ҚҰҚЫҚ негіздері


 Жер пайдалану құқығының субъектiлерi



Pdf көрінісі
бет297/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   293   294   295   296   297   298   299   300   ...   389
Байланысты:
treatise19737 (1) (1)

14.6.2 Жер пайдалану құқығының субъектiлерi  

жəне олардың түрлерi 

Жер пайдалану құқығының субъектiлерi бiрнеше топқа бөлiнедi: 

1) жеке жəне заңды тұлғалар;  

2)  ұлттық  жəне  шетелдiк  тұлғалар.  Ұлттық  жер  пайдаланушыларға  мыналар 

жатады:  Қазақстан  Республикасының  азаматтары,  Қазақстан  Республикасының 

заңды  тұлғалары,  шетелдiк  қатысуы  бар  Қазақстан  Республикасының  заңды 

тұлғалары;  ал,  ендi  шетелдiк  жер  пайдаланушыларға  келесi  тұлғалар  жатады: 

Шетел  азаматтары,  азаматтығы  жоқ  адамдар,  шетелдiк  заңды  тұлғалар,  шетел 

мемлекеттерi,  халықаралық ұйымдар мен бiрлестiктер. 

3.  мемлекеттiк  жəне  мемлекеттiк  емес  тұлғалар.  Мемлекеттiк  жер 

пайдаланушыларға:  мемлекеттiк  заңды  тұлғалар  жатады.  Мемлекеттiк  жер 

пайдаланушылардың құқықтық жағдайының ерекшелiктерi: 

–  мемлекеттiк  жер  пайдаланушылар  жер  учаскелерiнде  шаруашылық 

жүргiзудi жүзеге асырады. Сондай-ақ учаскелердiң нысаналы мақсаты мен жер 

пайдаланушы  тұлғалардың  жоғарыдағы  мақсатын  ескере  отырып,  жер 

пайдаланудың басқа да құқықтарын iске асырады. 

– мемлекеттiк жер пайдаланушылардың өзiне тиесiлi жер пайдалану құқығын 

иелiгiнен шығаруға, сондай-ақ кепiлге беруге құқығы жоқ. 

– кейiнгi жер пайдалану туралы шарт жалдау шарты немесе уақытша өтеусiз 

пайдалану туралы шарт нысанында жасалады. 




402 

 

–  кейiнгi  жер  пайдаланушы  жер  учаскесiнде  шарттық  жүр-гiзудi  жүзеге 



асырады,  сондай-ақ  кейiнгi  жер  пайдалану  туралы  шарттар  белгiленген 

шарттарды  сақтай  отырып  жер  пайдаланушының  басқа  да  құқықтар  мен 

мiндеттердi  жүзеге  асырады.  Мемлекеттiк  емес  тұлғаларға:  азаматтар, 

мемлекеттiк емес заңды тұлғалар, кəсiпкерлер жатады. 

4) тұрақты жəне уақытша жер пайдаланушылар; 

5)  бастапқы  жəне  кейiнгi  жер  пайдаланушылар.  Бастапқы  жер 

пайдаланушыларға:  жердi  тiкелей  мемлекеттен  немесе  басқа  бастапқы  жер 

пайдаланушыдан  тəртiбi  арқылы  алған  тұлғалар  болып  табылады.  Кейiнгi  жер 

пайдалануда  бастапқы  жер  пайдаланушы  өзiнiң  билiктiк  мəртебесiн  сақтап 

отырады.  Ал,  кейiнгi  жер  пайдаланушылардың  құқықтары  бастапқы  жер 

пайдаланушылармен шектелiп отыруы мүмкiн. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   293   294   295   296   297   298   299   300   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет