлі  əрекет  немесе 

əрекетсіздік. 

      Экологиялық  тəртіп — адамның  өз  өмірі  мен  денсаулығы  үшін  қоршаған 

ортаның  қолайлы  болуына  құқығын  қамтамасыз  етудің,  қазіргі  жəне    болашақ 

ұрпақтың  мүдделері  үшін  айналадағы  табиғи  ортаны  қорғаудың,  адам 

қызметінің  осы  ортаға  зиянды  ықпал  жасауына  жол  бермеудің,  табиғи  тепе-

теңдікті  сақтау  мен  табиғатты  ұтымды  пайдаланудың  ережелері  мен  негізгі 

түпкі бастамаларының жүйесі. 

      Табиғи  ортаға  зиян  келтіру — табиғат  объектілеріне,  оның  адам  өмірі  мен 

денсаулығына қолайлы болуына немесе табиғатты пайдалануда заңсыз залалды 

əрекеттер жасаудың экологиялық жəне экономикалық салдарынан туындайды. 

      Экологиялық  салдарға  табиғи  ортаның  таза  болмауы,  бұзылуы,  адам 

қызметіне жəне денсаулығына табиғи ортаның қолайлы болмауы жатады. 

      Экономикалық  салдарға  табиғи  қорлардың  сарқылуы,  бұзылуы,  табиғаттан 

алынатын  табыстардың  азаюы  немесе  болмауы,  табиғатты  қалпына  келтіру 

шығындары жатады. 

      Экология  заңдарының  (жер,  жер  қойнауы,  су,  орман,  атмосфералық  ауаны 

жəне  жануарлар  мен  өсімдіктер  дүниесін  қорғау  жəне  басқа  табиғатты  қорғау 

заңдарының) тиісті баптарында құқықтық жауаптылық түрлері көрсетілген. 

      Экологиялық  заңдарда  құқықтық  жауаптылықтың  қылмыстық,  əкімшілік, 

азаматтық, тəртіптік түрлері көрсетілген. 

      Экологиялық тəртіпті бұзудың төрт белгісі бар: тəртіпті бұзушының кінəсі, 

заңға  қарсы  бағыт,  заңды  бұзудан  келген  зиянның  себепті  байланысы,  табиғи 

ортаға,  адамның  денсаулығына  (өміріне)  келген  зиян  немесе  ондай  залалдың 

сөзсіз болу қаупі. 

      Тəртіп бүзушының кінəсі: қасақана немесе абайсызда болуы болуы мүмкін. 

Заңға қарсы бағыт табиғи ортаны қорғау немесе тиімді пайдалану туралы заңды 

қасақана бұзады. Мұндай заңды бұзушылықты 3 топқа бөлуге болады. 

      Бірінші  топқа — табиғи  ресурстарды  заңда  көрсетілген  реттерде  алуға-

сатуға,  сыйға  тартуға,  кепілдік  беруге,  өз  бетімен  айырбастауға  жəне  осы 

сияқты  жерге,  жер  қойнауына,  суға,  орманға,  жануарлар  мен  өсімдіктер 

дүниесіне  меншік  құқығын  тікелей  немесе  жасырын  түрде  бұзатын  əрекеттер 

жатады. 

      Екінші  топқа — жер,  оның  қойнауы,  су,  орман,  барлық  сан  алуан  түрлері 

бойынша  алғанда  жануарлар  мен  өсімдіктер  дүниесін,  дағдылы  жəне  сирек 

кездесетін  ландшафтар,  табиғи  қорықтар,  табиғи  заказниктер,  ұлттық  табиғи 

парктер, табиғат ескерткіштері, жердің климаты мен озонды қабаты, сондай-ақ 

атмосфералық  ауа  жəне  табиғи  экологиялық  жүйелер  мен  биосфераның 




366 

 

компоненттері ретінде өзге де табиғи объектілерін қорғау, пайдалану құқығына 



қарсы жою, ластау жəне өзге де ұтымсыз əрі дұрыс пайдаланбау əрекет немесе 

əрекетсіздіктер жатады. 

      Үшінші  топқа — адамдардың  денсаулығы  мен  өміріне,  сондай-ақ  мүлкіне 

табиғи  жағдайлар  мен  шаруашылық  жəне  өзге  де  қызметтің  зиянды  ықпал 

ететін заң бүзушылықтарының түрлері жатады. 

      Табиғатты  пайдалану  жəне  қорғау  туралы  заңдарын  аталған  үш  топқа 

бөлгенде айналадағы табиғи ортаны қорғауға тиісті объектілер ескеріліп  отыр. 

Егер  мемлекет  мүддесін  басшылыққа  алсақ,  онда  табиғат  қорғау  заңдарын 

бұзғаны  үшін  жауаптылықтың  түрлерін  мемлекеттің  қоғамдық  мүдделеріне, 

экологиялық  жəне  экономикалық  мүдделеріне  қарсы  бағытталған  түрлеріне 

бөлуге болады. 

      Экологиялық  жауаптылықтың  тиісті  санкциясы  болуы  керек.  Ол  болмаса 

заңда  экологиялық  жауаптылық  экологиялық  құқықтық  талаптардың  бұзатын 

əрекеттер  мен  əрекетсіздіктердің  түрлерін  көрсетумен  шектеліп,  ол  үшін 

жауаптылық  қылмыстық,  əкімшілік,  тəртіптік,  мүліктік  жəне  басқа  заңдармен 

реттеледі деп көрсетілсе нақтылыққа сай келер еді. 

      Экологиялық  қылмыс — Қазақстан  Республикасында  қоршаған  ортаны 

қорғау туралы заңдармен белгіленген экологиялық құқық тəртібіне қол сұғатын 

жəне  адамдардың  денсаулығына  немесе  айналадағы  табиғи  ортаға  зиян 

келтіретін,  не  зиян  келтіруге  нақты  қатер  төндіретін,  қылмыстық  заңда 

көзделген  қоғамдық  қауіпті  іс-əрекет  (немесе  əрекетсіздік),  сондай-ақ 

экологиялық  залал  келтіретін,  қылмыстық  заңда  көзделген  өзге  де  қоғамдық 

қауіпті іс-əрекет. 

      Бұл  тұжырымның  негізгі  шарты — экологиялық  құқықтық  тəртіпті  бұзған 

əрекет  немесе  əрекетсіздік  қылмыстық  занда  қаралуы  керек.  Табиғат  қорғау 

заңдарында  қылмыстың  түрлері  Қазақстан  Республикасы  Қылмыс  кодексінде 

көрсетілген қылмыстың түрлерімен шектеледі. 

      Экологиялық қылмыстар: 

      - қоршаған  ортаның шамадан  тыс ластануы; 

      - радиоактивті жəне химиялық заттармен жүмыс істеген кезде экологиялық 

талаптардың бұзылуы; 

      - су кəсіпшіліктерімен заңсыз айналысу; 

      - заңсыз аң аулау

      - өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің объектілерін өз бетінше пайдалану; 

      - жерді, суды өз бетінше басып алу; 

      - жер қойнауын өз бетінше қазу

      - орман алқаптарының қасақана жойылып, оларға зақым келтірілуі. 

      Экологиялық  əкімшілік  жауаптылық — экология  құқығына  қарсы  қасақана 

немесе абайсыз жасалған əкімшілік жауаптылық көзделген кінəлі əрекет немесе 

əрекетсіздік. 




367 

 

      Табиғат  қорғау  заңдарын  бұзғаны  үшін  экологиялық  əкімшілік 



жауаптылықтың негізгі екі шарты бар. 

      Б і р і н ш і с і, ондай заңдарды бұзу Əкімшілік қүқық бұзушылық кодексінде 

көрсетілген болуы керек. 

      Е  к  і  н  ш  і  с  і,  ондай  əкімшілік  құқық  бұзушылық  экологиялық  қылмыс 

белгілеріне жатпауы керек.  Əкімшілік  жауаптылықты Қазақстан Республикасы 

Əкімшілік құқық бұзушылық кодексінде орын алған. 

      Осыларды ескере отырып, табиғат қорғау заңдарында қаралған талаптардың 

бүзылуына  кінəлы  лауазымды  адамдар  мен  азаматтардың  экологиялық  тəртіп 

бүзушылықтары  экологиялық  қылмыс  белгілеріне  жатпаса,  Қазақстан 

Республикасы  Əкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы  кодексінде  көрсетілген 

əрекеттер мен əрекетсіздіктер үшін жауап беретінін назарда ұстау керек. 

      Экологиялық  əкімшілік  жауаптылық  туралы  істерді  Əкімшілік  құқық 

бұзушылық  туралы  кодексінде  белгіленген  тəртіппен  Қоршаған  ортаны  қорғау 

министрлігінің органдары мен лауазымды адамдары жəне соған арнайы уəкілдік 

алған өзге де органдар қарайды. 

      Экологиялық тəртіптік жауаптылық — экологиялық құқыққа қарсы қасақана 

немесе  абайсызда  жасалатын  тəртіптік  жауаптылық  көзделген  кінəлі  əрекет 

немесе əрекетсіздік. 

      Тəртіптік жауаптылық туралы арнайы қабылданған заң жоқ. Бірақ тəртіптік 

жауаптылық  Қазақстан  Республикасының  еңбек  туралы  заңдарында  жəне  ішкі 

тəртіп  ережелерінде,  сондай-ақ  басқа  нормативтік  актілерде  қаралған. 

Экологиялық  тəртіптік  жауаптылық  кəсіпорындардың,  мекемелер  мен 

ұйымдардың  табиғат  қорғау  зандары  талаптарының  бұзылуына  кінəлі 

лауазымды  адамдары  мен  өзге  де  қызметкерлердің,  міндеті  мен  қызметтерін 

жəне  қоршаған  ортаны  қорғау  мен  табиғи  ресурстарын  үтымды  пайдалану 

жөніндегі жоспары мен шараларды орындамау салдарынан пайда болады. 

      Экологиялық  азаматтық-құқықтық  жауаптылық — экологиялық  құқыққа 

қарсы  қасақана  немесе  абайсыз  жасалатын  кінəлі  əрекет  пен  əреккетсіздіктің 

салдарынан  табиғат  объектілерінің  меншік  иесіне,  иеленушілері  мен 

пайдаланушыларына  келтірген  зиянды  өтеу.  Бірақ  экологиялық  зандарда 

табиғатты пайдаланушылар мен иемденушілерге тиетін материалдық зиян заңда 

көрсетілген себепті жағдайларда да болуы мүмкін.  

      Материалдық  жауаптылықтың  тəртіптік  жауаптылықтан  айырмашылығы 

бар.  Тəртіптік  жауаптылықта  жоғарыда  айтқанымыздай,  тек  еңбек  міндеттері 

мен  қызметін  орындауға  байланысты  себептермен  табиғат  заңдарының 

талаптары  бұзылып,  азаматтардың  тəртіптік  жауаптылығы  туындайды, 

Экологиялық  материалдық  жауаптылық  осы  жағдайларда  жəне  еңбек  етуге 

немесе  қызмет  атқаруға  байланыссыз  да  пайда  болуы  мүмкін.  Мысалы,  өз 

бетімен  орманнан  рұқсатсыз  ағаш  кесіп  алудан  келген  материалдық  зиян 

адамның  еңбек  етуіне  немесе  қызметіне  байланысты  емес.  Сонымен  бірге 




368 

 

табиғат  ресурстарына  келген  зиян  азаматтардың  да,  кəсіпорындар  мен 



ұйымдардың жəне мекемелердің де кінəсынан пайда болуы мүмкін. Соған орай 

экологиялық  салалық  зандарда  табиғатқа  зиян  келііретін  субъектілердің 

арасында занды ұйымдар, кəсіпорындар, мекемелер де бар. Мысалы, Қазақстан 

Республикасының "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту жəне пайдалану 

туралы" заңында мынадай ережелер бар. 

      Заңды жəне жеке тұлғалар жануарлар дүниесін қорғау, оның өсімін молайту 

жəне  пайдалану  туралы  зандардың  бүзылуынан  келтірілген  зиянды  Қазақстан 

Республикасының заңдарымен белгіленетін мөлшерде жəне тəртіпке сай өтеуге 

міндетті. 

      Зиянды өтеуіне байланысты шығынға ұшырауына кінəлі лауазымды адамдар 

мен  басқа  да  қызметкерлер  белгіленген  тəртіпте  материалдық  жауаптылықты 

мойындарына  алады.  Бүл  ережелерден  кəсіпорындар,  мекемелер,  үйымдар, 

Қазақстан  Республикасының  азаматтары,  шет  елдің  азаматтары  жəне  басқа  да 

азаматтар  экологиялық  материалдық  жауаптылықтың  субъектісі  бола  алады 

деген қорытынды жасауға болады.  

      Экологиялық  материалдық  зиян  табиғи  ресурстар  мен  экологиялық 

жағдайларға  байланысты  адамның  денсаулығына,  сондай-ақ  оның  мүлкіне  де 

залалын тигізуі мүмкін.  

      Қоршаған  орта  үшін  қауіптілігі  жоғары  қызметпен  айналысатын 

кəсіпорындар,  мекемелер,  ұйымдар  мен  азаматтар,  егер  зиянның  алапат  күш 

немесе  зардап  шеккен  адамның  арам  ниеті  салдарынан  туындамағанын 

дəлелдей  алмаса,  азаматтардың  денсаулығы  мен  мүлкіне,  заңды  ұйымдарға, 

шаруашылықтарға  жəне  айналадағы  табиғи  ортаға  келтірілген  зиянын  өтеуге 

міндетті. 

      Айналадағы  табиғи  ортаның  кəсіпорындар,  мекемелер,  ұйымдар  немесе 

азаматтар  қызметі  туғызған  қолайсыз  ықпалының  азаматтар  денсаулығына 

келтірген  зияны  зардап  шегушінің  еңбек  қабілетінен  айрылу  дəрежесін,  оның 

емдеуге,  денсаулығын  қалпына  келтіруге,  науқасты  күтуге  жүмсаған 

шығындарын,  өзге  де  шығындарын,  сондай-ақ  тағайындалған  зейнетақы  не-

месе  жəрдемақыларды  ескере  отырып,  ҚР  Азаматтық  заңдарына  сəйкес  толық 

көлемінде өтеуге тиіс. 

      Орман  шаруашылығына  жəне  өсімдіктер  дүниесіне  келтірілген  зиянның 

мөлшерін есептеуге арналған құқықтық қорғалатын орман объектілерінің, сирек 

ұшырасатын жəне жойылып бара жатқан бағалы генетикалық қорды, сондай-ақ 

дəрілік  өсімдіктерді  сақтау,  оларды  ұтымды  пайдалануды  қамтамасыз  ету 

мақсатында  таксасы  Қызыл  кітабына  енгізілген,  өсімдіктерді  зақымданғаны 

жəне  жойғаны  үшін  құнын  өндіріп  алудың  көтеріңкі  мөлшері  белгіленген 

тізбесі бар. 

      Экологиялық заңдарды бұзып, табиғат ресурстарына, адамдардың өмірі мен 

мүлкіне келтірілген материалдық зиянды өтеу кінəлы адамдардың қылмыстық, 




369 

 

əкімшілік,  тəртіптік  жауапқа  тартылуы  немесе  тартылмауына  байланысты 



болмайды. 

      Экология заңдарын немесе жер, жер қойнауы, су, орман жəне басқа табиғат 

обьектілерін  қорғау  туралы  заңдарды  бұзғаны  үшін  жауаптылықтар  осы 

заңдарды  басшылыққа  алып  қолдануға  арналмаған.  Сондықтан  экология 

заңдарында  көрсетілген  заң  бұзушылықтар  тəртіптік,  қылмыстық,  əкімшілік, 

мүліктік жауапкершіліктерді белгілейтін заңдар үшін негіз болып қала береді. 

      Қазақстан  Республикасында    жəне  басқа  салалық  экологиялық  заңдардың 

тиісті  талаптарын  бұзғаны  үшін  құқықтық  жауаптылық  туралы  баптарында 

қаралмаған  экологиялық  жауаптылықтар  да  бар.  Ондай  жауаптылықтардың 

түрлеріне жер, су, жер қойнауы жəне басқа табиғи ресурстар туралы заңдарды 

бұзғаны үшін экологиялық жауаптылықтар жатады. 

      Экологиялық құқық бұзушылықтың түрлеріне: 

      1)  Қазақстан  Республикасының  экологиялық  заңнамасын  мүліктік 

жауапкершілікке əкеп соғатын бұзушылық; 

      2)  қоршаған  ортаны  қорғау,  табиғи  ресурстарды  пайдалану  саласындағы 

əкімшілік құқық бұзушылықтар; 

      3) экологиялық қылмыстар жатады. 

      Қазақстан  Республикасының  экологиялық  заңнамасын  бұзу  Қазақстан 

Республикасының заңдарына сəйкес жауаптылыққа əкеп соғады. 

      Экологиялық  құқық  бұзушылықтар  жасаған  тұлғалар  өздері  келтірген 

залалды  Экологиялық  Кодекске  жəне  Қазақстан  Республикасының  өзге  де 

заңнамалық актілеріне сəйкес өтеуге міндетті. 

      Мыналардың: 

      1) табиғи ресурстарды жою мен бүлдірудің; 

      2) табиғи ресурстарды өз бетімен жəне ұтымсыз пайдаланудың; 

      3)  қоршаған  ортаны  өз  бетімен  ластаудың,  оның  ішінде  авариялық, 

келісілмеген  жаппай  шығарындылар  мен  төгінділердің,  өндіріс  жəне  тұтыну 

қалдықтарын орналастырудың; 

      4)  қоршаған  ортаны  нормативтен  тыс  ластаудың  салдарынан  қоршаған 

ортаға,  азаматтардың  денсаулығына,  жеке  жəне  заңды  тұлғалардың, 

мемлекеттің мүлкіне келтірілген залал өтелуге тиіс. 

      Экологиялық  құқық  бұзушылық  жасаған  тұлғалардың  жеке  тұлғалардың 

денсаулығына  келтірілген  зиянды,  жеке  жəне  заңды  тұлғалардың,  мемлекеттің 

мүлкіне  келтірілген  залалды  өтеуі  ерікті  түрде  немесе  Қазақстан 

Республикасының  заңнамасына  сəйкес  сот  шешімі  бойынша  жүргізіледі.  Зиян 

жəбірленушінің  еңбекке  қабілеттілігінен  айырылу  дəрежесі,  оның  емделуіне 

жəне  денсаулығын  қалпына  келтіруге  жұмсалған  шығындар,  аурудың  күтіміне 

байланысты  шығындар,  өзге  де  шығыстар  мен  жоғалтулар  ескеріле  отырып, 

толық көлемде өтелуге тиіс. 



370 

 

      Қазақстан  Республикасының  экологиялық  заңнамасын  бұзу  салдарынан 



қоршаған ортаға келтірілген залалды өтеу ерікті түрде немесе жүргізілу тəртібі 

Экологиялық  кодекске  сəйкес  айқындалатын  залалды  экономикалық  бағалау 

негізінде сот шешімі бойынша жүргізіледі. 

      Қызметі  қоршаған  ортаға  жоғары  қауіптілікпен  байланысты  жеке  жəне 

заңды  тұлғалар,  егер  зиянның  еңсерілмейтін  күш  немесе  жəбірленушінің  теріс 

пиғылы салдарынан туындағанын дəлелдей алмаса, жоғары қауіп көзі келтірген 

зиянды өтеуге міндетті. 

      Қазақстан  Республикасының  экологиялық  заңнамасын  бұзудан  келтірілген 

зиянды өтеу тəртібі: 

       Қоршаған  ортаға  зиян  келтірген  тұлға  келтірілген  залалды  ерікті  түрде 

жоюға  не  өзгеше  тəсілмен  оның  орнын  толтыруға  құқылы.  Тұлғаның  залалды 

жою не оның орнын толтыру туралы міндеттемесі кепілхатта жазылуға тиіс. 

      Зиянды  өтеу  қоршаған  ортаға  зиян  келтірген  тұлғаның  өз  қаражаты немесе 

сақтандыру төлемдері есебінен құндық нысанда жүзеге асырылуы мүмкін. 

      Зиянды өтеудің құндық нысандарына қоршаған ортаның зиян келтірілгенге 

дейінгі жай-күйін қалпына келтіруге, табиғи ресурстарды молықтыру жөніндегі 

іс-шараларды  орындауға,  талапкерге,  алынбай  қалған  пайданы  қоса  алғанда, 

өзге шығындарды өтеуге арналған ақшалай қаражат жатады. 

      Тараптардың  келісімімен  сот  шешімі  бойынша  зиян  жауапкерге  қоршаған 

ортаны қалпына келтіру жөніндегі міндеттерді жүктеу жолымен заттай нысанда 

өтелуі мүмкін. 

       Зиянды  өтеудің  заттай  нысандарына  қоршаған  ортаның  зиян  келтірілгенге 

дейінгі  жай-күйін  қалпына  келтіру,  жойылған  не  бүлінген  табиғи  ресурстың 

орнына  оған  құны  тең  ресурс  беру  жөніндегі  шаралар  жатады.  Зиянды  заттай 

нысанда  өтеу  келтірілген  зиянды  өтеудің  тəртібін,  талаптарын,  мерзімдері  мен 

көлемін  регламенттейтін  шарт  жəне  (немесе)  келісім  жасасу  жолымен 

жүргізіледі. 

      Зиянды  өтеудің  өндіріліп  алынатын  сомасы  мемлекеттік  бюджетке,  ал 

Қазақстан 

Республикасының 

заңнамасында 

белгіленген 

жағдайларда 

жəбірленуші тұлғаға аударылады. 

      Зиянды  өтеу  қоршаған  ортаға  зиян  келтірген  тұлғаны  əкімшілік  жəне 

қылмыстық жауапкершіліктен босатпайды. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет